Тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы "Сарыарқа" толғауы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы "Сарыарқа" толғауы

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қазақ әдебиеті 7-сабақ


Бөлім:

2-бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Педагогтің аты-жөні :

Мамытбекова Ж.Б

Күні:

21.11.2023

Сынып: 8а

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» толғауы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану

Сабақтың мақсаты

Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ре

сурстар

Сабақтың басталуы

7 минут






















Сабақтың ортасы


5 минут
















7 минут













7 минут

















7 минут













7 минут





Сабақтың соңы


5 минут




Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың қатысуын түгендеу

Психологиялық көңіл күй тудыру

«Гүлмен тілек»

( сергіту және топқа біріктіру)

Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.

Ойтүрткі

Сарыарқа туралы не білесің дер? Географиядан алған білімдеріңді пайдаланыңдар. Сағыз, Жем өзендері Қазақстанның қай өңірінде?


Мұғалім сөзі:

«Сарыарқа» толғауының шығу тарихы бар. Бір жылы жұт болып, Мұрат ақын атан түйеге жүк артып, Маңғыстауда тұратын нағашыларына жол тартқан. Ауылы бөлек болған соң, ол жақтағылар бір жиында Мұратқа тойбастарды жасатқылары келмейді. Сонда Мұрат ақын өзін келімсек деп кеміткендерге ызаланып, «Сарыарқа» толғауын айтқан. Оның ақындығына риза болған ақсақалдар той бастатпай-ақ, ақынға бәйгесін беріпті. Бұл жағдай 1880 жылы болған, яғни, «Сарыарқа» толғауы айтылған уақыт осы.

Толғаудың «Сарыарқа» аталу себебі де белгілі: маңғыстаулықтар Атырау жағын Арқа деп атаған. Сол үшін толғау «Сарыарқа» деп аталған. Бұл өлеңде де халық тұрмысының дұрыс болмай тұрған жағдайы баяндалған, елдің көңіл күйін жеткізген. Бұл шығармада бір дәуірдегі халықтың тұтас тарихы бейнеленген.

«Сарыарқа» толғауын мәнерлеп оқу.

1-тапсырма

Миға шабуыл

1. Шығарма неге «Сарыарқа» деп аталған?

2. Жұрттың Сарыарқадан көшу себебі неде? (ЕБҚ оқушыға сұрақ)

3. Ақын неге қайғырады?

4. Ақын неліктен:

Бұл күнде елімді айтып зарығамын, Сағынып қайран жұртты шөлдегеннен, – дейді?

5. Ақын келер күннен қандай үміт күтеді? Оның үміті ақталды ма?

2-тапсырма

Берілген өлең жолдары арқылы ақынның көзқарасын түсіндір.

Дұшпан — тазы, біз — түлкі,

Қашсақ, ерікке қоймайды,

Інге кірсек, суырып,

Бір пәлеге жолықтық

Құлғанадай қадалған.

Бұл не деген ғаламат,

Қазынасы кең Құдайым,

Сақтағайсың саламат!

ЕБҚ оқушыға тапсырма

Берілген үзіндідегі жиенді-нағашылы деген туыстық атауды түсіндір.


Жиенді-нағашылы сүйектес жұрт,

Күн көрдік, көшіп-қонып кәсіппенен.

Сөз айтқан өздеріңе сын емес пе,

Ел едік Беріш, Адай бірге жүрген.

3-тапсырма

Автордың замана бейнесін берудегі шеберлігіне көзқарасыңды білдір. Өз ойыңды дәлелдеу үшін үзінділерді қолдан.

Әуелде құтты болса неге кетті,

Еңіреп Қазтуғанның көшкен қоныс.

Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,

Сарытау, Аштарханның жерінде алды. Артынан Еділден соң Нарынды алды, Тоғайдың ағаш, қамыс, талын да алды.

Ар жақтан Қайыбалды, Науша қашып, Тарлықтың сонан бері қабынғаны.

Тәмәмі су мен нуды орыс ұстап,

Қазақтың содан жұтап шалынғаны. Қуалап Исатайды өлтірген соң,

Заманның сонан бері тарылғаны


Қорытындылау

4-тапсырма. (оқулықтан)

«Жерсіз – ел жетім...» тақырыбында өз ойларыңды баяндаңдар. Өлеңнен дәлел тауып, мағынасын түсіндіріп беріңдер.

Үйге тапсырма: 3-тапсырма (оқулықтан)

Рефлексия

«ҚҚҚ» кестесі


Қызық болған

1 нәрсе

Қиын болған 1 нәрсе


Құнды болған

1 нәрсе






Сабақ соңында мұғалімнің қорытынды бағалауы

Психологиялық ахуал тудыру

Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлдерді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған кейіпкер аттары бойынша топқа біріктіріледі.



Сұрақтарға жауап береді. Сарыарқа туралы білетін ақпараттарын жинақтайды. Географиядан алған білімдерін пайдаланып, картаға сүйеніп, Сарырқа туралы баяндап береді. Сағыз, Жем өзендері Қазақстанның қай өңірінде екенін анықтайды.













Өлеңді мәнерлеп оқығаннан кейін өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды. Сұрақтарға жауап береді.








Берілген өлең жолдары арқылы ақынның көзқарасын түсіндіреді.




ЕБҚ оқушы берілген үзіндідегі жиенді-нағашылы деген туыстық атауды түсіндіреді.








Автордың замана бейнесін берудегі шеберлігіне көзқарасын білдіреді. Өз ойын дәлелдеу үшін үзінділерді орынды қолданады.









«Жерсіз – ел жетім...» тақырыбында өз ойларын баяндайды. Өлеңнен дәлел тауып, мағынасын түсіндіріп береді.

Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандыра

ды

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!



















Дескриптор

Білім алушы

-автор шеберлігіне қатысты өз көзқарасын білдіреді,

-ойын дәлелдеу үшін үзіндіні қолданады.







ЕБҚ оқушыға

Дескриптор

Білім алушы

-үзіндіні орынды қолданады,

-үзіндіде берілген туыстық атауды түсіндіреді.







Дескриптор

Білім алушы

-замана бейнесін берудегі автор шеберлігіне өз көзқарасын білдіреді,

-өз ойын дәлелдеу үшін үзінділерді қолданады.



Жетон арқылы бағалау








Оқулық

8-сынып

«Мектеп» баспасы

2018жыл
































Оқулық

8-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2025
133
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі