Материалдар / Тақырыбы: Монотипия технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Монотипия технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеудегі мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойы мен қиялын дамытудағы, шығармашылық белсенділігін аттырудағы дәстүрлі емес тәсілдердің маңызын ашу.Балалар мен педагогтарды дәстүрлі емес бояудың сан алуандылығымен таныстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2018
8340
33 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Монотипия технологиясы


  «Балалық шақ адам өміріндегі маңызды кезеңі, келешек өмірге дайындық емес, нақты, жарқыраған, ерекше, қайталанбайтын өмір.Балалық шағының өтілуінен , баланың балалық шағында қолынан жетелеген адамынан, қоршаған ортадан оның ойы мен жүрегіне не ұялатқаннан - бүгінгі бөбектеріміз қандай адам болатынын көруге болады». (В. А. Сухомлинский)


Мақсаты: Бейнелеудегі мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойы мен қиялын дамытудағы, шығармашылық белсенділігін аттырудағы дәстүрлі емес тәсілдердің маңызын ашу.Балалар мен педагогтарды дәстүрлі емес бояудың сан алуандылығымен таныстыру.

Даярлық кезең:

  1.Әр түрлі әдісте орындалған балалар суреттерінің көрмесін дайындау.

2.Дәстүрлі емес әдісте қолданылатын материалдарды көрсету .

3. Дәйексөздер. «Монотопия» сөзі грекше «бір ғана таңба» дегенді білдіреді. Монотопия - сурет салу техникасының бір түрі.

Монотипия- «Monos» — бір «typos» — басылым деген ұғымды білдіреді. Монотипияны бірінші ойлап тапқан итальяндық суретші -Джованни Кастильоне. 
Монотипияның техникасымен әр түрлі бояулардын және жіптің көмегімен әдемі суреттер жасауға болады. Психологияда және педагогикада монотипияны мектепке дейінгі балаларға елестету, дамыту үшін қолданады. 

Monotype әдістемесі. 17 ғасырдан бері белгілі, бірақ тарату болды 19 ғасырдың соңында бастап NBSP ғана. Итальян: ең танымал шеберлері арасында Джованни Бенедетто Castiglione (1616-1670), ағылшындық Уильям Блейк (1757-1828), француз Кафеде температура («Концерт арқылы Monotype аралас Эдгар газсыздан (1834-1917), елшісі

келбеті Ресей монотипы қайтадан атауы Элизабет Сергеевнаның Kruglikova байланысты ХХ ғасырдың басында бұл техника «Табылған» және өз мектебін құрды.

1. Монотипия әдісі

Керекті құрал - жабдықтар: Акварель бояуы немесе гуашь бояуы, қылқалам, ақ парақ, мақта таяқша (палочки с ватным тампоном).

Тәжірибелік жұмыс №1: “Гүл суретін салу”. Ақ парақты ортасынан бүктеп алады. Ақ парақтың бір жағына қызыл, сары, жасыл, көк акварель бояуларын қылқалам арқылы кезекпен тамызады. Оны мақта таяқша арқылы жайып жағады. Соңынан парақтың бүктеуін біріктіреді. Үстінен қолымен бастырып, алақанмен жүргізеді. Ақ парақты қайта ашқанда гүлдің суреті пайда болады.



Тәжірибелік жұмыс №2: “Көбелек суретін салу”. Ақ парақты ортасынан бүктеп алады. Ақ парақтың бір жағына қарындашпен көбелектің нобайына келтіріп суретін салып, қызыл, сары, жасыл, көк акварель бояуларын қылқалам арқылы тамызады. Оны мақта таяқша арқылы жайып жағады. Соңынан парақтың бүктеуін біріктіреді. Үстінен қолымен бастырып, алақанмен жүргізеді. Ақ парақты қайта ашқанда көбелектің суреті пайда болады. Мақта таяқшаны алып, бояуға малып алып көбелектің көздерін, мұртшаларын, қанаттарындағы өрнектерді, көзшелерді салып суретті аяқтайды.


 

 



Кіріспе сөз.

Шығармашылық  тұлғаны қалыптастыру –  қазіргі кезеңдегі педагогикалық теория мен тәжірибенің маңызды мәселелерінің бірі.Оны мектепке дейін дамыту тиімді. В.А. Сухомлинский айтқандай: «Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан, шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды.Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады».  Педагогтардың пайымдауы бойынша-барлық балалар дарынды.Сондықтан дарынын уақытында байқап, сезіп, тәжірибесінде, нақты өмірінде қолдануға мүмкіндік туғызу қажет. Ересектердің көмегімен көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, бала жаңа туындылар жасайды (сурет, жапсыру) .Қайталанбайтын туындыларды ойластыру барысында ол әрқашан заттың жасалу тәсілдерімен тәжірибе жасайды. Мектепке дейінгі жастағы бала өзінің эстетикалық дамуында қарапайым көрнекі-сезімдік әсерінен түпнұсқалық кейіптің жасалуына бейнелеу-мәнерлеу әдістері арқылы өтеді.Сондықтан оның шығармашылығының негізін қалау керек. Неғұрлым бала жақсы  көрсе, естісе,күйінсе, соғұрлым қиялдау әрекеттері маңызды және нәтижелі болады.

Бірнеше жылдан бері мектепке дейінгі балалармен жұмыс барысында мен бейнелеу әрекеттерінің нәтижелеріне назар аудардым. Балалар келесі белгілер бойынша жақсы нәтижелер көрсетті:

Қорытындылай келе, балаларға өзіне деген сенімділік,елестеу,дербестік жетпейтінін байқадым.Осы мәселелердің шешімін табу үшін әдістемелік әдебиеттерді  тереңдете оқи бастадым.Өзім үшін келесі бейнелеу әрекетінің басқару критерийлерін айқын белгіледім, олар :балалардың шығармашылық даму ерекшеліктерін ескеру,олардың өзгешілігін байқау,әдепті түрде баланың дербестігі мен ықыласын қолдау,қажетті дағдыларды меңгеруіне әрекет жасау.  

Әсіресе балалардың ой-өрісін дамытуға, өзгеше ойлауға, шығармашылық белсенділігін арттыруға көмектесетін   дәстүрлі емес бейнелеу тәсілдері қызықтырды.Психолог Ғалия Зейнуловнаның айтуынша «Сурет бала үшін өнер емес, ол тіл. Сөзбен айтып жеткізе алмағанын, сурет арқылы жеткізуге мүмкіндігі бар.Бейнелеу барысында оңтайлының бәрі екінші орынға кетеді,тыйым мен шектеулер болмайды.Бұл уақытта бала мүлдем еркін.»   Дәстүрлі емес бейнелеудің жолдары өзгеше құралдар мен материалдардың байланысуын көрсетеді.Әрине,бұл техникалардың құндылығы  оның жан-жақты пайдалануында. Оның жасалу тәсілдері балаларға да, ересектерге де қызықты және қолайлы.

Сондықтан да дәстүрлі емес әдістер балалар үшін тартымды,өйткені өзінің қиялын, ықыласын, ойын толық білдіруге үлкен мүмкіндіктер береді.

Тәжірибемде бұл міндеттерді «Көңілді суретші» үйірмесінде жүзеге асырамын. Үйірме барысында балаларға сурет арқылы өз ойын, сезімін, уайымын, көңіл-күйін білдіруіне шектеу қойылмайды.Түрлі тәсілдерді қолдану арқылы  түрлі түсті дақтар мен сызықтардан танымал бейнені тауып, оны безендіруге мүмкіндік тудырады. Үйірме сабақтары « оқыту мен зерделеу» үлгісінде емес. Балалар бейнелеу әдістерін қоршаған ортаны  қызықты түрде игереді, сурет салу процессіне ерікті түрде қатыстырылады. Сабақтар суретшінің шығармашылық процессіне сай кезеңдерден өтетін алуан түрлі материалдар арқылы педагог пен балалардың жасампаз, шығармашылық жұмысына айналады. Бұл сабақтар қиял, шығармашылық , дербестік бұлағының рөлін атқарады.

Затты монотипия

Суреттеу құралдары:дақ, түс, симметрия.

Қажетті заттар: қатты қағаз, қылқалам, гуашь немесе акварель.

Бейненің жасалу тәсілі: бала қағазды екіге бүктеп, бір бөлігіне суреттің жартысын салады( симметриялық суреттер таңдалады). Сурет салынып болғасын бояуы кеппей тұрып қағазға таңбалану мақсатында қағаз екіге бүктеледі. Содан соң суретті безендіруге болады. Безендірген соң қағаз бүктеледі.

-Балалар бүгін мен сіздерге жапырақтар таңбаларын ақ қағаз бетіне түсіру жолдарын үйретемін. Таңба алу Монотипия деп аталады олбір басылымды сурет деген мағына білдіреді.

-Балалар жапырақтардың таңбасын жасау үшін ақ қағаз, гуашь, әртүрлі жапырақтар керек.

 

1.2 Монотипия әдісі

Керекті құрал - жабдықтар: Акварель бояуы немесе гуашь бояуы, қылқалам, ақ парақ, мақта таяқша (палочки с ватным тампоном).

Тәжірибелік жұмыс №1: “Гүл суретін салу”. Ақ парақты ортасынан бүктеп алады. Ақ парақтың бір жағына қызыл, сары, жасыл, көк акварель бояуларын қылқалам арқылы кезекпен тамызады. Оны мақта таяқша арқылы жайып жағады. Соңынан парақтың бүктеуін біріктіреді. Үстінен қолымен бастырып, алақанмен жүргізеді. Ақ парақты қайта ашқанда гүлдің суреті пайда болады. I.Сабақтын барысы: Монотипия- «Monos» — бір «typos» — басылым деген ұғымды білдіреді. Монотипияны бірінші ойлап тапқан итальяндық суретші -Джованни Кастильоне. 
Монотипияның техникасымен әр түрлі бояулардын және жіптің көмегімен әдемі суреттер жасауға болады. Психологияда және педагогикада монотипияны мектеп жасындағы балаларға елестету, дамыту үшін қолданады. 
Джованни Кастильоне 

Монотипияны орындауға керекті құралдар: 
1.Шыны 
2. Акварель бояуы, ыдыс 
3. Ақ қағаз 

Жұмыстын жүру барысы: 
1. Шыныға не болмаса пластикке акварель ,гуашьпен сурет саламыз 
2. үстіне ақ кағазды басамыз 
3. жұмысты өңдейміз 





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!