Тақырыбы «Оқу үдерісінде нәтижеге бағытталған SMART мақсат қоя білу»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы «Оқу үдерісінде нәтижеге бағытталған SMART мақсат қоя білу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер сабақтың мақсатын нақты, өлшенген, қолжетімді етіп қоюды үйренед, дұрыс қойылған мақсат арқылы оқушылардың білімді сапалы игеруіне жағдай жасаға болатынын ұғынады..
Материалдың қысқаша нұсқасы



Коучинг сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Тақырыбы: «Оқу үдерісінде нәтижеге бағытталған SMART мақсат қоя білу»

Өткен күні


Коуч


Сілтеме

1.. «Мұғалімге арналған нұсқаулық»

2. «Тренингтік ойындар мен жаттығулар» ЖақсылықоваК.З Алматы-2014.

3. Интернет материалдары. 

Жалпы мақсат

Мұғалімдердің сабақ мақсатын қоя білуі, мазмұнын белгілеу, күтілетін нәтижені болжамдау; сабақ мақсаты мен болжамдалған нәтижені байланыстыру; мұғалімдердің оқушыларды сабақта өз мақсаттарын қоюға бағыт-бағдар беру.

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер сабақтың мақсатын нақты, өлшенген, қолжетімді етіп қоюды үйренед, дұрыс қойылған мақсат арқылы оқушылардың білімді сапалы игеруіне жағдай жасаға болатынын ұғынады..

Әдіс- тәсілдер

Түрткі сауалдар, миға шабуыл, ой тұжырымдау, сыни тұрғыдан ойлану.

Негізгі идея

«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» (Strong, Ward & Grant, 2011). (МАН 8-бет, ІІдеңгей)



Кезең

дер

Уақыт

Тапсырма

Коучтің

іс-әрекеті

Мұғалімдердің

іс-әрекеті

Ресурс

Кіріспе


3 мин

Топ ережесін бекіту

Сәлемдесу. «Сәлем – сөздің атасы» .

Шаттық шеңбері. Қатысушылар шеңберде кезектесіп бір басқалар білетін, бір ешкім білмейтін жағдайларын айтады.

Топта жұмысты бастамас бұрын қатысушылардан топ ережесін айтуды сұраймын.

Түсті қағаздарды алып ішінде жазылған сөздерге байланысты топтарға бөлінеді

Топта жұмысты бастамас бұрын біз топ ережесін қатысушылар өздері айтады.

Түрлі түсті қағаздар.

Топ ережесі

Білу

7 мин

Миға шабуыл. Бейнефильм көрсету: “Как добиться своей цели ”


Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мына бейнефильмге назар аударыңыздар.

Сонымен бейнефильмді көре отырып қандай тұжырым жасадыңыздар, ойымызды ортаға салайық:

Түрткі сауал:

1. Бейнефильмнен не түсіндіңіздер?

2. Сабақтың тақырыбы не туралы болмақ деп ойлайсыздар?

Ой толғаныс.

Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлай отырып, өз пікірлерін ортаға салады


Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды.

Формативті бағалау. Сабақта ынталандыру мақсатында қызығушылық танытқан топтарға смайлик беру.


Бейнефильм: “Как добиться своей цели ”



Түсіну

15 мин

Тапсырма. Постер қорғау. Арман мен мақсаттың қандай айырмашылығы бар?

Формативті бағалау.

Қатысушыларға теориялық материал таратамын. Олар өз бетінше оқып, топта талқылап, ортақ пікір айтады.

Арман өздігінен орындалмайды, сол арманды орындайтын, іске асыратын - өзіміз. 

Мақсат пен арманның негізгі айырмашылығы: арманның іске асатын күні белгіленбеген, ал мақсат дегеніміз — нақты күні белгіленген соңғы нәтиже.

Specifik - арнайы, нақты;

Measurable - өлшеуге болатын, шектеулі талап етушілік;

Attainable - қолжетімділік;

Realistic - шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;

Timed - белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.



Топ мүшелері арман мен мақсаттың айырмашылығы туралы ой бөлісіп, постер қорғайды, пікірлерін ортаға салады.



Жауап береді


Интерактивті тақта арқылы SMART мақсат қою тақырыбына слайд арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.


Топтар үш мақсатты SMART мақсатпен көрсетеді . Мақсаттың талдауы:

Нақтылы емес

Өлшеу қиын

Мерзімі

көрсетілмеген

Мақсат

Нәтиже

Кері байланыс

Кері мақсат

Топта жұмыс жасайды.

Плакат, маркерлер, стикерлер.

Формативті бағалау. Топтар бір бірінің жауабын бағалайды.


Қолдану

10 мин

Тапсырма . слайд көрсету. Формативті бағалау.

Теориялық материалды өмірмен байланыстыруын сұраймын. Өз практикасынан SMART мақсат құрады

Теориялық білімдерін практикамен ұштастырады.

А4 қағаздар маркер

Талдау

10 мин

Тапсырма. «Неліктен жеке тұлға психологиялық кризиске ұшырайды?»

Формативті бағалау.


Қатысушыларға ұжымдық талқылауға сұрақ беріледі.

Сабақтың тақырыбы:

ҚМЖ сабақ мақсаты:

Тақырыбы :

Оқу мақсаты

Күтілетін нәтижесі:

Сабақ аяқталған соң (мақсатыңа жеткен, жетпегеніңді кері байланыс арқылы білесің)

Кері байланыс: Рефлексия арқылы тақырыпты әр баланың қаншалықты түсінгенін білесің.

Сабақты талдау жүзеге асады.

Не сәтті өтті? Неліктен?

Не сәтсіз өтті? Неліктен?

Сабақта кездескен қиындықтарды жеңу үшін не істеймін?

Сол талдау арқылы қайтадан кері мақсат құрылады.

Мақсат жұмыстың нәтижесін анықтайды.

Әріптестер өзара пікірлесіп, ойларын ортаға салады, сыни тұрғыдан ойланады.



Жинақтау

10 мин

Тапсырма . Берілген үлгіні сабақтың мақсатымен қалай байланыстырамыз?.



Қатысушыларға ұсынылған үлгінің сабақтың мақсатымен байланыстыруын сұраймын.

Мақсат: Ағашпен үйді жылыту.

Міндет:

1. Ағашты кесу.

2. Үйге әкелу.

3. Отты тұтату, жағу.

Нәтиже: Үй жылынды.


Қатысушылар теориялық білімдерін пайдалана отырып, мақсат қоя алатындығын көрсетеді.

Ұлы Абай:

Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ!


Бағалау

5 мин

Кері байланыс


Мұғалімдерге сұрақтар беремін.

Бүгінгі сабақтан не ұнады?

Бүгінгі сабақта не үйрендіңіздер?

Қандай ұсынысыңыз бар?

Қатысушылар өз ойларымен, эмоцияларымен бөліседі, ненің ұнағандығын, нені үйренгендерін айта бастайды. Стикер толтырып, ақ қағазға жапсырып жинап өткізеді.

Стикерлер







М.Мәметова атындағы орта мектепте өткен «Оқу үдерісінде нәтижеге бағытталған SMART мақсат қоя білу» атты облыстық семинарда өткен коучинг сабағына рефлексия



26-тамыз күні мектебімізде өткен «Оқу үдерісінде нәтижеге бағытталған SMART мақсат қоя білу» атты тақырыпта өткен облыстық семинарда коучинг өткіздім.

Сабақтың мақсаты: Мұғалімдердің сабақ мақсатын қоя білуі, мазмұнын белгілеу, күтілетін нәтижені болжамдау; сабақ мақсаты мен болжамдалған нәтижені байланыстыруда, сабақта мақсат қоя білуге бағыт-бағдар беру.



Міндеттері:

Арман мен мақсаттың айырмашылығын біле отырып, мақсат сөзіне нақты анықтама беру;

СМАРТ мақсат критерийлерін өмірде де, сабақта да пайдалана алу;

Сабақтың мақсатының айқын болуының сабақтың нәтижесіне әсерін түсіну.


Сабақта психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Шаттық шеңберін» құрып, бір- біріне мұғалімдер өздері туралы мәлім, беймәлім деректер айтты. Стикердің түсіне қарай топқа бөлінді. Білу кезеңінде Арман дегеніміз не? Мақсат дегеніміз не? Олардың қандай айырмашылығы бар? деген сұрақтар қою арқылы сыни тұрғыдан ойланып , пікірталас жүрді. Әр топтың пікірі тыңдалды. Мұғалімдер қызығушылық танытты. Түсіну кезеңінде СМАРТ мақсат дегенді қалай түсінесіңдер? Деген сұрақты басшылыққа ала отырып, жаң материалмен танысты, өз өмірлерімен байланыстырды, ассоциация жасады. Коучинг барысында топтық жұмыс арқылы мұғалімдер ынтымақтасты, ойларымен бөлісті, жаңа білім меңгерді. СМАРТ мақсатты сабақта қалай пайдалануға болатындығы жайлы бағыт-бағдар алды.Келесі аптада өтетін сабақтарына СМАРТ мақсат құратындықтарын айтты.

«Оқыту нәтижесіне бізді SMART мақсатқа сай құрылған сабақтар жеткізеді деген тоқтамға келді. Әр жұмысты аяқтаған соң, қойған мақсатымызға қайта оралып, нәтижені сараптаймыз. Ғалымдар рефлексияны сананың «өткенге жүгінуі» деп сипаттайды. Ал өткенге жүгіну арқылы біз жаңа мақсат қойып, жаңа іске кірісеміз», деген қорытынды жасадық. Коучинг сабақ барысында АКТ, СТО, оқытудың ЖӘТ-рі, кошбасшылық, коучинг барысында формативті бағалау жүрді. Мұғалімдер коучинг туралы өз пікірлерін стикерге түсірді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2024
132
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі