400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Тақырыбы: Қазақ тілім - Айбыным!

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға және оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда обылысы, Жаңақорған ауданы,

Қожакент ауылы Исатай Әбдікәрімов атындағы №168 жалпы орта мектептің

Бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәнінің мұғалімі: Ыдырысов Ербол

Қазақ тілім – Айбыным!

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға

дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл

ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Б.Момышұлы

Қазақ тілі -- қазақтың маңдайындағы жарық жұлдызы. Қаймақты тілді пайдаланбай, қаспақтың түбін қырғыштап жүргендерге айтарымыз: «Әркімнің ана тілін тірлік үшін керек, мемлекеттік тіл бірлік үшін керек!» «Қазақ тілі – қазақ халқының тілі» - деп қоймай, «Қазақстан халқының тілі»деп құлаққа сіңіріп , санада тұрақтандыру қажет. Мемлекеттік тілге құрмет – туған еліне, оның негізін құрайтын халыққа құрмет.Қазақты елдің иесі ретінде сезініп , тілін , дінін биікте асқақ ұстауымыз ләзім. Мемлекеттік тілді білу азамат-тық парыз , оны іске асыру, қолдану – қарыз. «Тілді сақтауды ұлтты сақтау деп білу керек» Елбасымыз ана тілінің қадір-қасиетін арттыруға әрдайым баса көңіл аударып келеді.Оның «Қазақ тілі – ғажап тіл»...Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.Үш тілдің біріншісі,негізгісі,бастысы маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. «Қазақ тілі – өзіміздің тіліміз» - деген тұжырым соның дәлелі.

Бүгінгі ең басты , ең өзекті мәселе – тіл. Қазақстан киелі тілі мен құдіретті өнерін тел еміп , қасиетті жерінде бөліп-жармай тек құқықта өсіп-өніп келе жатқанымыз көрсетіліп келе жатқан мол қамқорлықтың арқасы. 2006-шы жылдың 30- шы мамырында Президент жарлығы қазақ тіліне жаңа серпін, мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетті.Онда тілдің өз деңгейінде қолданыста болуына бағыт-бағдар берілген.

Тіл қазақтың жан-дүниесі ,рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі , ұлт болмысын ұғындырып төңірегіне жұртты топтастырушы. Қазақ ұлтының бір ғана Отаны бар. Ол – Қазақстан. Сонымен бірге онда туып-өскен және оған түрлі жағдайлар мен қоныс аударып, азаттығын алған жүзден астам басқа ұлттардың да Отаны. Осылардың барлығы бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде.

 ... Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.

Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.

ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ.

О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың  жазықтығы да сенде...Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – қазақ тілі.

Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл.

Пайдаланған әдебиеттер; Қазақстан әйелдері 2012ж

Парасат журналы 2013ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
272
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі