Материалдар / Тақырыбы: Көліктер. Жүк машинасы.

Тақырыбы: Көліктер. Жүк машинасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиші: Сүленова Ақтолқын Білім беру саласы: Қатынас. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту. Тақырыбы: Көліктер. Жүк машинасы. Мақсаты: Көліктер туралы түсінік беру
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбиші: Сүленова Ақтолқын

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Көліктер. Жүк машинасы.

Мақсаты: Көліктер туралы түсінік беру.

Білімділігі: Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде,

әуеде, суда) атқаратын қызметіне сай салыстыра білуге, сөйлем

құрастырып, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге, жұмбақ

шешуге үйрету.

Дамытушылығы: Ұжымда бірігіп жұмыс жасай білу іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Түрлі көлік түрлері бейнеленген суреттер, ойыншықтар, слайд, геометриялық пішіндер.

Ойыншықтар: машина, ұшақ, кеме, поезд.

Үлестірмелі материалдар.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу, жұмбақ, дидактикалық ойындар.

Пән аралық байланыс: айналамен таныстыру, құрастыру, математика.

Оқу іс – әрекетінің барысы:

Жылулық шеңбері:

Біз көңілді баламыз,

Шаттық әнге саламыз.

Би билейміз дөңгелеп,

Біз өнерлі баламыз.

Іздену ұйымдастырушы.

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінде неше ай бар?

  • Қыс мезгілінің басқа мезгілден ерекшелігі қандай?

  • Далада не жатыр?

Үйден салған сурет бойынша әңгімелету.

Жұмбақ шешу.

  1. Тізбектелген көк үйлер,

Көшіп жүрген көп үйлер. (пойыз)

  1. Кейпін алып кеменің,

Инелікке теңедім.

Қанаттарын қаққан жоқ,

Жүрген жері аспан, көк. (ұшақ)

  1. Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз. (зымыран)

  1. Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды. (автобус)

Балалар сіздер жұмбақтың жауабы ұшақ, автобус, пойыз, зымыран екенін шештіңіздер.

  • Бұлардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз? (көліктер)

  • Тағы қандай көлік түрлерін білесіңдер?

  • Көліктер не үшін керек?

  • Балалар жалпы көліктерді неше топқа бөледі екенбіз?

З топқа:

  • Жерде жүретін көліктер.

  • Суда жүретін көліктер.

  • Әуе көліктері.

Көліктер туралы кім тақпақ біледі? Қане еске түсірейік.

  1. Жол көліктің жүрегі,

Машина көп жүреді.

Қауіп жоқ деп ойлама,

Жолда футбол ойнама.

  1. Үлкенмін ғой, міне мен,

Ойыншықтарды жинаймын.

Машинаға мінер ем,

Кабинаға сыймаймын.

  • Балалар, осы жол көліктерін реттеп тұратын не болу керек? (бағдаршам)

  • Бағдаршамның неше көзі бар?

З көзі бар:

  • Қызыл

  • Сары

  • Көк

Сергіту. Ал балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Балалар біз осы көліктер ішінен бүгін жүк көлігімен танысамыз.

Мынау - жүк машинасы. (Ойыншық машинаны қарап көру). Бұл машина ауыр заттарды тасиды, сондықтан оны жүк машинасы дейді. Оның төрт дөңгелегі бар. (Санау). Жүргізуші отыратын кабинасы бар. Жүк артатын қорабы бар. Мынау жүргізушінің отыратын жері. Ол машинаны рөлдің көмегімен жүргізеді.


«Көлікті құрастыр» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: жүк көліктерінің құрылысын білуді, көлік бөлшектерінің арақашықтығын бақылауды үйрету.

  • Балалар біздің құрастырған көлігіміз қандай пішіндерден тұрады?

  • Неше бөліктен құралған?

Қорытынды.

  • Қандай көлік түрлерін көрдіңдер?

  • Су көліктерін атаңдаршы.

  • Әуе көліктерін кім атайды?

  • Бағдаршам неге керек?

  • Бүгін көліктердің ішінен қандай көлік түрімен таныстық?

  • Жүк көлігімен не тасуға болады?

  • Жүк көлігін жүргізетін адамды кім дейміз?

«Не қайда жүреді?» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: Көлемді бейнелі сурет арқылы көліктердің жүру жолдарын тауып, көліктерді орналастыру.

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетімізде қандай көңіл – күйде болғандарыңды алдарыңдағы смайлик арқылы көрсетіңдер.

Күтілетін нәтиже:

Нені үйренеді: машина түрлерінің айырмашылықтарын айтады. Өз ойларын тиянақтап, пікірін еркін айтып үйренеді.

Қандай түсініктерді игерді: бір – біріне көмек беруді, бірігіп жұмыс жасауды түсіне біледі.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жұмбақ шешіп, тақпақ айтады, сұраққа жауап беріп, көліктерді топтастырады және құрастырады.

ЖИ арқылы жасау
21 Желтоқсан 2017
3289
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі