Тақырыбы: Қызыл кітап. 8-сынып

Тақырып бойынша 26 материал табылды

Тақырыбы: Қызыл кітап. 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныпқа қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Мұғалімнің аты-жөні:

Мамытбекова Ж.Б

Пән/Сынып:

қазақ тілі, 8 а сынып

Күні:

22.01.2024

Тарау немесе бөлім атауы:

5-бөлім: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер.Синтаксис

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның Қызыл кітабы. Пысықтауыш

Оқу мақсаттары:

8.3.2.1.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу

8.4.4.2. Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану. (пысықтауыш)

Сабақ мақсаты:

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай мақала құрастырып жазу; пысықтауыштың сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

Ресурс

тар

Ұйым

дастыру

Ұйымдастыру кезеңі.

Өткен сабақта түсіндірілген тұрлаусыз мүшенің бірі пысықтауышпен танысады.

Wordwааl бағдарламасы арқылы тест тапсырмасын орындайды.

Дескрипторы:

2балл

-Толықтауышқа қатысты сұрақтарға жауап береді.


Жаңа сабақ

Ой салу

1.«Қызыл кітап» деген не?

2.Қара кітап дегенді естуіңіз бар ма?

3.Сиреген дала жануарларын әрі қарай сақтау үшін қазір елімізде қандай жағдай жасалған?


Оқушылардың 5-6 сыныптарда алған білімдерін еске түсіреді.

Ықтимал жауаптар.

1. «Қызыл кітап» деген өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті.

2. «Қызыл кітап» деген сөз тіркесі ғылымға 1966 жылы енді. Мұндағы «қызыл» деген сөз «қауіп төніп тұр» дегенді адамзат баласына ескертеді.

3. Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап немесе қара тізім бар. Жер бетінде мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.

4. Сиреген дала жануарларын әрі қарай сақтау үшін қазір елімізде бірнеше қорықтап бар. Қорықтардың басты мақсаты - өсімдіктер мен жануарлар дүниесін коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді.. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз


сурет

6 минут

Пысықтауышқа тән белгілер.

Пысықтауыш – сөйлемде етістіктен жасалған баяндауыштың сипатын, мезгілін, мекенін, мақсатын, себеп-салдарын, сипаттайтын тұрлаусыз мүше.

Пысықтауышқа тән белгілер:

  1. сөйлемнің негізін құрауға қатыспайды;

  2. үстеуден, көсемшеден, және жанама септік тұлғалы зат есімнен жасалады;

  3. бағыныңқы сыңар ретінде өз басыңқысымен қабыса, жанаса байланысады;

  4. пысықтайтын сөзінің алдына орналасады,

  5. өзі тіркескен сөзімен пысықтауыштық қатынаста болады;

  6. қашан? Қайда?Қалай? неге? Не үшін? Неліктен? т.б.



Оқушылар тілдік бағдар бойынша берілген тұрлаусыз мүшенің бірі пысықтауышпен танысады. Мысал келтіреді

Пысықтауыштың жасалу жолдары

1.Пысықтауыштық қызметте жұмсалатын, негізінен үстеу десек те, сын есімдер етістік баяндауышпен тіркескенде пысықтауыш болады. Ақ жаулықты әйел бізді жадырай күліп, жылы қарсы алды. (О.Бөкей)

2.Көк бөрі баласы ит сияқты адамға жарамсақтана алмайды.  (Ш.Мұртаза) Сөйлемнің бастауышы – күрделі (көк бөрі баласы – не?) пысықтауыш (ит сияқты – қалай?) пен толықтауыш (адамға – кімге?) баяндауышпен (жарамсақтана алмайды – қайтеді?)

3.Мезгіл мәнді зат есімдер ыңғайына қарай пысықтауыш болады. Мысалы. Сол күні Тілеуқабыл түні бойы ұйықтай алмады

3.Септеулік шылаулы есім сөздер пысықтауыш болады. Мысалы: Күні бүгінге шейін елдің жаз жайлауы – Қарақұм халық Абай үшін алысады

4Еліктеуіш сөзден болады. Мысалы: Бұл сөзіме Айжан сылқ-сылқ күлді.

5.Сын есімнен болады. Мысалы: Біз сізді жақсы танимыз.

6.Сан есімнен, кейде мөлшер мәнді сын есімнен болады. Мысалы: Жанбота туды екі алды. Тақтайды ұзын кес.

7.Есімдіктен болады. Мысалы: Шай әлдеқашан жиналған.



Кеспе қағаздар


1-тапсырма. Мәтінді оқып, қажетті ақпаратты табыңыз. Жанрлық және стильдік ерекшелігін ажыратыңыз.


Қазақстанның Қызыл кітабының әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.

Қазақстанның Қызыл кітабы – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың сипаттамасы берілген арнайы басылым. Кітап 1978 жылы шығарыла бастады.

Қазақстанның Қызыл кітабының үшінші басылымы қайта өңделіп әрі толықтырылып, 1996 жылы қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы «Жануарлар», оның бірінші бөлімі «Омыртқалылар» деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармақтары туралы деректер берілген. Қазақстанның Қызыл кітабының үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша берілген.

Қазақстанның Қызыл кітабы – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген,сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың сипаттамасы берілген арнайы басылым.

Үшінші басылымы қайта өңделіп әрі толықтырылып, 1996 жылы қазақ тілінде шықты

Публицистикалық стиль түріне жатады, себебі Қазақстанның Қызыл кітабының үшінші басылымы туралы ақпарат нақты сөйлемдер арқылы берілген. Қоғамдық-саяси терминдер: Қазақстанның Қызыл кітабы, Қазақстан Республикасы

Публицистикалық стильмен жазылғандықтан, мақала жанрына жатады. Ақпарат анық айтылған және белгілі деректерге сүйенген

Дескрипторы:

3 балл

-мәтін мазмұнын түсініп оқиды;

-мәтіндегі қажетті ақпаратты табады;

оқулық


3-тапсырма. Берілген суреттерді негізге ала отырып, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай мақала құрастырып жазыңыз.



Жануарлар дүниесінің ауқымы да өте үлкен. Өкінішке орай, браконьерлердің және адамдардың тым белсенділігінен көптеген жануар түрлері толықтай жойылу қаупіне ұшырады. Бүгінде Қазақстанның Қызыл кітабына 40-қа жуық жануар еніп отыр. Мүлдем жоғалып кеткендерге және апатты түрде саны қысқарып бара жатқандарға қарақал, барыс, киіктерді жатқызар едік.

Қарақал мен барыс мысықтар тұқымдасына жатады. Қарақал дала сілеусіні, сондықтан да оны көпке дейін ғалымдар сілеусін деп есептеген. Бірақ ол сілеусіннен реңінің бірыңғай түске ғана боялуымен ерекшеленеді.

Барыс та Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтайдың биік тауларында мекендейді. Саны 200-ден аспайды және жылдан жылға кемуде. Оған азық қорының азаюы да себеп.

Ал ақбөкеннің саны бір ғасырға жуық уақыт ішінде бірнеше рет күрт азайып, кейін қайта көбейген. 2015 жылы Қазақстанда індет салдарынан бірнеше апта ішінде 150 мыңнан аса киік қырылған. Бүгінде киікке төнген қатер әлі сейілген жоқ. Қытайда мүйізіне сұраныс жоғары киікті заңсыз аулау жалғасып келеді. Өкінішке орай Қазақстанда бұл кәсіп иесінің өзіне төнетін қауіп те ұлғая түскені байқалады. Сондықтан таудағы қорықшалар мен қорықтарда оны қорғауды күшейту керек.


Дескрипторы:

4балл

-Берілген суреттерді негізге ала отырып, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай мақала құрастырып жазады;-мақала құрылымын сақтайды.


Сабақтың соңы

3мин


7мин

Сабақты қорытындылау.

Қосымша тапсырма:

Қадыр Мырза Әлі «Қызыл кітап» өлеңін тауып оқу, ұнаған шумақтарын жаттап алу

Кері байланыс:

«3-2-1»

Сабақтағы 3 маңызды ақпарат;

Қиындық тудырған 2 мәселе;

Сабақта ұнаған 1 аспект.


Сабақ бойынша қорытынды сұрақтарға жауап береді.


Сабақты қорытындылау.

Кері байланыс:

«3-2-1»

Сабақтағы 3 маңызды ақпарат;

Қиындық тудырған 2 мәселе;

Сабақта ұнаған 1 аспект.

Дескрипторы:

1 балл

-сұраққа жауап береді


«Домбыра» бағалау шкаласы









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2025
149
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі