Тақырыбы:
Құстар – біздің
досымыз!
Мақсаты:
Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік
беру, құстардың тіршілігі туралы
баяндау.Балалардың құстар туралы
түсініктерін кеңейту. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды
қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Құстардың слайдқа
түсірілген суреттері, «Құстар – біздің досымыз!», нақыл
сөздер.Суреттер.
Балалар, бізге қонақтар келіп
отыр, олай болса қонақтармен сәлемдесейік.- Сәлеметсіздер ме,
апайлар.
Шаттық
шеңбер:
Біз балдырған тең
басқан,
Дос құшағын кең
ашқан.
Тілегіміз
тыныштық,
Ашық болсын кең
аспан.
Мықты болсын
іргеміз,
Бәрімізде
біргеміз.
- Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
Көктем.
Көктем мезгілінде неше ай
бар?
Үш ай
бар.
Олар қалай
аталады?
Наурыз.Сәуір,Мамыр.
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер
болады?
Көктемде күн жылынып бастайды,құстар келіп
бастайды.
Балалар, бүгін біз құстар жайлы
әңгімелесеміз.
Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі мекен
етеді. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса, екіншілері –
құрылысшы. Құстар сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады
екен. Құстардың келтіретін пайдасы көп
екен.
Құстардың денесін не жауып
тұрады?
Қауырсындарымен жауып
тұрады.
Құстар не арқылы
көбейеді?
Жұмыртқа арқылы
көбейеді.
«Құстарды топқа бөл» Қыстайтын және жыл
құстарын атау.
Бүгін жыл
құстары туралы айтамыз. Жыл құстары және қыстап қалатын құстар
туралы әңгімелейді: Күннің суытып, жәндіктердің көпшігі қырылып
қалады, кейбір жәндіктер ағаштардың қуыстарына тығылады. Осылайша
құстардың жемі азаяды. Осыған байланысты құстар жылы жаққа ұшып
кетеді. Ол құстарды жыл құстары деп атаймыз. Құстардың бір бөлігі
күзде ұшып кетпей, сол жерде қыстап қалады. Оларды қыстап қалатын
немесе отырықшы құстар деп атайды. Құстардың суреттерін көрсетіп,
сипаттама береді.
2-бөлім: Ел арасында құстарға қарап ауа -
райын болжаған.
Қазақ халқы сұлу қыздарын аққуға, ер жігіт -
батырларын - бүркітке, әншілерін - бұлбұлға
теңеген.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем
ерте келеді.
Көгершін-көп халықтарда
бейбітшіліктің белгісі,ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін
құс деп санайды.
Балалар кім құстар жайлы тақпақ айтып
береді.
Елдос:
Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.
Арқат:
Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт - береке күнімен.
Сандуғаш:
Жылы шуағымен гүл
өсіріп,
Жыл құстарын
ілестіріп,
Көрікті көктем
келді.
Самалына нұр
есіп.
Елдос:
Құстар тойын
құттықтап,
Қуанамыз,
қолдаймыз.
Ұя жасап
құттықтап,
Біз оларды
қорғаймыз.
Аяулым:
Көлдің беті көк
айна,
Келді құстар
тоғанға.
Көктем деген
ғажайып,
Көктем деген
кереме
2 - бөлім Жұмбақтар
шешу
Құстардың ол төресі,
Өзен көлдің
еркесі.
Бұл қай
құс? (Аққу)
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс? ( ҮКІ
)
Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)
Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)
тақпақ:
Диана:
Қарға, қарға,
қарғалар,
Қар үстінде
жорғалар.
Боран соқса қар
болар,
Бұтаға қонар
қарғала.
Жансая:
Нан қоқымын
шашпаңдар,
Жерде жатса
баспаңдар,
Теріп алып,
қастерлеп,
Торғайларға
тастаңдар.
Бектүр:
Адамзаттың
жақыны
Қарлығаш та
ақылды
Көгершін мен
екеуі
Жайлайды бір
шатырды
Би :Аққу биі.
қыздар
Ән
–хор:Ақкөгершін.
Ақ көгершін,
көгершін,
Қолғанат құс сен
едің
Бар, кезіп қайт ел
үшін,
Кең дүниенің
көлемін.
Әділеттің құсы
деп,
Көз алмастан
жолыңнан.
Бақыт болып қоншы
деп,
Ұшырамын
қолымнан.
Ел тілегін алып
ұш
Адамзаттың
бағына.
Қара бұлтты жарып
ұш
Мұхиттың арғы
жағына.
Сенен көзін
алмайды
Ақ ниетті бар
адам.
Ақ қанатың
талмайды
Әділеттен
жаралған.
Тыныш-бейбіт
өмірдің
Белгісі боп қанат
қақ.
Әлемге ортақ
көңілдің
Қайт шыңына
қонақтап.
Ел тілегін алып
ұш
Адамзаттың
бағына.
Қара бұлтты жарып
ұш
Мұхиттың арғы
жағына.
Қорытынды:
Қымбатты балалар
көктемніңжаршысы ,адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық. Құс
адамға қуаныш сыйлайды. Құс адамды аспанда қалықтау сезіміне
бөлейді. Құстарға қамқор көрсету ,ұя жасап беру. «Біз не
білдік?»
Құстар қандай екі топқа
бөлінеді?
Құстың негізгі баспанасы
?
Құссыз әлем бос қаңырап қалар
еді- осымен балалар сынып сағатымызды
аяқтаймыз.