Тақырыбы: «Психология-болашақтың мамандығы» эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Психология-болашақтың мамандығы» эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық таңдау-әр адамның өміріндегі ең маңызды шешім. Осыдан бірнеше жыл бұрын менің алдымда мыңдағын мамандықтан өзіме лайықтысын таңдау міндеті тұрды.Дегенмен таңдау жасауға Жүсіпбек атамыздың «Мамандықтың жаманы жоқ ,бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл-жәй күнелту,тамақ асыраудың ғана жолы емес,үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін нәрсе »деген сөзін өзіме бағыт сілтер темірқазық қылып алдым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы

Абай атындағы № 90 мектеп психологы

Жұмашова Мұңлық Жолдасқызы




«Психология-болашақтың мамандығы»

XXI ғасыр-психология ғасыры.

А.Энштейн

Мамандық таңдау-әр адамның өміріндегі ең маңызды шешім. Осыдан бірнеше жыл бұрын менің алдымда мыңдағын мамандықтан өзіме лайықтысын таңдау міндеті тұрды.Дегенмен таңдау жасауға Жүсіпбек атамыздың «Мамандықтың жаманы жоқ ,бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл-жәй күнелту,тамақ асыраудың ғана жолы емес,үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін нәрсе »деген сөзін өзіме бағыт сілтер темірқазық қылып алдым.Сөйттім де «Жантану» деп аталатын қиын да қызық әлемге апарар соқпаққа түсуге бел будым.Өйткені әр адамның жан дүниесіне үңілу және адамдар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына өзімше үлес қосумен үшін өмірдегі зор жетістік шыңдарының бірі еді.

Иә,аз ғана уықыт болса да қасиетті соқпаққа аяқ басып көрдім.Санаулы ғана жасаған қадамымда көзім жеткені-жеке тұлғаның өмірге құштарлығының артуы, болашағына сеніммен қарап,келешекке нық қадам жасауы, өзіндік «Мені» бар,көзі ашық,көкірегі ояу,білімді де,білікті боп қалыптасуының негізгі іргетасы мектептен қаланады екен. Сол мектепте мың түрлі менізден қорықпай , оларды зерттеп біліп, талмай еңбектеніп,жан-жақты ізденіп,өзін-өзі жетілдіріп жүретін ерекше мамандық иелері-психологтар.Олар әр адамның сүйіспеншілігін-таза жүрегімен, мінсіз ақылымен,адал еңбегімен жаулап алып,жақсы өмір сүруіне ,өмірге позитивті қарауына барынша ат салысып келеді.

Мұғалім,ата-ана, оқушылар қай-қайсысына да қандай да бір қиындық туындаса мектеп психологының көмегі қажет емес пе? Мәселен, мектеп психолгы оқушылардың өз мәселелерінде «іштен тынбауға» үйретеді, ұстаздарға кеңес береді, ал ата-аналарға өсіп келе жатқан ұрпаққа тәрбие беру барысында қолдау көрсетеді. Мен өз тарапымнан аталмыш жағдайда психологтың этикалық кодексінің «ешкімге зиян тигізбеу!»деген қағидасы бойынша шешуге тырысамын.

Осы жүріп өткен жолымда түйсінгенім- нағых психолог болу үшінөзгенің өміріне өзіңнің өмірің ретінде бойлай отырып,олардың жан дүниесіне кіре білу екен.

Сезінгенім- «Жан сырын өзі ашсын» деп үстелдің екінші жағында қатып қалған адам психолог бола алмайды екен.

Аңғарғаным- әрбір жеке тұлға сенің оқымаған кітабың екен, әр парағын ашқан сайын жаңалық табасын,таңырқайсың,тамсанасың, қызығасың,қынжыласың.

Осындай зор жауапкершілігі бар психологиялық қызмет-адам жанына нәр беретін, жеке тұлғаға кез келген ортада қарым-қатынасқа тез түсе алатын,замани талаптарға лайық әрекет жасауға бағыттайтын игілікті жұмыс.

Жақсы психолог- адам жаны мен сырына қанығуы арқылы олардың ішкі әлеміне үңіле алатын ерекше жаратылыс. Құдіретті де мәртебелі , қасиетті де киелі осы мамндықтың иесі – бүгінгі Сіз және Мен , келешектегі біздің әріптестеріміз.

Біздің қолымызда бізден көмек сұрайтын адамның тағдыры мен оның жан дүниесі тұр. Ол адамның болашағы да психолог қолында тұр десем қателеспейтініме сенімім кәміл.

Менің, сенің таңдаған мамандығымыз- біздің мақтанышым! Өйткені біздің мамандық- өскелең өре, адамдық келбет,рухани биіктік мамндығы.Біз әр жаны жаралы жандарға керекпіз.

Адам жанының бағбаны, шыдамдылық пен табандылықтын үлгісі,асыл қасиеттері мен білімін басқаның бақыты мен зор болашағы үшін сарп еткен психология ол болашақтың мамандығы.

Әрқашанда жоғары адамдығы,

Тұлға деп дәріптеген даралығын.

Рухани күш, зор сенімді ту еткен,

Психолог-болашақтың мамандығы!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
1999
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі