Тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет» (Тәрбие сағаты 3-сынып)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет» (Тәрбие сағаты 3-сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түіндіру; - өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; - мейірбандылыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орындаған: Рахметова Гульнар Каирканқызы.

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы

2 Аманқарағай орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет»

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түіндіру;

- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

- мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, жүрекшенің үлгісі.


Шаттық шеңбері: Мұғалім балаларга шеңбер құрып тұруды ұсынады:

Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар.

Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)

Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)

Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды)

Қарады саған да

Шуақпен төгіп нұр.

Мұғалім оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады:

Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі.


Тыныштық сәті (Үнтаспадан арнайы әуен естіледі) Балаларға мейірімділік сезімін сезіндіру мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады.


Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу «Сары тауық пен балапандар»

Мейірімділік қасиеттің мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады. Оқулықтағы мәтінді оқушы әңгімелейді.

Оқушылардың мейірімділік туралы пікірлері әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауаптары арқылы тыңдалады.

Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

«Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.


Дәйексөз

Әңгіме мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөзбен түйінделеді.

Мұғалім тақтаға «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді. Ана - халық үғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.

Ойын:

Балаларды мейірімді болуға дағдыландыру үшін «Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастырылады. Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы, Сен мейірімдісің!; Сен кішіпейілсің!; Сен әдемісің!; Сен қайырымдысың!; Сен ізеттісің!


Үй тапсырмасы

Бірінші тапсырма: Дәптерде берілген жүрекшенің ішіндегі бос жолдарға «Мен мейірімді баламын. Өйткені...» тақырыбында өздері жасаған ізгілік істері туралы шағын әңгіме құрастырып жазады.

Екінші тапсырма: Әңгімені оқып, мәтін мазмұнында берілген адами асыл қасиеттерді өз бойларыңа сіңіре біліндер.


Жүректен-жүрекке

Сабақ соңында балалар адамдарға, айналасына мейірімді екендіктерін жылы сөздері арқылы білдіреді. Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін кезегімен мынадай сөздермен айтып жеткізеді:

- Күлімдеген күн мейірімді!

- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

- Таза мөлдір су мейірімді!

- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

- Аяулы анам мейірімді!

- Қадірлі әкем мейірімді!

- Әлпештеген әжем мейірімді!

- Еркелеткен атам мейірімді!

- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

- Тату-тәтті достарым мейірімді! және т.б.






































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.06.2018
1756
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі