Тәуелсіздік жасасын!
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алу туралы түсінік беру. Отанымыздың байлығы туралы, жеріміздің үлкендігі туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балалардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін дамыту.
Ортада Әже мен немересі отырады.
Немересі: Әже, Әжетай! Далада аспанға жарқылдаған салют атып жатыр. Жүріңіз көрейік.
Әже: Е-е-е-е, жарығым бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет қой! Жақсылығымыз ұзағынан болсын!
Немересі: Әжетай, Тәуелсіздік деген не?
Әже: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ!
Немересі: Ендеше мен достарымнан сүйінші сұрайын. Алақай, алақай сүйінші! Тәуелсіздіктің таңы атып келеді!
Қолдарына жалау ұстаған балалар музыка әуенімен залға кіреді. Ырғақты би қимылдарын жасайды.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз! Біздің балаларымыз дайындаған «Тәуелсіздік жасасын!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Әнұран.
Музыка әуенімен Әже келеді. Балалармен амандасады.
Әже: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мерекелерің құтты болсын! Отанымыз әрқашан гүлдеп, өркендей берсін!
Жүргізуші: Келіңіз әже, төрлетіңіз, қонақ болыңыз. Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Әже: Ә-әә, иә, қазір ең әуелі мына менің қоржынымда түрлі-түсті асықтар бар, олар жай асықтар емес, сиқырлы асықтар. Оларда тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды сендер орындайсыңдар жарай ма?
Жүргізуші: Балалар, әженің сиқырлы асықтарының тапсырмасын орындаймыз ба?
Балалар: Иә
Әже: Олай болса 1-ші тапсырма. Мына асықтың түсі қандай? Осы асықтың тапсырмасын орындау үшін сұрақты немерем Мирас қояды.
Бала: 1-ші сұрақ:
Тәуелсіздік жолында
Тапқан істің шешімін.
Президенті қазақтың,
Айтшы кәне есімін?
Жауап: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
2-ші сұрақ: Отан деген сөзді қалай түсінеміз?
Отан деген – Туған жер!
Отан деген – менің қалам!
Отан деген – өз елім!
Отан деген – балабақшам!
Отан деген – отбасым!
Отан деген – атам, әжем, әкем, анам!
3-ші сұрақ: Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Бала: Отан – біздің әніміз,
Отан – біздің сәніміз.
Ер жетеміз туған ел,
Сені сүйіп бәріміз.
Әже: Өте жақсы балалар, жарайсыңдар.
Жүргізуші: Әже, біздің балалар Отанымыз Қазақстан туралы тақпақтар біледі, қәне келіңіз отырыңыз біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
1 бала: 16-шы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Атамменен барғанмын.
2 бала: Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлық той!
3 бала: Аралаймын алаңды,
Тәуелсіздік күнімен.
Батыр Қайрат ағамның,
Суретіне үңілем.
4 бала: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Ән: «Отаным»
Жүргізуші: Ал енді біздің балалардың қазақ биін тамашалайық.
Би: «Қазақ биі»
Жүргізуші: Ала енді балалар қәне біз сендермен Әжеміздің сиқырлы асықтарымен қызықты ойын ойнайық.
Ойын: «Сиқырлы асық»
Жүргізуші: Балалар, біз бақыттымыз, себебі тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Енді экранға назар аударайық, бұл қазақтың үш биі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Төле би ақылды, әділ, Қазыбек би тапқыр, батыл, ал Әйтеке шешендігімен қоса ел басқарған екен. Елін-жерін қорғауда күрескен батырларымыздың ерлігі кейінгі ұрпаққа өнеге. Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік – осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады. Біздің батырларымыз осы біздің билерімізден келіп бата алған. Ал енді біздің кішкене көрінісімізді тамашалайық.
Сахналық көрініс.
Сахнада қазақтың билері отырады. Батырлар келіп билердің алдына тізерлеп отырады. («Көш керуен» ойнатылады)
Әйтеке би: Ал бүгінгі бас қосуымыздың үлкен себептері болып тұр. Біздің батырларымызға ақ батамызды берейік.
Төле би: Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір үйдің атасы болма,
Бір елдің санасы бол.
Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол!
Қазыбек би: Жеріміздің шетін жау шаппасын деп,
Үкіге найза таққан елміз.
Дәм-тұзды ақтай білген елміз,
Досымызды сақтай білген елміз!
Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін!
Екі батыр бірігіп:
Туған жерді қадірлеп,
Отанды біз қорғаймыз!
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, қәне батырларымызбен бірге ойын ойнайық.
Ойын: «Қамшы алу»
Жүргізуші: Ал енді балалардың үш тілде тақпақтарын тыңдайық.
Бала: Қуат алған өзіңнен,
Туған жердің қызымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін!
Бала: Казахстан – земля родная,
Очень любим мы тебя.
Море, горы, даль, степная,
Это Родина моя!
Бала: Зис каунтри из биг,
Зис каунтри из бюти.
Май каунтри ё каунтри,
Лет ит би гуд.
Өлең: «Тәуелсіз ел ұланы!»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: "Тәуелсіздік жасасын!"

шағым қалдыра аласыз