Материалдар / Тақырыбы: «Логопедиялық массаж»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Логопедиялық массаж»

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопедиялық массаж-қан түтікшелеріне, тіндердің перифериялық тілдік аппаратына, нервке, бұлшықеттердің жағдайына белсенді механикалық ықпал жасайтын тәсіл. Логопедиялық массаж сөйлеу мәнерін, функциясын түзетуге бағытталған психологиялық-педагогикалық жұмыстың бір бөлігі. Массаж логопедиялық ықпал етудің қажетті шарты болып саналады. Артикуляторлық өзгерістерді жеңуде, түзетуде логопедиялық массаж белсенді және белсенді емес артикуляциялық гимнастикамен өткізіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2021
5107
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Логопедиялық массаж»

Жалпы, массаж ұғымы (француз massage, араб mass – жанасу, сипалау) – арнайы қимылдармен адам денесіне белгілі жүйемен механикалық әсер ету. Массаж нәтижесінде тері қабаты мен одан терең жатқан тіндердің қан тамырлары кеңейіп, ондағы қан және лимфа айналымы жақсарады және сол аймаққа қан арқылы жеткізілетін қажетті заттардың көлемі артады. Массаждың әсерінен тері қабатының серпімділігі, бұлшық еттердің қызметі жақсарады.

Логопедиялық массаж-қан түтікшелеріне, тіндердің перифериялық тілдік аппаратына, нервке, бұлшықеттердің жағдайына белсенді механикалық ықпал жасайтын тәсіл.

Логопедиялық массаж сөйлеу мәнерін, функциясын түзетуге бағытталған психологиялық-педагогикалық жұмыстың бір бөлігі. Массаж логопедиялық ықпал етудің қажетті шарты болып саналады.

Артикуляторлық өзгерістерді жеңуде, түзетуде логопедиялық массаж белсенді және белсенді емес артикуляциялық гимнастикамен өткізіледі.

Логопедиялық массажды сөйлеу қабілетінің даму жолдары мен себептерін білетін, арнайы дайындықтан өткен, анотомия немесе бұлшықеттер физиологиясын жақсы меңгерген дефектолог немесе мед.қызметкер, яғни логопед жасай алады. Баланың ата-аналары арнайы білімі бар логопедпен массаж элементтерімен таныса алады.

Массаждың физиологиялық ықпалы.

Дененің басқа мүшелеріне қарағанда адам беті қан және нерв нүктелеріне бай мүше болып саналады. Бет бұлшықеттері арқылы адамның эмоционалдық жағдайының өзгерістері байқалады. Бет бұлшықеттері арқылы адамның көңіл-күйі мен жағдайын байқаймыз.

Массаж адам ағзасына жақсы физиологиялық ықпалын тигізеді. Тері нерв жүйесімен тығыз байланыста болғандықтан, массаж тек қана тері қабаттары мен түтікшелеріне әсер етіп қоймай, орталық нерв жүйесінің жағдайына да өз ықпалын тигізеді. Осының салдарынан орталық нерв жүйесінің жалпы жағдайы өзгереді: жалпы нервтің қозуы өзгереді, өлген рефлекстер тіріледі. Массаж терінің секторлық қызметін жақсартады, қан айналымы және зат алмасу процестерін белсенді етеді. Массаждың тері копилярларының жағдайына тигізетін әсері көп, массаждың әсерінен копилярлар кеңейіп, қан мен тіндер арасындағы газ алмасу процесі ұлғаяды. Ритмикалық массаж қимылдары қанның артериялардағы қозғалысын жеңілдетеді, сонымен бірге бүкіл лимфалық жүйе мен лимфалық түтікшелердің қызметін жақсартады.

Массаждың әсерінен түгелдей бұлшықеттер жүйесінің жағдайы өзгереді. Демек, логопедиялық массаж сөйлеу процесінде басты рөл ойнайтын нерв және бұлшықет жүйесіне, жалпы адам ағзасына өте жақсы ықпалын тигізеді.

Логопедиялық массаж негізінен бас, мойын және иық бұлшықеттеріне жасалады. Массаж кезінде көп көңіл әсіресе бет, ерін және тіл

бұлшықеттеріне бөлінеді, өйткені олар перифериялық сөйлеу құралымен тығыз байланысты. Логопедиялық массажға қоса дәрігермен жасалған медициналық сараптама болу керек. Медициналық қорытынды да неврологиялық белгілер және бұлшықеттер иннервациясы болуы тиіс. Ереже бойынша логопедиялық массаж тек дәрігердің кеңесімен жасалуы керек. Бақылаудан кейін дәрігер сылап-сипау қимылдарының бірқатарын құрастырып, олардың ретімен көлемін анықтайды.

Логопедиялық массаж белгілі уақыт кезеңдерімен жасалады, аптасына 2-3 рет. Бұл кезең 2 аптадан 2 айға дейін созылуы мүмкін. Сылап-сипау кезең басында 5-7 мин. созылады, ал аяғында 20-25 мин созылады. Массаж кезінде науқастың еш жері ауырмауы тиіс. Тек қана балаларда ыңғайсыздық болуы мүмкін.

Логопедиялық массаж қимылдары:

- Сипалау

- Сылау

- Діріл, ұру

- Қысу

Сипалау массаж кезінде міндетті түрде жасалатын қимылдардың бірі, оны басқа қимылдармен кезектестіріп, массажды сонымен аяқтайды. Сипау кезінде үстіңгі қабаттағы түтікшелерде қанайналым күшейеді, бұлшықет тонусы төмендейді, тыныс алу бірқалыпқа түседі. Логопедиялық массажда сипаудың үш түрі қолданылады: үстіңгі жақты сипау, терең сипау, тырмалап сипау.

Сылау бұлшықеттердің кейбір бөліктерінде ғана жасалады. Сылау қанайналымның күшеюіне, зат алмасу процестерінің және бұлшықеттің жақсаруына септігін тигізеді.

Діріл немесе ұру сияқты қимылдар жүйке клеткалары орналасқан нүктелерде жасалады. (маңдай, жақ, бет сүйектері)

Қысу - қанайналым, лимфа айналым, зат алмасу процестерін жақсартады.

Массаждың өзінен басқа жақсы ықпал етуші ретінде емделу кезінде басқа да оңалту тәсілдері қолданылуы тиіс. Мысалы: логопедиялық ойындар, логопедиялық жаттығулар, тыныс алу жаттығулары және артикуляциялық гимнастика.

Қазіргі заманғы логопедиялық тәжірбиеде массаждың бірнеше түрлері қолданылады.

- Дифференциялық, қатайтатын немесе әлсірететін массаж, классикалық массаж қимылдарына негізделген;

- Нүктелік массаж;

- Арнайы құралдармен жасалатын массаж: логопедиялық зонд, вибромассажер

Біз бүгінгі семинар-практикумда Е.А.Дьякованың нүктелі массажын, Е.Е.Шевцованың тұтықпа балаға жасалатын массаж, Новикованың зонды массаж түрлерін осы авторлардың әдістеріне сүйене отырып көрсетеміз.

Әр процедураны осы сипалау тәсілінен бастау керек. Бұл тәсіл басқа массаж түрлерімен кезектеседі және әрбір массажды кешен осы тәсілмен аяқталады. Сипалау кезінде беттегі қанайналым процесі күшейеді бұлшық ет тонусы күшейеді, тыныс алу бәсеңдейді, сонымен қатар терең және белсенді сипалау орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.

Артикуляциялық аппараттың бұлшық еттерін босаңсыту жалпы жалпы бұлшық етті соның ішінде мойын, кеуде, қол, иық бұлшық еттерін босаңсытудан басталады.

Содан кейін логопед бет бұлшық еттеріне арналған босаңсыту массажын жүргізеді. Қол қозғалыстары жеңіл, нәзік, тегіс, музыкалық ырғағымен сәйкес болуы керек.

Жеңіл сипалау – жеңіл сипалау тәсіл. Логопедтің алақандар жұмсақ бұлшық еттері бос болуы керек. Бұл тәсіл артикуляция бұлшық еттерінің тонусын төмендету үшін қолданылады.

Терең сипалау – массаждың күрделірек тәсілі. Терең орналасқан бұлшық еттер мен буындардың рецепторларына әсер ету үшін қолданылады.

Бұлшық етті терең уқалау – массаж жасайтын аумаққа едәуір күш қолдану арқылы жасалады. Бұл қанайналым, зат алмасу процесін күшейтеді және тонусты жоғарылатады.

Тербеліс және діріл арқылы массаж жасау – түрлі әсер етеді. Әлсіз тербеліс бұлшық ет тонусын жоғарылатады. Ал, күшті немесе «стакатто» бұлшық еттің жоғарғы тонусын және жүйке жүйесінің қозуын төмендетеді.

Қатты басу, уқалау – қанайналым, зат алмасу процестерін күшейтеді және моторлық рефлекстер мен бұлшық ет тонусын жоғарылатады.

Тұтықпа кезінде артикуляция және бет бұлшық еттерінің тонусы жоғары болады және әрбір массажды сипалау әдісімен аяқтау керек.

1,2 жаттығу – Жалпы қозғалыс-бет пен мойынды сипалау. Екі қолдың екінші, үшінші, төртінші саусақтарымен мұрыннан құлақтың қалқанына дейін сипалау.

3 жаттығу – бетті сипалау. Үшінші, төртінші саусақтың көмегімен ортаңғы иектен жоғары қарай және үстіңгі еріннен жоғары қарай массаждық сызықтармен құлақтың қалқанына дейін сипалау.

4 жаттығу – өтпелі. Екінші, үшінші, төртінші саусақпен төменнен яғни иектеп бастап, ерін мен мұрынның жанынан жоғары қарай массаждық сызықтармен маңдайдан самайға дейін сипалау.

5 жаттығу – толқын тәрізді сипалау. Екінші, үшінші саусақпен көздің айналасын астыңғы бөлігі мен доғары қасты толқын тәрізді сипалау. Самайларға дейін теріні жай қозғалыспен аяқтау.

6 жаттығу –көз айналасын шеңбер бойымен сипалау. Екі қолдың төртінші саусақтарымен бірдей көздің астыңғы бұрышынан самайға дейін сипалау. Асықпай көздің жоғарғы бұрышынан самайға дейін сипалау, көздің алмасын басып алмау керек.

7 жаттығу – маңдайды сипалау. Екі қолдың екінші, үшінші, төртінші саусақтарымен маңдайды төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай самайға дейін сипалау.

8 жаттығу – өтпелі. Екі қолдың екінші, үшінші, төртінші саусақтарымен массаждық сызықтармен бетті бірдей сипалау.

9 жаттығу – сипалау. Жақтың аумағын қолдың сырт жағымен кезек-кезек, үздік-үздік соққылау. Екі қолдың тез-тез қозғалысын күшейтіп, массаждық сызықтар бойымен құлақ қалқанына дейін сипалау.

10 жаттығу – «СТАКАТТО». Екі қолдың саусақ жастықшаларымен бірдей бетті массаждық сызықтар бойымен құлақтың қалқанына дейін дірілдете тербеліс жасау.

11 жаттығу –тығыз қысу. Екі қолды салмақ салу арқылы бірдей қозғалысты төменнен жоғары қарай көтеру арқылы орындайды. Бұл қозғалыс иектен маңдайға дейін орындалады.

12 жаттығу – арнайы жаттығу. Тұтығуды болдырмауды ұсынылатын әдіс, еріннің айналасындағы бұлшық еттерін, еріннің сіңірі тартылуын болдырмау мақсатында еріннің айналасын сипалау. Ерін айналасы жоғары, төменгі бөлігі кезек-кезек уқаланады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!