Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тақырыбы: «Сөйлеу тілінің мүкістігі бар балалардың сөйлей алу қабілеттерін қалыптастыру». Баяндама
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Сөйлеу тілінің мүкістігі бар балалардың сөйлей алу қабілеттерін қалыптастыру».
Жоспар:
1. Жалпы тіл кемістігінің деңгейлері 2. Тіл мүкістігі бар балалардың жанұясымен жұмыс түрлері 3. Сөйлеу тілінде «Тіл мүкістігі бар балалармен» жүргізілетін түзету жұмыстың түрлері және маңызы
4. Ұсақ моторикасы арқылы сөйлеу тілін қалыптастыру.
Жалпы тіл кемістігінің деңгейлері.
Есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының компаненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері.
Жалпы тіл кемістігі дефекталогия ғылымы зерттеу институтының
Р.Е. Ливина бастаған ғалым қызметкерлері 50-60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктері жан-жақты зерттеулерінің қортындысы нәтежилерінде ғылыми түрден дәләлдеді.
Дыбыстарды бұзып айтуын,фонематикалық есту қабілетінің дамуы, сөздік қоры мен граматикалық сөйлем құрлысының артта қалуы жалпы сөйлеу түрі дамыған балалардың барлығына тән кемшілік.
Жалпы сөйлеу тілінің дамуы ,аламя,афазия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу поталагияларының түрлерінде байқалуы мүмкін.
Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы жатады.Ондайларды мақау балалар дейді.Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынадай болып келеді: былдырап сөйлейді жеке дыбыстарға еліктейді , жекелеген зат есімдік сөздермен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырап мүлдем түсініксізетіп,үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анық айтылмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын ербеңдету арқылы,бет - ауызын қисаңдатып, ымдап түсіндіруге тырысады. Сөйлеу тілінің мұндай кемістіктері ақыл-ойы кем балаларда болуы мүмкін. Бірақта сөйлеу тілі дамыған есі дұрыс балалар ақылына қарап-ақ сөйлеу тілі дамыған, ақыл –ойы кем балалардан оңай ажыратуға болады. Бұл біріншіден сөйлегенде сөздік қорына қарағанда енжар сөзік қорының артықшылығы. Жалпы сөйлеу тілі дамыған есі дұрыс балалардың олигофрен балалардан өзгешелігі, ойларын тыңдаушысына жеткізу үшін, дене мүшелерін қимылын және мәнерлі ымды пайдаланады.Оларға көзімен қарап оны қалайда түзетуге бар ықыласымен жалпы ақылдың дұрыстығына тән қасиеті бар.
Сонымен сөйлеу тілінің ұқсастық жақтарына қарамастан ой -өрісі сөйлеу тілінің дамуы жғынан бір-біріне ұқсамайды.
Сөздік қоры шамадан тыс шектелген бұндай балалар заттардың және әр қимыл іс-әрекеттердің сыртқы түрлеріне немесе олардың шығатын дыбыстарының ұқсастығына қарап, өздерінің бұлдыраған тілімен барлығына бір сөзбен ат қойып алып түсіндіреді.Мысалы: «дәдә»- машина,солай кетіпті және тағы басқа.Сонымен бірге қимыл іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді заттық атымен орын алмастыра беретін жағдайларда байқалады.Мысалы: «адас»-карандаш, жазу сурет салу; «тәй»- шай ішу, тамақ ішу.
Сөйлеу тілі дамыған баланың бір сөзді сөйлемде де пайдаланатын ерекшелігі болады. Н.С: Жукованың ескерткендей, бір сөзді сөйлемдегі сөздік түбірі бұзылып, тұлғасыз айтылатын жағдай, сөйлеу тілі дұрыс дамымаған балада да байқалуы мүмкін. Бірақ ол тек 5-6 айға созылады, оның үстіне ондай сөздер онша көпте болмайды. Сөйлеу тілі қатты тежеліп өте баяу дамығанда бұл мерзім ұзақ уақытқа созылады. Сөйлеу тілі дұрыс дамыған бала сөздерді байланыстырып сөйлем құрап айтуды ерте пайдалана бастайды. Сөздердің ішінде тұлғасыз сөздерде араласып айтылып, кетуі мүмкін, бірақ оларды біртіндеп түзетіп дұрыс айтуға дағдыланып кетеді. Сөйлеу тілінің жалпы дамыған баланыңда сөйлемінің көлемі 2-4 сөзге дейін кеңейетіндігі байқалады, бірақ бұнда құрлысы бұзылған қалпында өзгерісіз сақталып қалады. Тап осы жағдайда сөйлеу тілі дұрыс дамыған балада ешуақытта байқалмайды,
Сөйлеу мүмкіндігі төмен баланың өмірден алған тәжірибесі аз және айналасындағы өмір тіршілігі туралы мағлұматы жеткіліксіз болып келеді.Сөйлегенде көбінесе 1-2 буынан тұратын сөздерді ғана қолданады. Буындарды көбіне қиын сөздерді айтқан кезде оның 2-3 буынына дейін қысқартылып , түсіп қалады. Мысалы:Жұмыртқа- ұмытқа, домбыра-дома. Фонометикалық түйсігі бұзылғандықтан аттары бір –біріне сәйкес мағынасы әртүрлі сөздерді сұрыптай алмай қиналады.Мысалы: бала-балға, жаға-жаңа. Бұл деңгейдегі балалар дыбыстың талдау жолын түсінбейді. Сөйтіп жалпы тіл кемістігінің бірінші деңгейін былай сипаттауға болады:
1.Сөздік қоры жоқтың қасы. Ол былдырлап түсініксіз айтылған сөздерден, басқа дұрысқа елктеген дыбыстардан күнделікті қолданылатын кейбір оңай сөздерден тұрады.
2.Баланың енжар сөз қор пайдаланатын сөз қорына едәуір мылқау болады, бірақта сөз түсінігі тым тайыз. Сөздерді бірнеше рет қайталаған таныс ситуацияға түсінеді.Мысалы: «қолыңды қалтаңнан ал» деген бұйрықты бала дұрыс орындауы мүмкін «қалтаңды көрсет» дегенде ол көрсете алмайды. өйткені ол қалта деген сөздің мағынасын түсінбейді. Байланыстырып сөйлеу қабілеті мүлдем дамымаған.
3. Сөздің, дыбыстық буынның құрамын сақтау қайталау қабілеті дамымыған.
Сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейіне ауысудың белгісі сол онда ымдау мен былдыр сөздерден басқа бұрмаланған болса да айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болады. Мысалы: Қыт, бадя, тан, тет, түй. Қыс. Балалар шана теуіп жүр. Кейбір граматикалық тұлғаларды ажыратылуы бір мезгілде байқалады. Бірақ бұл тек екпінді жалғауына түскен сөздерге және тек кейбір граматикалық (тұлғаларды ажыратуы бір мезгілде ажыратылады)категоряларға қатысты болады. Бұл процесс әліде болса едәуір тұрақсыз екендігін сипаттайды және бұндай баланың сөйлеу тілінің дамуы қатты тәжірибедегі анық байқалады.
Сөзді көп білмейтіндіктен баланың тілі кедей, ал өзі білетін заттардың аттарын атаумен және қимыл іс-әрекеттерін айтып берумен ғана шектеледі.
Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда суретке қарап және сұрақ бойынша әңгімелеуі қарапайым әрі қысқа болғанмен граматикалық құрлысымен сөз тізбегі біршама дұрыс. Сөйлеу тілінің граматикалық құрлысының жіктелуі қанағаттанарлық емес екендігі. Сөйлеу материалы күрделенген кезде немесе баланың өзі бұрын сирек естіп ,аз қолданған сөздермен сөз тіркестерін айту қажет болып қалған жағдайда оңай білінеді. Мұндай балалар септік жалғаулармен көпшіл түрін білдіретін жалғаулардың мағынасын жете түсінбейді жұрнақ жалғаулары пайдаланып сөз өзгерту кезейсоқ жағдай сондықтанда оны пайдаланғанда әртүрлі қателерді көп жібереді . Сөздің тармағында жие қолданады, ауызша талдап қорыту дәрежесі өте қиын. Тұлғалары қолданылуы немесе тағы басқа белгілері ұқсас бірнеше заттарды бір сөзбен айтуы мүмкін . Мысалы:шыбынды,қоңызды,масаны,сонана, араны,көбелекті- бір жағдайда осылардың барлығын тек біреуінің атымен ғана айтады. Балалар заттың атын білгенмен, оны құрайтын бөлшектерін атауға келгенде қиналады ыдыс-аяқтардың, жануарлардың төлдерінің атын білмейді. Міне осының бәрі бұндай балалардың сөздік қорының тым кедей екендігін көрсетеді.
Заттың атын, түсін, тұлғасын, белгісін білдіретін сөзді орнымен дұрыс қолдануды әруақытта толық біле бермейді. Қолданудағы қимыл іс-әрекеті әртүрлі, тұлға ұқсастығы жақын атау сөздері шатастырып орын ауыстыруы жие көрініп қалады, граматикалық тұлғаларды қолданылуда өрескел қателер жіберілетіндігі арнайы тексеру кезінде белгілі болады.
1.Септік жалғауды алмастыру.
2.Сөздің жекеше, көпше тұлғаларын және етістіктің түрлерін қолданудағы қателер.
3. Зат есімнің жекеше, көпше түрлерінің өзгеруі кезеңіндегі.
Баланың тіліндегі жуан және жіңішке, ысқырып және ызыңдап шығатын, қатаң және ұяң, мұрын дыбыстарының, сонымен бірге құрамы әртүрлі буынды сөздердің айтылуы мен үндестігі өрескел бұзылғандықтың салдарынан сөйлегенде сөзінің сапасы жағынан да жасынада қарағанда едәуір артта қалған.
Буындар мен дыбыстардың орын ауыстыруы, қатарласып келген дауыссыз дыбыстың қысқартылуы салдарынан сөздердің құрамындағы дыбыстардың орналасу заңдылықтары өрескел бұзылады.
Баланы жан-жақты тиянақты тексерудің нәтежесі оның фонаметикалық есту қабілетінің нашарлығын, дыбыстарды талдау мен жинақтауда балаға тапсырма бойынша берілген дыбыстардан суретті іріктеп алу және дыбыстарды орнына қойып сөз құрау қиындық туғызады. Дағдылануды игеруге дайын емес екенін оңай анықтауға мүмкіндік береді. Арнайы коррекциалық оқытудың ықпалы мен сөйлеу тілі дамуының ой деңгейіне өтуі баланың айналасындағылармен қарым-қатынасының кеңеюіне мүмкіндік туғызады.
Жалпы тіл кемістігінің екінші деңгейіндегі балалар төмендегідей сипатталады.
1.Балалардың белсенді сөздігі зат есім, етістік, сын есім, үстеу сөздерімен толықтырылады.
2. Сәтсіз болсада бұ денгейдегі балалар септік жалғаулармен жұрнақтарды пайдалана бастағаны байқалады.
3.Бұл денгейде балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды.
4.Сөзді түсінуі жетіледі,белсенді және енжар сөздіктер толығады.
5.Әліде көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды.Дыбыстық талдау және жинақтау әдістерін игеруге дайын еместігі байқалады.
Сөйлеу тілі дамуының ІІІ деңгейіне сөйлеу құрлысынада лексико-граматикалық және фонематико фониматикалық элементтерінің жетілмейтіндігін сипаттайды.
Осындай дәрежедегі, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағылармен тілдесіп, сөйлесе алады,бірақ қанша денгенмен де өзінің айтайын деген ойын анықтап түсіндіре алмайды. Тіпті бала дұрыс айта ала-ау деген кейбір дыбыстардың өзі де өз бетімен сөйлегенде жеткілікті түрде айқын шықпайды.
Топ осы фонематикалық топтағы екі немесе бірнеше дыбыстарды бір дыбыс немесе бірнеше дыбыстарды бір дыбыс, бір мезгілде алмастырған кезде диференцияланбаған дыбыстардың айтылуы бірнеше болады. Мысалы:сәй-шәй, сәнә шана; Сонымен бірге балалар барлық сөз топтарын пайдалануды граматикалық құрлымның қарапайым түрлерін қолдануды үйренеді салалас құрмалас пен бағыңқы құрмалас сөйлемдерді құрастыруға тырысады. Мысалы: Айдош мектептен келді де шабағын оқуға отырды.
Баланың тілі жетіліп жаңа дыбыстар мен толықтырған әр түрлі буындары бар сөздердің айтылғанда сөздей дыбыстардың дұрыс, дұрыс емесін және олардың бұзылу ерекшелігін айқындауға болады, сөз тіркесін байланыстырып сөйлеу мүмкіндігі артады. Бала өмірден алған тәжірибесінің нәтежиесіде күнделікті тұрмыстағы өзіне жақсы табыс болып қалған заттың атын,түсін тұлғасын,сапасын,белгісін және хал-жайын сөйлеп беруге енді бұрынғыдай қиналмайды. Олар өздерінің үй-іші туралы, айналасында болып жатырған тіршілік туралы емін еркін әңгімелеп бере алады, қысқа әңгімеде құрастырады. Алайда сөйлеу тілінің хал-жайын жан-жақты мұқият тексерген кезде тілге қатысты жүйенің бір бөлігін толық дамуын айқындайтын көріністі көруге мүмкіндік туады. « Тіл мүкістігі бар балалардың жанұясымен жұмыс түрлері»
Балаға жеке және психикалық тәрбие беру балалық шақтарынан басталады. Барлық дағдылар отбасынан алынады, соның ішінде дұрыс сөйлеу дағдысы да отбасында қалыптасады. Баланың сөйлеу тілі туған туыстарынан алған үлгі бойынша қалыптасады: анасы, әкесі, әжесі, атасы, үлкен әпке, ағалары. Кейбіреулері баланың сөйлеудегі дыбыс шығару жағы үлкендердің көмегісіз, өзбетімен дамиды деп ойлайды, бірақ бұл қате түсінік болып табылады.
Сөйлеу тіліндегі олқылықтарды
түзету үшін уақыт өтеді, ал сөйлеудегі дефектілер қалып қояды. Бала
мектепке барған кезден бастап осы олқылықтар оған көптеген
ауыртпалықтарға алып келеді.
Осындай бәледен уақытында арылу үшін логопед маманға көрініп кеңес
алу қажет. Егер де балаға логопедтің сабақтарына қатысу ұсынылса,
бұл ұсынысқа еру қажет.
Осы сөйлеу тілінің олқылықтарын жою үшін логопедтік сабақтар
құрылады. Дегенмен, оң нәтижеге келу үшін, баланы мектепке оқуға
ақаусыз дайындау үшін отбасындағы ата-ананың белсенді көмегі
қажет.
Сөйлеудің бұзылуы- балаларда ең көп кездесетін патология түрі,
сондықтан мамандандырылған көмекті, емдеудің және оңалтудың жүйесін
кешенді ұйымдастыру — маңызы жоғары мәселелер.
Сөйлеу дағдысын қалыптастыруда ата аналар қатысса, логопед пен
баланың жұмысына оң әсерін тигізеді. Егер бұл қатысушылық саналы
түрде болса, жақсы жоспарланған және ұзаққа созылса, онда ол тиімді
бола түседі. Өз ара ынтымақтастық неғұрлым ертерек басталса құба
құп.
Көп жылғы бақылау нәтижесінде, төмендегідей қорытынды жасалды:
сөйлеу ақауы бар балалардың ата аналарының көбісі сөйлеу ақауының
ауырлығын терең түсіне бермейді, тек бет жағындағы проблемаларды
ғана атайды. Қазіргі ата аналардың көбінің педагогикалық білімдері
таяз, немқұрайлы, оның себебі — болмашы психологиялық—педагогикалық
білімнің жоқтығы және баланың әлеміне бойлауға ниеті жоқтығы, ал
бұл жағдай жалпы жұмыстың тиімділігін төмендетуге әкеліп соғады.
Сондықтан, бала тілін дамытудағы сәттілік — ата аналармен
байланысты орнатуға байланысты
Логопедтің жұмысы ата аналарды баланың дамуына қойылатын заманауи
талаптар туралы ақпарат беруге, бала тілінің дамуының нақты
жай-күйін түсіндіруге, осы процестегі ата аналардың және оларды
алмастырушы жандардың ролін түйсінуге көмектесуге бағытталған.
Логопед пен ата аналардың арасында белгілі жұмыс жүйесі
қалыптасады. Отбасымен танысу — ата аналармен қарым қатынас туралы
формалды түрде мәлімет жазып қоюмен бітпеуі керек. Әр түрлі
отбасылармен жұмыста бірдей әдістер қолданған дұрыс емес. Оларды
ата аналардың мәдени, біліми деңгейіне, отбасы тәрбиесінің стиліне,
отбасындағы өзара қарым қатынасқа, өз баласының проблемасын
түсінуге, т.б. байланысты өзгертіп отыру қажет, яғни ата аналардың
педагогтармен өзара байланысып, ынтымақтастықта жұмыс істеу
жолдарын үнемі іздестіріп отыру керек.
Ата аналарды тіл кемістігі бар балаларды дәрігердің де бақылауында
ұстау негіздері туралы хабардар ету керек.
-ата аналарға олардың баласының сөйлеу дамуының деңгейі туралы
толық ақпарат беру.
- ата аналарға сөйлеу дамуының бұзушылық себептерінің түрлерінен
бағдар беру.
-баланың білім алу маршрутын жобалау
-алдағы логопедиялық жұмыстағы ата ана ролін анықтау.
Ата аналармен байланыс -жеке және топтық жұмыс түрлерінде жүзеге
асады. Ол- семинарлар, консультация беру, әңгімелесу, ашық
сабақтар, көрнекі насихат, ақпараттық көрмелер, сауалнамалар
өткізу. Логопедке жұмыстың әр түрі формалды түрде емес, ата
аналарды проблеманы шешуге тартатындай болуы, нәтижелі
ынтымақтастық қалыптастыратындай болғаны маңызды, өйткені кәзіргі
ата-ана педагогтың ұзақ, ығыр қылатын баяндамасын тыңдағысы
келмейді. Бірақ бұл білім беру түзету мекемесінде. Алдымен ата
аналар диагнозды ПМПК-да естиді және көбіне көп мамандардың не
айтып жатқанын түсінбейді, -« бірақ бала нашар сөйледі»,
«дыбыстарды айта алмады», «бала фразалық сөйлеуді меңгермеген»,- «
бірақ ол әлі кішкентай, үйреніп кетеді» -деп жауап береді ата
аналар. Ата аналардың көбісі сөйлеу дамуының этаптарын да
білмегендіктен, –«дислалия», «дизартрия», «ОНР» деген сөздер оларға
тіпті таныс емес. Сондай кезде, кәсіби логопедтің, психологтың
көмегі қажет, олар түсінікті тілмен проблеманың мәнін түсіндіріп,
логопедиялық, психологиялық- педагогикалық көмекті
ұсынады.
Сөйлеу тілінде «Тіл мүкістігі бар балалармен» жүргізілетін түзету жұмыс түрлері және маңызы
Дүние есігін ашқан сәби түрлі дыбыстарды естіп , ажырата бастайды. Адамдардың әңгімесі, жапырақтардың сыбдыры, құстардың сайрағаны секілді. Уақыт өте сол дыбыстарды ауызекі дыбыстау арқылы сөйлеу дәрежесіне жетеді. Егер бала дұрыс, анық түрде дыбыстарды айтып сөйлей білсе, ол оның өз-өзіне деген сенімін күшейтеді, ал керісінше тілінде мүкісі бар бала өзін өзгелерден кем санап, көп сөйлемеуге тырысып, қуыстана бастайды. Ол өз кезегінде баланың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсерін тигізетіні анық. Қазіргі таңдағы еліміздегі және шет елдің ғалымдарының зерттеулері бойынша дамуында түрлі кемістігі бар балалардың саны жоғарылап өсуде.Соның ішінде сөйлеу тілі бұзылған балалардың саны жоғары деңгейде екені анықталды. Біздің басты мақсатымыз-осы балалардың мүмкіндіктерін анықтау, оқыту, тәрбиелеу, түзету жұмыстарын жүргізу. Тіл мүкістігін түзеуде баламен неғұрлым жиі әрі жеткілікті түрде әңгімелесудің маңызы зор. Өкінішке орай, қара қазан қамымен, нәпақа табу мұратымен жүрген ата-ана балаға көп уақыт жұмсай алмайды. Шыны керек, ертегі айтудың өзі келмеске кетіп бара жатқан жайы бар. Сондықтан бұл ретте негізгі міндет балабақшалардағы топқа жүктеледі. Шынын айтқанда, екі жасқа дейін баланың былдырлағаны құлаққа жағымды естілсе, ал екі жастан асқан бала әлі былдырлап жүрсе, онда ол логопедтің қарауына қаралғаны жөн..
Тіл мүкістігін түзеуде :
-Тыныс алу жаттығулары;
-Су-Джок терапия;
-Түрлі дидактикалық,қимылды,мазмұнды,сюжетті, рөлді ойындар және
шығармашылық жұмыстар;
-АРТ терапия;
-лого-ырғақ жаттығулары ;
-Артикуляциялық жаттығулар;
-Жалпы және қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулардың
маңызы зор.
Су-Джок терапия
ХХ ғасырдың аяғында Сеул халық университетінің профессоры Пак Чже Ву өзінің шығыс медицинасын зерттеу жұмысы барысындағы жаңалығы ретінде, адамдардың өзін-өзі түрлі кеселдерден емдей алатындай ерекше әдістемелерін паш етті. Ол әдістеме «су джок» (корей тілінен аударғанда «су» — алақан, «джок» — табан) деп аталды
«Су Джок» терапиясын пайдалана отырып: бұдыр-бұдыр шарлармен, қыры бар қарындашпен екі алақанның ортасына салып айналдыру арқылы жұмыс жасаймыз. Жеке және топпен балалардың өз бетімен саусақтарына массаж жасауға дағдыландырамыз. Мәселен, сырты бұдыр кішкене шар немесе жаңғақты алақанға салып айналдыру арқылы баланың ұсақ моторикасын дамытамыз. Яғни, бұл саусақтарға массаждың бір түрі. Сол секілді карандаш, пластилин, мозайкамен жұмыс та, құмды,қиыршық тасты уыстау, тиындарды іріктеу, көз алдына елестету арқылы ауаға белгілі бір бейненің суретін салу- саусақ қимылын жетілдірудің, ми жұмысын жақсартудың бірден бір жолы.
Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Арт терапияға құммен ойналатын ойындар мен дәстүрден тыс сурет салуды жатқызға болады.
Лого-ырғақ жаттығулары бұл -әуен ырғағымен және сөзбен үйлескен қимылдар жүйесі.Түзету жұмыстарында лого –ырғақтың атқаратын маңызы зор.Себебі музыка оқу қызметінде үнемі лого –ырғақтың элементтерін енгізу тілді , жалпы моториканы және үйлесімділікті жедел дамытуға ықпал етеді. Лого-ырғақ жаттығуларын “денсаулық” білім беру саласында дене шынықтыру оқу қызметінде элементтерін пайдаланамыз.
Қолдың саусақтары жақсы жұмыс жасауы үшін баланың сурет салып үйренуіне, қайшымен жұмыс жасауына, мозайка, пазлы жинауына, түймелерді тағып, шешуі секілді әрекеттерді атқаруына басымдық беріледі.
Көптеген тәжірибелерге сүйенсек,сөйлеу тілі бұзылған балалардың белсенді қозғалуында жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикасында ауытқушылықтар байқалады. Қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл қозғалыстарын дамыту жұмыстары мектепке дейінгі кезеңде де мектеп жасында да маңызды болып табылады. Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда қолдың саусақ және буындарына массаж қолданудың маңызы бар.
Балалардың ұсақ моторикасын дамытуда тақпақпен бірге жасалатын саусақ жаттығуларының да орны ерекше.Данышпан қазақ халқымызда бұған да ерекше назар аударған. Мысалы, «Қуырмаш», «Санамақ» т.б. ойындарды ойнатудың баланың ұсақ моторикасын , көру-қозғалыс тепе-теңдігін сақтауда , зейін қою, есте сақтау, санау қабілеттерін дамытуда маңызы роль атқарады. Ата-аналар мен педагогтың ұсақ моторикаға дұрыс көңіл бөлгені жөн. Ойындар, жаттығулар , түрлі тапсырмалар беріліп отыруы керек.
Ұсақ моториканы дамыту барысында біз осы нәтижеге жетеміз: 1.Сөйлеу тілі жетіледі. 2.Қимыл қозғалыс қабілеті артады.
3.Икемділігі арта түседі.
4.Логикалық ойлау қабілеті дамыйды.
5.Танымдылық деңгейі артады.
Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше.В.А. Сухамлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды.
Барлық жаттығуды баламен бірге жақсы көңіл-күйде орындаймыз, ән айтамыз, жақсы жұмыстарын бағалап, мақтаймыз-бұл өз кезегінде балалардың қызығушылығын оятады. Берілген тапсырмаларды тиянақты орындауға тырысады. Әрбір баламен жеке-жеке жұмыс жасаймыз Баланың кедергілерден өту секілді ойынды ұйымдастыру барысында оны сөзбен де, қол шапалақтау арқылы да қолдап тұрған жақсы нәтиже береді. Әрбір бала мақтау сүйеді. Жылы сөз, жылы қабақ арқылы баланың сөзін де, тәрбиесін де түзеуге болады. Қарапайым жаттығулар барысында балаға түрлі жануарларды таныстырып, олардың жүрісін, қандай дыбыс шығаратынын қайталатқан абзал. Бұл бала үшін әрі қызық әрі керемет жаттығу. Мәселен, мысық қалай жүреді?, ол қандай дыбыс шығарады?- деген сұрақтарға баладан жауап алып, оның қимылын бағалауға болады. Бұдан басқа бірнеше жан-жануарларды атап шығуға болады. Ол үшін әрине, балаларға сол жануарлар туралы алдын ала мәлімет беру арқылы оқу қызметін өткізіп алған дұрыс. Сондай-ақ, аталған аңдарды көз алдына елестетуді үйреткен жөн. Ол өз кезегінде оның логикалық ойлау қабілетін дамытады. Ойын арқылы баламен қарым-қатынас нығаяды, сенім артады, баланың өз-өзіне деген көзқарасы жақсы жағына қарай өзгереді, көрсем, білсем деген ынтасы, қызығушылығы оянады. Ойын ақыл-ойды дамытатын тәсіл. Сондықтан оны тиімді пайдалану арқылы көздеген нәтижеге жетуге әбден болады. Ұлттық құндылығымыз-қолөнерге баулу да осы моториканы дамытуда өзіндік роль ойнайды. Жуан жіптен тоқыманың қарапайым түрін тоқу, түйін жасау, оны тарқату. Аппликация, жапсырма жасау, бір уыс бидай мен күрішті араластырып, балаға оны бөлек ажыратуды тапсыру да әрі қызық әрі пайдалы істің бірі. Бастысы, кез келген тапсырманы баланың қызығушылығын тудыратын ойын түрінде ұсынған дұрыс және педагог өзінің көңіл күйінің де көтеріңкі болуын қадағалағаны жөн, жағымды эмоционалдық жағдай жұмыс жасау қабілетінің жақсаруына, психикалық тонусының жоғарылауына әсерін тигізеді. Баламен неғұрлым көбірек сөйлесіп, оны диалогқа тарта білу қажет.Сол арқылы оның сөздік қоры қалыптасады. Тек баланың дұрыс сөйлеуін ғана бақыламай, өзінің де құлаққа жағымды, дыбыстарды анық, мәнді етіп айтуына үлкен маңыз беріледі.Шағын ғана қуыршақ театрын, көлеңке театрын, көңілді эстафета ұйымдастырып, балаларды қызықтырып, көтермелеп отыру-тіл мүкістігін түзетуде ерекше роль ойнайды. Не десек те, басты нәрсе – ниет пен мүдде. Педагогпен ата-ана осы ретте мүдделі болса, кез келген кедергіні жоюға, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Тәуелсіз еліміздің ертеңі-балғындардың ақылды, өз-өзіне сенімді, ені сау, зерек болып өсуі-ортақ мүддеміз. Міне осы бағытта біз ең тиімді, ең дамыған, ең керемет тәсілдерді қолданамыз. Өз жұмысымыздың жақсы нәтижесін көргенде, бізден бақытты жан жоқ. Бұл жұмысымызды одан әрі инновациялық тұрғыда дамыта бермекпіз.
«Мұнайлы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті»КММ
Баяндама
Тақырыбы: «Сөйлеу тілінің мүкістігі бар балалардың сөйлей алу қабілеттерін қалыптастыру».
Дефектолог: Нурмаганбетова А.С.
2018жыл