Тақырыбы: «Отанымыздың Елордасы- Астана»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Отанымыздың Елордасы- Астана»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Елордамыз Астана қаласы туралы тусінік қалыптастыру . Бас қала туралы әндер және тақпақтар үйрету, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезім,көңілді орта қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Отанымыздың Елордасы- Астана»

Мақсаты: Елордамыз Астана қаласы туралы тусінік қалыптастыру . Бас қала туралы әндер және тақпақтар үйрету, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезім,көңілді орта қалыптастыру.

Барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті балалар және тәрбиешілер.Астана қаласының туған күнімен құттықтай отырып,

Астана күні мерекесінде сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық,игілік, табыс және бақыт тілейміз.

-дей отырып бүгінгі мерекемізді бастайық.

Жүргізші: Балалар бүгін Қазақстан Республикасының Елордасы- Астананың туылған күнін тойлаудамыз.

Астана еліміздің бас қаласы, әр ел баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп қадірлей білу керек. Тәуелсіздік алған жылдары ішінде Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздіңде Астанамыз бар екенін, керемет екенін таната білді.

Астана қаласы бұрын Ақмола деп аталған, оның туылған жылы 1830жыл

Астана қаласы Есіл өзенінің жағасында орналасқан.Қазіргі таңда Астана қаласы шапшаң қарқынмен дамып келеді және келешегі зор.

Ал балалар Астана қаласына тарту ететін тақпақтарың бар ма?

Балалар: Йя

Тақпақтар:

Сарыарқа төсінде Анель

Сән беріп есілге,

Жас қала бас қала

Астана өсуде.



Жүрегі елімнің Шерәлі

Астана бас қала,

Әлемге көріндің,

Ұқсамай басқаға.



Астана бас қала Көркем

Жолдары тап таза,

Шамдары жарқырап,

Жайнайды бас қала.



Күн болып қарайды, Альбина

Шуақ болып тарайды,

Әлемге нұр шашқан.

Астанам арайлы.



Мәрмәрдан құралған, Нұрсұлтан

Сан сарай сан арман.

Жауһардай жарқырап,

Жас қала жаңарған.



Әсем қала Астана. Сандуғаш

Ел қызыққын жас қала.

Астана деп жазамын .

Ақ параққа тағыда.



Астанамыз сүйкімді. Ақпал

Гүлдей жайнап құлпырды.

Қызықты болып барады,

Бір күннен-бір күн.



Нұр сыйлап қала көрікке. Ұлдай

Тағып атып: жер күнге,

Тұр ғажайып ғимарт.

Зор бәйтерек кейпінде.

Жүргізуші:

Қызыл орда,Ақ орда,

Өзге елде жоқ орда.

Көкке бойын тіреген,

Көңіл күйі тоқ орда - дей отырып әнге кезек береміз.

Ән: хор «Астана»

Жүргізуші:

Біз ойнайтын дөңгелек

Өзгелерден тым бөлек

Теңге алу ойынын ойнайық

Қызығына тоймайық.

Кәнекей балалар шеңбер жасап тұрайық теңге алу ойынын ойнайық.

Ойын:« Теңге алу»

Жүргізуші:

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кең ашқан

Тілегіміз бейбіт күн

Ашық болсын көк аспан дей отырып кезекті биге береміз.

Би: «Домбыра биі»

(әуен қойылады)

Ертегі кейіпкерлері қонаққа келеді.( Арыстан,аю, түлкі, қоян т.б.)

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме! Ертегі кейіпкерлері, қалдарың қалай? Төрлетіңдер келген жөндеріңді айтыңдар.

Ертегі кейіпкерлері:

Аю: Біз Астана қаласының туылған күнін сендермен бірге тойлауға келдік.

Рұқсат етесіңдерме?

Балалар: Әрине!

Жарайсыңдар келіңдер жайғасығдар .Балалардың дайындаған тақпақ, ән, билерін тамашалаңдар!

Жүргізуші:

Жан қалмасын жай тұрған,

Мәз болсын жас-кәріміз.

Қайта оралған қазағымның,

Билесін «Сарбаздарымыз»

Би: «Сарбаздар» жігіттер биі.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар және балалар енді біз Астана қаласын тамашалайық! Стайд шоу көрсету.

Аю: балалар бізде бір өнер көрсетсек қалай қарайсыңдар.

Аңдар би: Аңдардың орындауында.

Жүргізуші: Балалар сендер Астана қаласына тілек айтқыларың келема?

Тілек:

Ерлан: Астана қаласы туған күніңмен құттықтаймын!

Әрқашан жайнап, жарқырап жүребер.

Ғұмырың ұзақ болсын!

Жүргізуші:Келесі кезегімізді ойынға берсек.

Ойын: «Әріптерден Астана сөзін құрастыр»

Көрініс: « Қазақстан көп ұлтты мемлекет»

Жүргізуші:

Жыр арнадым еліме тебірене,

Үміт артам елімнің ертеңіне,

Астананың туған күні құтты болсын.

Отаным жылдан жылға көркеюде-дей отырып

Осымен «Отанымыздың Елордасы- Астана»атты концертіміз аяқтаймыз.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
766
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі