2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Тақырыбы: Менің отбасым.
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Тақырыбы: Менің отбасым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Менің отбасым.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: Менің отбасым.


Мақсаты: Тақырып бойынша ойын жағдаяттарында тыңдау және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту. Балаларға бір-бірімен тату болуды, мейрімді болуды түсіндіру

Міндеттері: Тәрбиенің адамгершілік негізі ретінде отбасына деген құндылық, салт-дәстүрді қадірлеу көзқарастарын қалыптастыру. Балалардың отбасы және жанұя ішілік қарым-қатынастар туралы білімдерін жүйелеу және тереңдету.


ҰІӘ барысы:

Мен сенің досыңмын, ал сен менің досымсың.

Қолды мықтап ұстайық

Ал енді бір-бірімізге күлейік.

Қызығушылықты ояту.

Балалар Отбасы деген үлкен гүл бар екенін білеміз. Маған сендер отбасы мүшелерін атаңдар, мен балалар атаған гүл жапырақшаларын қосып, отбасы гүлін жасаймыз: әкем, анам, әжем, атам, мен, үлкен әпке, аға, сіңлі, іні.

Тәрбиеші: Дұрыс, жарайсыңдар. Міне қандай керемет гүл шықты, біз бұл гүлді ортаға қоямыз.

Біз Отбасы» деген әдемі гүл жасадық,

Енді маған қолдарыңды көрсетіңдер, енді осы саусақтармен санамақ айтамыз.

Тосын сәт

Ой балалар, мына үстелдің үстінде хат жатыр , бұл хат демек сендерге жазылған.

Бұл хаттың кімнен келгенін екенін білгілерің келе ме?

Бұл мейрімділік елінен келіпті.

Хатты оқып көрейік.

Құрметті балалар! Біз мейрімділік елінен Ару мен Арман атты достарың сендерге хат жазып отырмыз. Біздің Маржан, Мұрат, Сауле деген достарымызға көмек керек.

Олар мейрімділік елінен алыстап кетті. Біз оларға көмек беріп оларды мейрімділік еліне қайтаруымыз керек. Сендер бізге көмектесесіңдер ме? Сендер мына сиқырлы текше арқылы тапсырмаларға жауап берсеңдер, біз оны достарымызға көрсетеміз.

Балалар көмектесеміз бе?

Міне көңілді текшелерді де топқа жіберген, осы текшемен бірге тапсырмалар орындайық.

АҚТ технологиясымен жұмыс.

1.«Көңілді текше» (коммуникация)

Текшеде : әке, ана, әже, ата, ұл, қыз бейнеленген. Бала текшені лақтырып , текшеде қандай сурет шығады сол сұраққа жауап береді:

- Әке не істеп жатыр? -Әкем жұмыстан келеді.

-Ана не істеп жатыр? -Ыдыс жуып жатыр.

-Әже не істеп жатыр? - отыр.

- Ата не істеп жатыр? - Теледидар көріп отыр.

-Ұл не істеп жатыр? - Сурет салады.

-Қыз не істеп жүр? – Анасына көмектесіп жүр

Осылардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз. Бір отбасы.

Осы суретке байланысты қандай тақпақ білеміз

Ж.Мұхамеджанов «Сыйлаймын»

Сыйлаймын

Ата менен ананың

Айтқан тілін аламын.

Үлкен кісі жұмсаса,

Қайда болсын барамын.

Төсекті өзім жинаймын,

Ешкімді де ұрмаймын.

Ешкім маған тимейді,

Мен де бәрін сыйлаймын.


2.«Көңілді текше» (коммуникация)

Балалар, қараңдаршы, бұл суреттерде не бейнеленген ?

Балалар: Бесік. Бесіктегі бала, ана.

Ой қозғау.

-Бесік деген не?

-Бесік неден жасалған?

-Бесікке жатқан бала бар ма?

-Баланы бесікке не үшін бөлейді?

-Бесікте жатқан балаға қандай жыр айтады?

- Бесік жырын не үшін айтады?

Бесік жырының басты қызметі - бесік тербелісіне ыңғайлап сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандырады.

-Осы бесік жырын айтып отырған ананың көңіл –күйі қандай деп ойлайсыңдар?

Анасы баласын жақсы көргенін қандай сөздермен білдіреді?

- Анасы баласының кім болуын қалайды?

Ана тілегі: Ғалым, Батыр, Жігіт, Балуан, Шешен, Ұста.

Ендеше бәріміз «Бесік жырын» айтып көрейік.

Әлди, әлди бөпем- ай,

Әлди әнге салам- ай

Әлди әнге мен салсам,

Бөпем ұйықтап қалама.

Тағы қандай қандай салт – дәстүрлерді білесіндер?

Бала бесіктен өсіп шыққан соң жүргенде тұсау кеседі.

Жарайсыңдар!

Мінеки,сондай жомарт менің халқым.

Ешқашан жоғалтпаған ата салтын.


Келесі көңілді текше не диді екен?

3.«Көңілді текше»(әлеуметтік даму, коммуникация)

Дид ойын. «Жақсы деген немене, жаман деген немене»

Шарты: сурет арқылы өз ойын жеткізе білу.

1-суретте Балалар не істеп жүр?

Бала әжейге қалай көмектесіп жатыр?Неліктен?

Баланы қалай бағалаймыз?

2-суретте балалар қайдан келе жатыр?

Әжейге не болды?

3-суретте ата мен бала туралы ойыңды айт.



Сергіту сәті: Музыкамен


4.«Көңілді текше»

Дид ойын: «Суреттер сөйлейді»

Шарты: Құстарға қамқорлық туралы өз ойын айту.

Балалар нені көрді?

Балалапан ұядан қалай түсіп кетті деп ойлайсың?

Балалар балапанға қандай қамқорлық жасап жатыр?



Миға шабул:
Дид ойын: «Не істеуге болмайды?»

1.Үлкендердің алдынан.....(кесіп өтуге болмайды)

2.Кішкентай баланы.....(жылатуға)

3.Құстарды........(атуға болмайды)

4.Қыз баланы.......( ренжітуге болмайды)

5.. Досыңды....... (ренжітуге болмайды)


Дид ойын: «Не істеукерек?»

1.Үлкен кісіні.......(сыйлау керек)

2.Үлкеннің тілін....(алу керек)

3.Үлкендерге.....(сәлем беру керек)

4.Кішілерді....(қамқор болу керек)

5.Ата-ананың айтқанын.....(тілін алу,тындау керек)

6.Көлікте өзіңнен үлкен адамға... (орын беру.)

8. Абайсызда көршіңді немесе досыңды ренжітіп алсаң........(кешірім сұрау керек)

Сендер барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар

Осы тапсырмаларды телефонға түсіріп, мейрімділк еліндегі достарымызға жіберейік.

Балалар достарымыз бізге көп тапсырмалар беріп, бізге көп нәрселер үйретті.

Енді бізАрман мен Аруға қазақы бұрышымыздан естелік ретінде сыйлық жасап берейік

Мен сендерді шығармашылық бұрышқа шақырамын.

Өнімділік қызмет

2-топқа бөлініп сыйлық жасаймыз

Дид ойын: «Сыйлық»

1-топ. Камзолға ою жапсыру

2-топ. Етікке ою жапсыру.

Сұрақ-жауап.

Камзолды, етікті немен әсемдедік

Түстері қандай?

Сыйлықтарды себетке салып беріп жіберу.

АҚТ технологиясы

Аудио дыбыс

Рақмет достар, сендер бізге көмектестіңдер, біз енді достарымызға көмектесеміз.

Мына сыйлықтарың өте керемет екен. Біз бұл сыйлықты өз тобымызға іліп қоямыз.(теледидардан көрсету)

Қортынды

Бізге хат қайдан келді?

Кімге көмектестік?

Отбасы дегеніміз не?

Онда кімдер тұрады?

Қандай салт-дәстүрлерді білеміз?

Гүлді алып тұрып тақпақ айту.


Жанұя

Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым мынылар:
Ең жақын адамдар-
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін,еремін!

Балаларды мадақтау.





27 Ақпан 2025
40
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі