Тақырыбы: Қоянның үйшігі
Мақсаты: Балалардың сан және санау, сәйкестендіру, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау білімдерін бекіту. Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі желісі арқылы математикаға қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Заттық дамыту орталығы: суреттер, сандар, пішіндер.
Билингвалды сыңары: қоян-заяц, лиса-түлкі, петух-әтеш.
Сөздік жұмыс: үйшік, мұз, қабық.
Шаттық шеңбері:
Сәлем деймін мен Күнге!
Сәлем деймін мен Жерге!
Сәлем деймін мен саған!
Қайырлы таң балалар!
Сұрақ-жауап:
-
Қазір жылдың қай мезгілі?
-
Қыс.
-
Қыс мезгілінде неше ай бар?
-
Үш. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-
Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-
Күн суық болады, қар жауады.
-
Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?
-
Қар лақтыру, аққала жасау, шанамен сырғанаймыз.
Үйшіктің алдында қоянның жылаған дауысы естіледі.
-
Балалар бұл кім болды екен, жылап отырған? Қоян сен неге жылап отырсың?
-
Сәлеметсіңдер ме балалар! Түлкі менің үйімді тартып алды. Есікті құлыптап кілтін тығып тастады.
-
Қоян сен жылама. Біз кілтті табуға көмектесеміз. Алдымен сенің көңіліңді көтеру үшін біздің балалармен ойын ойнайық.
Ойын: Көңілді доп.
Шарты: Тәрбиешіден допты қағып алған бала қоянға жылы, мақтау сөздер айтады.
-
Ой балалар, шынымен мен сондаймын ба? Көңілім көтеріліп қалды ғой.
-
Балалар кім қоян туралы тақпақ айтады?
Ақ қоян ау, ақ қоян
Ұзын құлақ сақ қоян
Қаша берсең орманға
Қорқағым деп ат қоям
Тәрбиеші: Алдымен ертегіні есімізге түсірейік.
1-тапсырма. Мнемокесте арқылы ертегі айту.
2-тапсырма. Ертегідегі жануарларды санау.
-
Неше жануар бар?
-
Бесеу. Қоян, түлкі, ит, аю, әтеш.
-
Нешеуі жануар?
-
Төртеуі
-
Нешеуі құс?
-
Біреу.
-
Жануар көп пе? Құс көп пе?
-
Жануар көп.
-
Қайсы жануар үлкен?
-
Аю
-
Қайсы кіші?
-
Қоян.
-
Қоянға көмекке бірінші қай жануар келеді?
-
Бірінші ит, екінші аю, үшінші әтеш.
-
Бес жануарды үш тілде тура және кері санау.
Сергіту жаттығуы:
Қоян секең қағады.
Қасқыр лаң салады
Түлкі бұлғаң етеді.
Аю маң маң басады
Осылардың барлығы
Арыстанды көргенде
Тым-тырақай қашады.
3-тапсырма: Қоянның көжектеріне сәбіздер үлестіріп берейік.
Шарты: сәбіздердің санын көжектердің санына қарай үлестіру.
4-тапсырма: Қоянның үйшігі қандай пішіндерден тұрады?
Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақша.
Дидактикалық ойын: Ұқсасын тап.
Шарты: суреттегі затты ұқсас пішінге жапсыру.
5-тапсырма: Түлкі ренжулі қоянда үй бар, ал түлкіде үй жоқ. Түлкіге үй жасап берейік.
Кеңістікті бағдарлау
-
Ортада үй
-
Оң жақта үлкен шырша.
-
Сол жақта кіші шырша.
-
Үйдің үстінде күн.
-
Үйдің астында түлкі
Міне балалар түлкінің барлық тапсырмаларын өте жақсы орындадық. Түлкі кілтті қалдырып кетіпті. Міне қоян кілтіңді ала ғой.
-
Балалар, сендерге көп көп рахмет! Менің де сендерге сыйлығым бар.
Оқу қызметін сұрақтар арқылы қортындылау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: "Қоянның үйшігі"
Тақырыбы: "Қоянның үйшігі"
Тақырыбы: Қоянның үйшігі
Мақсаты: Балалардың сан және санау, сәйкестендіру, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау білімдерін бекіту. Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі желісі арқылы математикаға қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Заттық дамыту орталығы: суреттер, сандар, пішіндер.
Билингвалды сыңары: қоян-заяц, лиса-түлкі, петух-әтеш.
Сөздік жұмыс: үйшік, мұз, қабық.
Шаттық шеңбері:
Сәлем деймін мен Күнге!
Сәлем деймін мен Жерге!
Сәлем деймін мен саған!
Қайырлы таң балалар!
Сұрақ-жауап:
-
Қазір жылдың қай мезгілі?
-
Қыс.
-
Қыс мезгілінде неше ай бар?
-
Үш. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-
Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-
Күн суық болады, қар жауады.
-
Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?
-
Қар лақтыру, аққала жасау, шанамен сырғанаймыз.
Үйшіктің алдында қоянның жылаған дауысы естіледі.
-
Балалар бұл кім болды екен, жылап отырған? Қоян сен неге жылап отырсың?
-
Сәлеметсіңдер ме балалар! Түлкі менің үйімді тартып алды. Есікті құлыптап кілтін тығып тастады.
-
Қоян сен жылама. Біз кілтті табуға көмектесеміз. Алдымен сенің көңіліңді көтеру үшін біздің балалармен ойын ойнайық.
Ойын: Көңілді доп.
Шарты: Тәрбиешіден допты қағып алған бала қоянға жылы, мақтау сөздер айтады.
-
Ой балалар, шынымен мен сондаймын ба? Көңілім көтеріліп қалды ғой.
-
Балалар кім қоян туралы тақпақ айтады?
Ақ қоян ау, ақ қоян
Ұзын құлақ сақ қоян
Қаша берсең орманға
Қорқағым деп ат қоям
Тәрбиеші: Алдымен ертегіні есімізге түсірейік.
1-тапсырма. Мнемокесте арқылы ертегі айту.
2-тапсырма. Ертегідегі жануарларды санау.
-
Неше жануар бар?
-
Бесеу. Қоян, түлкі, ит, аю, әтеш.
-
Нешеуі жануар?
-
Төртеуі
-
Нешеуі құс?
-
Біреу.
-
Жануар көп пе? Құс көп пе?
-
Жануар көп.
-
Қайсы жануар үлкен?
-
Аю
-
Қайсы кіші?
-
Қоян.
-
Қоянға көмекке бірінші қай жануар келеді?
-
Бірінші ит, екінші аю, үшінші әтеш.
-
Бес жануарды үш тілде тура және кері санау.
Сергіту жаттығуы:
Қоян секең қағады.
Қасқыр лаң салады
Түлкі бұлғаң етеді.
Аю маң маң басады
Осылардың барлығы
Арыстанды көргенде
Тым-тырақай қашады.
3-тапсырма: Қоянның көжектеріне сәбіздер үлестіріп берейік.
Шарты: сәбіздердің санын көжектердің санына қарай үлестіру.
4-тапсырма: Қоянның үйшігі қандай пішіндерден тұрады?
Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақша.
Дидактикалық ойын: Ұқсасын тап.
Шарты: суреттегі затты ұқсас пішінге жапсыру.
5-тапсырма: Түлкі ренжулі қоянда үй бар, ал түлкіде үй жоқ. Түлкіге үй жасап берейік.
Кеңістікті бағдарлау
-
Ортада үй
-
Оң жақта үлкен шырша.
-
Сол жақта кіші шырша.
-
Үйдің үстінде күн.
-
Үйдің астында түлкі
Міне балалар түлкінің барлық тапсырмаларын өте жақсы орындадық. Түлкі кілтті қалдырып кетіпті. Міне қоян кілтіңді ала ғой.
-
Балалар, сендерге көп көп рахмет! Менің де сендерге сыйлығым бар.
Оқу қызметін сұрақтар арқылы қортындылау.
шағым қалдыра аласыз














