Тақырыбы: «Жол және бала».
Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережелерін түсіндіріп таныстыру, алған білімдерін тиянақтау. Жол белгілерін айыра білуге дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру.балаларды аңғарымпаздыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жол белгілер, бағдаршам, жедел жәрдем, өрт сөндіру, жеңіл машиналар, жол сақшысы, жол.
Әдәс- тәсілдері: Түсіндіру, таныстыру, сұрақ-жауап, ойын, қорытынды.
Билингвальды компонент: Бағдаршам- светафор, красный-қызыл, сары- желтый, жасыл-зеленый.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Көшеде арлы – берлі жүріп келе жатқан машиналар. Жол жиегінде Ишан мен Ерасыл келе жатыр. Олар жолдың ортасынан үйлеріне тез жету үшін жол тәртібін сақтамай кесіп өтпекші болады. Ишан: -Жоқ арнайы жаяу жүргіншілерге арналған ақ, қарамен сызылған жол бар, сол жерден өту керек. |
Балалар бағдаршамның жанына келеді. |
|
Іздену -ұйымдастырушылық |
Бағдаршам балаларға өзі туралы түсінік береді, өзінің қандай қызмет атқаратынын айтады. Бағдаршам: Жасыл көзін ашқанда, Бір қадам да баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Қызыл көзін ашқанда, Өте бергін жасқанба. Жол дың бойында доп ойнап жүрген бала кездеседі. Инспектор, балалардың жол ережесін, жол белгілерін танымайтынын байқап қалғандығын айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. -Балалар машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт. Егер жолдан өтуге үлгермесең орталық сызықта немесе қауіпсіздік аялдамасында тоқта да, бағдаршамның қызыл түсінің жануын күт. Төмендегі жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамның сол кезде жасыл түс жанады, сол кезде жүр. Жолдан өтерде солға қара, ал жолақтан кейін оңға қара. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме. Ал, енді балалар мына тақтадағы суреттерге назар аударайық. Инспектор тақтадағы жол белілерін әрқайсысына ерекше тоқталып түсіндіреді. Ортаға жол белгілерін ұстаған бала шығады. Шаяхмет Айзере: Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты, Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге. Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан-жаққа. Сакен: Жол үстінде ақ-қарамен сызылған жолақтар, Жаяуларға өтіңдер деп белгі берді. Жаяу жүргінші жолы мен боламын. Ишан: Бір ғажабы бұл жерде, Бір нәрсені ел күтеді. Отырады біреуі, Тік тұрады біреуі. Неғылған жер бұл өзі, Айтыңдар кім біледі? Аялдамадан автобусқа мінеді. Бағдаршамның сұрақтары: -Балалар қай жолмен жүру керек? -Жиек жол болмағанда ше? -Жолдың қай жағымен жүру керек? -Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз? Енді, балалар мен сендермен ойын ойнағып келіп тұр. Сендер ше?
Шарты: Ортаға мен көптеген жол белгілерін теріс қаратып таратып тастаймын. Сендер өздерің біреуін таңдап аласыңдар жэәне сол алған белгілерің нені білдіретіндігін айтып бересіңдер.
Шарты: Балалардың барлығына жеткілікті бағдаршам бейнесі. Онда бағдаршам көздері жоқ. Балалар қақпақты бұрап жабу арқылы және бағдаршам түстерін ретімен, дұрыс орналастыру жабуы керек. |
-Балалар бағдаршамның түсіндірмесін мұқият тыңдайды. Қай түс қандай мағына беретіндігін біледі. Балалар инспекторды тыңдайды. -Жиек жолмен жүреміз. -Жер асты жолмен. -Оң қол жақпен жүреміз. -Аялдамадан отырамыз. -Ойнаймыз. Балалар ойынның шартымен танысып алып, қызығушылықпен ойнайды. Ойынды қызығушылықпен, дұры ойнайды. |
|
Рефлексивті- түзетушілік |
Инспектор балалардан сұрақ қою арқылы өтілген оқу қызметін қорытындылайды. Барлығы хормен: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес, Жол жүру ережесін білмей тұрып. Қай көше, қай қалаға барсаңызда, Қай ақыл өлшеміне салсаңызда. Жол жүру ережесі заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға. |
Балалар инспектор қойған сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Жолда жүру ережелерін.
Нені игереді: машина жолмен жүруге болмайтындығын, жол тәртібін сақтау керектігін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бағдаршам жол тәртәбән реттеуші, сақтаушы екендігін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз