Тақырыбы: Сыр сұлуы-2022

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Сыр сұлуы-2022

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте өтілетін іс шара мұғалімдермен тәжірибе алмасу арқылы жариялап жатырмын Тақырыбы Сыр сұлуы-2022
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Мектеп директоры: С.Мошкалов


Түркістан облысы

Шардара ауданы

«Қоссейіт» жалпы орта мектебі






Сыр сұлуы-2022









Тәлімгер:Г.Кузембаева



















Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұр бшаңырақтың құт берекесі екенін ұғындыру, әдептілік, сыпайылық, инабаттылық, мол мейірімділік, төзімділік, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қызды тәрбиелеу.

І жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар! Ата-аналарымыз, ұстаздарымыз, әпке жеңгелеріміз, құрбы құрдастарымыз.

ІІ жүргізіші: «Сыр сұлуы-2020» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтарды осы байқауға қатысқалы келген ару қыздарды және төрелік жасайтын қазылар алқасын көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз

І жүргізуші:

«Сыр сұлуы» сайысы, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.

Бір көргенде болмай-ақ сахнада,

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.

ІІ жүргізуші:

Қырмызды қызыл гүлсіңдер ме екен?

Бақытты іздеп жүрсіңдерме екен?

Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,

Жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген.

І жүргізуші: Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын бұлардың барлығы біздің әсем қыздарға айтылған теңеулер. Ендеше бізді өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарды ортаға шақырайық.

ІІ жүргізуші:

Қуантады білімімен бізді Гүлнұр қыз,

Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.

Білімің серік болсын талабыңа,

Бүгінгі қабыл болып тілегіміз.

І жүргізуші: Өнер қуған жасынан,

Өнері судай тасыған.

Келесі біздің Аружан,

Көрінген көштің басынан.

ІІ жүргізуші: Сабырлы әрі салмақты ,

Өзі өнерлі жан-жақты.

Келе жатқан Гүлжайна қыз,

Жарысты бүгін жалғапты.

І жүргізуші: Бәріміз жақсы көретін,

Жарыста демеу беретін.

Келесі біздің Арайлым

Шырқап ән салып беретін.

ІІ жүргізуші: Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл, сана.

Көркіне ақылы сай келетін.

Келесі келе жатқан қыз Аружан болар.

І жүргізуші: Шығады мың бұралып Нурила биші,

Өнерді сүйген бәрін сүйші.

Қыздары бұл сыныптың бәрі өнерлі,

Шығады арасынан әнші, күйші.

ІІ жүргізуші: Енді бүгінгі қыздарымыздың өнерін бағалап отыратын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.

І жүргізуші:

1.--------------------------------------

2.----------------------------------------

3.-------------------------------------

ІІ жүргізуші:

Құрметті көрермендер, енді бүгінгі байқаудың бағдарламасымен таныс болыңыздар!

І жүргізуші:

  1. Тур «Сәлемдесу-өнер» ( ән, би, монолог, спорт) -2 мин.

  2. Тур. Викторина-сұрақ-жауап (тарих, әдебиет, салт-дәстүр)

  3. Тур «Он саусағынан бал тамған» сол жерде қамырды жайып, кеспе кесу.

  4. Тур. Сән-салтанат ( ұлттық киім сәні, ерекше дизайн, өзгешелігі бағаланады)

ІІ жүргізуші:

Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен арулар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

І жүргізуші:

Текті болу ұрпаққа, біздерге сын,

Құрметтеп ата-баба салт дәстүрін,

Тыңдайық кезекпенен аруларды, сызылып ортамызға келген бүгін, - деп

Бүгінгі байқауымыздың 1-ші « Өзін-өзі таныстыру» бөлімін бастаймыз.

ІІ жүргізуші:

1-ші нөмерлі қызымыз Игамберді Гүлнұр

І жүргізуші:

2-ші нөмерлі қызымыз Ермекбаева Аружан

ІІ жүргізуші:

3-ші нөмерлі қызымыз Жолшы Гүлжайна

І жүргізуші:

4-ші нөмерлі қызымыз Жорабекова Арайлым

ІІ жүргізуші:

5-ші нөмерлі қызымыз Қошқарбаева Аружан

І жүргізуші:

6-ші нөмерлі қызымыз Анарбай Нурила

ІІ жүргізуші:

Таныс болдық арулар тегіменен,

Туып өскен мекені, еліменен.

Маған тартқан бәрі ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

І жүргізуші:

Қазақтың түрлі-түрлі дәстүр бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен сайыскер,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар, -деп

2-ші бөліміміз салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қоюдан бастаймыз.

ІІ жүргізуші:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би –билеп ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі көктем аруы байқауында бәйге алуға,

Арулар аянбай-ақ жан салыпты деп.

Ендігі кезекті 3-ші бөліміміз осы жерде қамырды жайып, кеспе кесу айдарына береміз.

І жүргізуші:

4. Қыздарға әсемдік жарасады ( сән үлгісі)

ІІ жүргізуші: Ән------------------------ Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші,

Ару деп мектептің жүрейікші.

Әділ-қазыларға тек әділетті,

Ал аруларға сәттілікті тілейікші.

І жүргізуші: Сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

ІІ жүргізуші: Құттықтаймыз ал енді.

Ару болған баланы.

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлеп талабы.

Қуаныштан жанары

Шоқтай болып жанады.


І жүргізуші: Осыменен бүгінгі «Сыр сұлуы-2020» байқауы өз мәресіне жетті.

Көңіл бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.10.2022
407
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі