Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері
Өтпелі тақырып «Табиғат әлемі»
Тақырыпша: Жабайы табиғат әлемі
Мақсаты: Балалардың 1цифры туралы білімін нығайту; цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; жұмбақты көрген мәліметтерге сүйене отырып шешуге үйрету; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен , кіші, кішкентай) салыстыруға,заттарды сол белгілері бойынша біріктіруге үйрету; үшбұрыш туралы білімін нығайту, оны өзге фигуралардың арасынан табуды үйрету;үшбұрыштың көлемі жағынан әртүрлі болатынын түсіндіру.
|
Іс-әрекет қызметтері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Педагог балалармен жылы шыраймен амандаса бастайды. Шаттық шеңбер: Балапандай тең басқан, Дос құшағын елге ашқан. Тілегіміз тыныштық, Ашық болсын кең аспан. Мықты болсын іргеиіз, Бәрімізде біргеміз! |
Балалар тыңдап отырып,қимылын қайталайды. |
|
Ұйымдастыру-іздестіру |
Педагог жұмбақ жасырады: Таңғажайып кірпішті, Бір-біріне қаладым. Ұнамаса құлатып, Қайта-қайта қаладым. ( Текшелер) Кезікті кербез сұлу, Бір жануар. Үстінде Екі тауы бар. (Түйе) 1-тапсырма. Педагог: «Неше текше, неше түйе, неше доп бар?» – деп сұрайды. 1 цифры бір затты білдіретінін түсіндіреді. Балаларға 1 цифрын бояуды ұсынады. 2-тапсырма. Педагог сол жақта тек 1 цифры жазылғанын көрсетеді. Балаларға 1 цифрына сәйкес заттарды бояу туралы тапсырма беріледі. –Неше шәйнекті боядыңдар (бір), неше тақия (бір), неше Күнді (бір) боядыңдар? Сергіту сәті. Кәне, қанат жазайық, Қарлығашқа ұқсайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық, Білімде алда болайық. Педагог өз қалауынша ұйымдастырады. 3-тапсырма. Арыстан мен тасбақа: «Пальмаға кім бірінші жетеді?» – деп бәстеседі. – Сендер қалай ойлайсыңдар, не бірінші жетуі мүмкін? –Неге арыстан бірінші жетеді деп ойлайсыңдар? Педагог «жылдам – баяу» түсініктерін сөздік қорларына енгізу жұмыстарын жүргізеді. Педагог балаларға пальмаға бірінші жеткен аңды бояуға тапсырма береді. 4-тапсырма. Педагог жұмбақ жасырады: Үш бұрышы, Үш қабырғасы бар Бұл қандай пішін? Үшбұрышты жан-жақты қарап зерттеу. – Кәне, үшбұрыштың қанша төбесі, қанша қабырғасы бар екенін тексерейік. – Үшбұрыштың қандай қабырғалары ұқсас?
– Үшбұрыштардың ең үлкенін қызыл қарындашпен, одан кішілеуін көкпен, ал ең кішкентайын жасыл түспен бояңдар. |
Балалар мұқият тыңдайды. Жұмбақтың жауабы: -текшелер -түйе тапсырманы орындайды. Сегрігу сәтін қайталау Сұраққа жауап береді. Үшбұрыш 3 төбесі 3 қабырғасы бар |
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Өзін-өзі бақылау өзі атқарған жұмысқа баға беру.Балалардың ойын білу үшін,сұрақ қойып, жауап күтеді. 1. -Балалар біз бүгін неше санмен таныстық? -Қандай пішінмен таныс болдық. -1 саны сандардың басында тұрама? |
Балалар өз ойларын айтады. Сұраққа жауап береді. |
Күтілген нәтиже:
Қолданды ; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен , кіші, кішкентай) салыстыруға,
түсінеді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді, жұмбақтарды шеше білуді, көптеген пішіндердің ішінен үшбұрышты таба білуді;
қайталай алады 1 цифрын, үшбұрыштардың көлемі жағынан әртүрлі (үлкен, кіші, кішкентай) болатынын; «жылдам», «баяу» ұғымдарын
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы: «Табиғат әлемі»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері
Өтпелі тақырып «Табиғат әлемі»
Тақырыпша: Жабайы табиғат әлемі
Мақсаты: Балалардың 1цифры туралы білімін нығайту; цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; жұмбақты көрген мәліметтерге сүйене отырып шешуге үйрету; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен , кіші, кішкентай) салыстыруға,заттарды сол белгілері бойынша біріктіруге үйрету; үшбұрыш туралы білімін нығайту, оны өзге фигуралардың арасынан табуды үйрету;үшбұрыштың көлемі жағынан әртүрлі болатынын түсіндіру.
|
Іс-әрекет қызметтері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Педагог балалармен жылы шыраймен амандаса бастайды. Шаттық шеңбер: Балапандай тең басқан, Дос құшағын елге ашқан. Тілегіміз тыныштық, Ашық болсын кең аспан. Мықты болсын іргеиіз, Бәрімізде біргеміз! |
Балалар тыңдап отырып,қимылын қайталайды. |
|
Ұйымдастыру-іздестіру |
Педагог жұмбақ жасырады: Таңғажайып кірпішті, Бір-біріне қаладым. Ұнамаса құлатып, Қайта-қайта қаладым. ( Текшелер) Кезікті кербез сұлу, Бір жануар. Үстінде Екі тауы бар. (Түйе) 1-тапсырма. Педагог: «Неше текше, неше түйе, неше доп бар?» – деп сұрайды. 1 цифры бір затты білдіретінін түсіндіреді. Балаларға 1 цифрын бояуды ұсынады. 2-тапсырма. Педагог сол жақта тек 1 цифры жазылғанын көрсетеді. Балаларға 1 цифрына сәйкес заттарды бояу туралы тапсырма беріледі. –Неше шәйнекті боядыңдар (бір), неше тақия (бір), неше Күнді (бір) боядыңдар? Сергіту сәті. Кәне, қанат жазайық, Қарлығашқа ұқсайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық, Білімде алда болайық. Педагог өз қалауынша ұйымдастырады. 3-тапсырма. Арыстан мен тасбақа: «Пальмаға кім бірінші жетеді?» – деп бәстеседі. – Сендер қалай ойлайсыңдар, не бірінші жетуі мүмкін? –Неге арыстан бірінші жетеді деп ойлайсыңдар? Педагог «жылдам – баяу» түсініктерін сөздік қорларына енгізу жұмыстарын жүргізеді. Педагог балаларға пальмаға бірінші жеткен аңды бояуға тапсырма береді. 4-тапсырма. Педагог жұмбақ жасырады: Үш бұрышы, Үш қабырғасы бар Бұл қандай пішін? Үшбұрышты жан-жақты қарап зерттеу. – Кәне, үшбұрыштың қанша төбесі, қанша қабырғасы бар екенін тексерейік. – Үшбұрыштың қандай қабырғалары ұқсас?
– Үшбұрыштардың ең үлкенін қызыл қарындашпен, одан кішілеуін көкпен, ал ең кішкентайын жасыл түспен бояңдар. |
Балалар мұқият тыңдайды. Жұмбақтың жауабы: -текшелер -түйе тапсырманы орындайды. Сегрігу сәтін қайталау Сұраққа жауап береді. Үшбұрыш 3 төбесі 3 қабырғасы бар |
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Өзін-өзі бақылау өзі атқарған жұмысқа баға беру.Балалардың ойын білу үшін,сұрақ қойып, жауап күтеді. 1. -Балалар біз бүгін неше санмен таныстық? -Қандай пішінмен таныс болдық. -1 саны сандардың басында тұрама? |
Балалар өз ойларын айтады. Сұраққа жауап береді. |
Күтілген нәтиже:
Қолданды ; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен , кіші, кішкентай) салыстыруға,
түсінеді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді, жұмбақтарды шеше білуді, көптеген пішіндердің ішінен үшбұрышты таба білуді;
қайталай алады 1 цифрын, үшбұрыштардың көлемі жағынан әртүрлі (үлкен, кіші, кішкентай) болатынын; «жылдам», «баяу» ұғымдарын
шағым қалдыра аласыз













