Тақырыбы: "Қарты бардың-қазынасы бар" ересек тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: "Қарты бардың-қазынасы бар" ересек тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге: "Балаларға өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алу, бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ботақан» ясли-бақшасы













Тақырыбы: «Қарты бардың-қазынасы бар».


«Балдәурен» ересек тобы

1-қазан қарттар күніне арналған тақырыптық оқу қызметі






Өткізген: Тәрбиеші Камыспаева Қ










Доссор, 2019 жыл


Тақырыбы: «Қартты бардың-қазынасы бар».

Мақсаты:

1. Білімділік: 1-қазан қарттар күніне түсінік беру.

2. Дамытушылық: Өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға үйрену.

3. Тәрбиелік: Балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Отбасы мүшелерінің суреттері, буклет, альбом.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, мақалдардың жалғасын тауып айту, ойын ойнату, сұрақ-жауап.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн болғалы тұр. Бізге оқу қызметімізге қонаққа ата, әжелеріміз және балабақшадағы апайлар келіпті. Шеңбер құрып алдымен қонаққа аталарымызбен, әжелерімізбен және балабақша апайларымен амандасып алайық. Сосын тілегімізді айтамыз.

Шаттық шеңбер:

Сәлеметсіз бе, апайлар?

Сілеметсіз бе ағайлар?

Есенсіз бе, әжейлер?

Амансыз ба, атайлр?

Тілек айту:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз!

Күлімдеген күндейміз!

Еш уайымды білмейміз.

-Жарайсыңдар рахмет. Енді орнымызға жайғасайық.

Күз мезгіліне байланысты сұрақтар қою:

-Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз мезгілі).

-Күз мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар).

-Атап атайықшы? (Кыркүйек, казан, караша).

-Дұрыс айтасындар.

ыркүйек айында қандай мерекелер болды? (Білім күні, тіл мерекесі).

-Жарайсыңдар.

-Ал қазан айында қандай мерекелер бар, білесіңдер ме? (Ұстаздар күні, Республика күні).

-Дұрыс айтасыңдар .

-Қазан айында бұл мерекелерден басқа тағы да, мереке бар. Ол-1-қазан қарттар күні.

Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз қарттар күнініне арналмақ. Мен сердерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ шешу:

1. Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің,

Білер оны сұраған. Ол кім? (Ата)

2. Аймалайды күнім деп,

Мейірімді жүзі күлімдеп.

Тәтті-ақ дейді немере,

Бал шырындай үнің деп. Ол кім? (Әже)

- Жарайсыңдар, балалар, дұрыс таптыңдар.

-Ата-ардақты тұлға. Ата ұрпағына қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
-Әже әрқашан да балалық бал дәуреннің басы-қасында болып, асыраушы, аялаушы, тәрбиелеуші басты кісі. «Жан жүрегім, жарығым» деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені, бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.

-Осы атамызбен әжемізді бір сөзбен қалай атаймыз? (қарттар дейміз).

Дұрыс айтасыңдар, балалар.

-Ал енді осы атамызбен әжемізге сендер кім боласыңдар? (немере).

-Балалар анамыздың әкесі, анасы сендерге кім болады? (нағашы ата, нағашы әже).

-Ал сендер оларға кім боласыңдар? (жиен).

-Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар. Ал осы ата-әжелемізге арнап кім тақпақ дайындап келді екен?

Мадина: Менің әжем гүл әже,

Алтын әжем нұр әжем.

Анам үшін мен үшін,

Нағыз әжем тіл әжем.

Әбілмансұр: Үйреткен сөз мәнін,

Тілімізсің әже.

Жарқыраған әр дайым,

Күнімізсің әже.

Дарина: Атам менің әманда, әділетті бол деген,

Ата сөзі санамда, жүрмін тура жолменен.

Ей тәкәппар дүние, маған да бір қарашы,

Танимысың сен мені, мен қазақтың баласы.

Ясира: Ата үлкен кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

Әулиедей аялап,

Құрметтейміз бәріміз.

Тәрбиеші:-Міне, балалар, ата-әжелеріміз тек қана жақсы тәрбиесі арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болуға шақырады, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау керек. Олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал,

мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер.

Суреттер бойынша әңгіме: Балалар, мына жерде отбасы бейнеленген суреттерден көрме ұйымдастырылған екен.

-Кім отбасы туралы таныстырып, айтады екен?

Балалар отбасы, ата-әжелері туралы сұрақтарға жауап береді. (Өз ойларын айтады).

Сергіту сәті: Видеоролик арқылы бой сергіту.

Мақал-мәтелдер: (мақалдардың жалғасын тауып айту)

1. Атасыз үй-батасыз, анасыз үй-панасыз.
2. Үлкенге-ізет, жасқа-жол.
3. Қарты бар елдің, қазынасы бар,
4. Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра.
5. Ағадан-ақыл, атадан-нақыл.
6. Ат тұяғын ат басар.
7. Ата-баланың қорғаны.

8. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

9. Алып анадан туады, ат биеден туады.

10. Ананың сүті-бал, баланың тілі-бал.

11. Күтсең ата-анаңды, кешірер атаң қатеңді.

12. Мейрімі мол ананың, жүрегі жылы, қолы кең.
13. Әже ақылдың кені, өткеннің шежіресі
-
Балалар мен сендерге ойын ойнатқым келіп тұр.

Дидактикалық ойын: «Кімге не тиесілі?».

Ойының шарты: Балалар отбасы мүшелеріне тиісті заттарын көрсетеді. Атаға-шапан, қамшы, тақия. Әжеге-ұршық, камзол, орамал, мәсі т.б.

-Жарайсыңдар, ойынды тамаша ойнадыңдар. Балалар тағы кім ата, әжелеріне арнап тақпақ айтады екен?:

Айдай: Әже біздің күніміз,

Әженің біз гүліміз.

Бар баланы қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Муслим: Өзің мені өсірген,

Айналайын ақ әжем.

Тентек болсам кешірген,

Шөлдедің бе дана әжем.

Альбина: Айналайын апашым,

Ақылы асқан данасың.

Бала үшін не керек,

Бәрін іздеп табасың.

Нұралы: Ата отыр кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

Әулиедей аялар,

Ардақтаймыз бәріміз.

Тәрбиеші: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген мақал текке айтылмаса керек. Енді балалардың дайындаған көрінісін тамашалаңыздар.

Көрініс: «Әке мен бала». (Әке-Сатиман. Бала-Абылай).

Тәрбиеші: Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:

Бала (Абылай):-Әке мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдынан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:

Әке (Сатиман):-Балам анау не?еп сұрапты.

Бала (Абылай):-Ол түйе,-деп жауап беріпті баласы. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап тағы сұрайды.

Бала (Абылай):-Ол-түйе, түйе!-деп баласы ренжиді. Неге, неге сұрай бересіз?

Сонда әкесі:

Әке (Сатиман):-Балам сен кішкентай кезіңде, «әке мынау не, әке мынау не?»-деген көп сұрағыңа шаршағаныма қарамастан жауап беретінмін. Балам мені жерге түсір, сеннен сөз естігенше өлгенім артық- деп әкесі артына қарамастан жол тартты.

Баласы артынан қолын созып:

Бала (Абылай):-Әке кешіріңізші, әке кешіріңізші-деп жүгірді.

-Балалар, мына жерде баласының ісі дұрыс па, әлде дұрыс емес пе?

(балалардың жауабы).

Қортындылау.

-Балалар бүгін кімдер туралы айттық?

Ал, сендер ата, әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсыңдар ма? Қандай жақсы екен! сыйлайды екенсіңдер! Қандай керемет!

-Балалар, ата-әжелерің сендерді қалай еркелетеді? (Балалардың жауаптары).

-Жарайсыңдар, балалар, осымен, бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды.

Балаларды мадақтау бағалау.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Отбасы мүшелерін атай білуі керек.

Болуы керек: Балалар бойында қамқорлық мейірімділік қасиеттері болу керек.

Баланың қолынан келуі керек: Үлкенді сыйлауға, карттарға құрмет көрсете білуі керек.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.12.2019
1575
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі