Бастауыш сынып
мұғалімі:Рахметова Гульнар Каирканқызы
Білімі:
жоғары,
Қостанай гуманитарлық
институты ,2005 жылы 26 маусым, бастауыш
сынып мұғалімі және әлеуметтік педагог.
Квалификациялық
категориясы - жоғары; санаты-1; еңбек
өтілі-30 жыл.

Қостанай
облысы
Әулиекөл
ауданы
Аманқарағай
ауылы
№2
Аманқарағай орта
мектебі
Бастауыш сынып
мұғалімі:Рахметова Гульнар Каирканқызы
Тақырыбы: «Тілім менің тірегім, соғып
тұрған жүрегім»
Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан»
құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.
Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі
маңыздылығын түсіндіру; - ана тіліне деген құштарлықты арттыру; -
ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі:презентация,тақпақтар,әндер,шарлар.
Ертеңгіліктің
өткізілуі.
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
Ұраны: Қазақ тілім-тірлігімнің
айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Мұғалімнің кіріспе
сөзі. Қазақстан Республикасы
1991жылы16желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап,дербес мемлекет
болады.Ол бүгін де дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс
орнатқан,бүкіл әлем таныған елге айналды.Біз өзіміздің
Әнұранымызбен,Туымызбен,Елтаңбамызбен,теңгемізбен басқа елдерге
мақтаныш етеміз.Қазақстан-Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен
енселі,Әнұранымен айбатты. Қазақстан Республикасының
Гимні орындалады. Мұғалім: Қазақ тілі-қазақ халқының ана
тілі.Адам баласы дүниеге келіп,есі кіре бастағаннан-ақ адам
қасиеттер қалыптастыратын әдептілік,ізгілік пен ізеттілікке толы
халықтық ақыл сөздерін,тілдің күшін,киелі қасиетін ана тілінде ұғып
үйренеді. Ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасы
бар,ұрпақтан жеткізуші,дамытушы,қастерлеуші халық-тіл анасы,тіл
бұлағы.Сондықтан да халқымыз тілін «ана тіл»деп атаған.Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.Тіл туралы Заң 1997жылы
11шілде айында қабылданды.Қазақ тілі өте бай,әрі көркем тілдердіңғ
бірі. Қазақ тілі түрік тілдер тобына кіреді.
Балалар құтты болсын тілің
бүгін, Ашатын жан сарайын білімдерінің. Кешегі анаң айтқан, бабаң
айтқан, Тіліне зер салыңдар
бұрынғының.
1-оқушы:
Жәнібек «Ана тілім
–бақытым» Ана тілім,дана тілім бақытым,
Қазақ тілін білу менің парызым. Тілім менің ұмытылмас тірлігім, Кім
біледі тіліміздің тағдырын. Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде, Сен
болмасаң болар ертең күнім не? Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.
Қазақ болып қалу үшін түбінде. Қазақ тілім бас иемін мен саған,
Тілге деген болу керек кең талғам. Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.
«Ана тілім»әні орындайтын
3-сынып оқушылары
2-оқушы:Думан Тіліміздің тарихы бар қол
жетпес, Айтсаң оның тарихына сөз жетпес. Өткеніне тіліміздің көз
жүгіртсек, Тіліміздің тарихы бар сан жетпес. Тіл деген қасиетті
ұғым екен, Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен. Ұмытпайық тілімізді
ешқашан. Қасиетін сақтайтұғын сырым екен. Тілім саған әрқашанда бас
иемін, Бар ғой сенің бойыңда қасиетің. Тіліміз деп әрқашан мақтан
тұтқан, Ұмытпайық бабалардың өсиетін.
«Қызыл өрік»биін орындайтын
Жаксылыкова Аруана
3-оқушы:Фариза Мәртебесі тіліміздің биік
екен, Қазағыма қазақ боп енген екен. Тілімізді ұмытпайық әрқашан,
Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.
4-оқушы:Аруана Тілім саған арналады бар
күнім, Сен арқылы таси түсті шаттығым. Қазақ тілін білмесең сен
егер де, Онда сенің қазақ тілге жоқтығың.
5-оқушы:Дана Қазақ тілім сенсің бар гүлім,
Арналады менің саған бар күнім. Ана тілін ұмытпасаң ешқашан,
Жоғалмайды ешқашанда пәктігің.
6-оқушы:Аслан «Қазақстанның болашағы-қазақ
тілінде.Ана тілі-бәріміздің анамыз,өйткені ол –ұлтымыздың
анасы.»Н.Ә.Назарбаев
7-оқушы:
Б.Нұрсұлтан Ана тілім-абырой,ар-намысым,
Тілім болса болады қолда күшім. Тіл болмаса қалайша орындалар,
Арман –ойым,мақсатым алдағы ісім.
8-оқушы:Айдана Халықтығым-біртұтас алыптығым,
Ана тілім-алдағы жарық күнім. Төбем көкке жеткендей қуанамын,
Тілімнің құдіретін танып бүгін.
«Балдырғандар
әні»орындайтын Мендыханов Қаныбек пен Асимова
Жансая
9-оқушы:Қаныбек О,менің қасиетті Ана тілім,
Жебей гөр астына алып қанатыңның. Қазақ деген бойымда қаным барда,
Өзіңсің көтеретін дара туым.
10-оқушы:Еркебұлан Танытқан қазағымның
қазақтығын, Танытқан қазағымның азаттығын. Танытқан қазағымның
ғажаптығын, Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім. Сенімен
Махамбетті,Абайды ұқтым, Сенімен Жамбыл жыры-арайды ұқтым. Сенімен
мейірімді ананы ұқтым, Сенімен мейірімді даламды
ұқтым.
Мұғалім: Әрбір тілде сөйле әлемді таң
қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық. Өсер балаң, байтақ далаң
тұрғанда. Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
11-оқушы:Гульнура Орысшаға жорға болсаң не
деймін, Ағылшынша ағып тұрсаң,е,мейлің. Аппақ сүтін
ақтамайсың,анаңның, Ана тілдің асырмасаң
мерейін.
«Улыбка» әні орындайтын
Сарсембаева Томирис
12-оқушы:Еламан Туған тілде сыры терең жаным
бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан
қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
13-оқушы:Ерсұлтан Сүйемін туған тілді-анам
тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен
минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнім. Ең бірінші сол тілмен
сыртқа шықты, Сүйгенім,сүйсінгенім,жек
көргенім.
14-оқушы:Али Ана тілім,туған тілім,бал
тілім, Сен арқылы дүние танып талпындым. Сен арқылы әлемге аян бар
ісім, Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған
бол! Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол, Шет тілі мен компьютерді
меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол! Сол тілменен
махаббатқа тіл қаттым, Сол тілменен талай гүлді жырлаттым. Сол
тілменен сәбилерді сөйлеттім, Талайлардың көз жастарын құрғаттым.
Сол тілменен аспан көрдім,жер көрдім, Сол тілменен көгершінге жем
бердім. Сол тілменен дүниеден кетемін, Сол тілменен дүниеге мен
келдім.
Ағылшын әні мен биі
«Флай-флай»,ұш-ұш көбелек әнімен билейді Сарсембаева
Томирис,Казымбекова Аяна және Төлеухан
Фариза
15-оқушы
Арыстан Әрбір тілде сөйле әлемді таң
қылып, Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық. Өсер балаң байтақ далаң
тұрғанда, Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
16-оқушыДамир -Қуан далам!Қуанатын күн
бүгін! Серпіп таста,мұңды жүрек түндігін! Тіл туралы Заңым енді
күшінде, Паш еткендей кескен жаңа
кіндігін!
17-оқушы:Елдана Туып өскен Торғайдың
даласында, Қайран елі-қазағы санасында. Тілі үшін жазықсыз жапа
шеккен, Арысың кім,ойланбай табасың,ба? (Ахмет
Байтұрсынов)
18-оқушы:Мереим Елім деп,тек алып соққан
жүрегі, Ахметтей ағасына іні еді . Қазақ тілін терең
зерттеп,танытқан, Ғұламаның есімін кім біледі? (Құдайберген
Жұбанов)
19-оқушы:
Аяна Ана тілі-біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап,бағып-қағамыз. Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз. Ана тілін кім аялай білмесе,
«Жасынан безген ұл!»-деп қараңыз.
Мұғалім: Құлаққа сондай жағымды, Сөз
құдіретін ұқтырып. Шырқа сазды әніңді! дей келе мына әнді қабыл
алыңыздар.
20-оқушы:Гульнура Елбасымыз жолдайды, Халқы оны
қолдайды. Ешқашанда орынсыз, Шешімдері болмайды. Елбасы елді
қорғайды, Халық қамын ойлайды. Осындай жақсы адамның, Жақсылығы
тарайды. Тәуелсіздікті елге сыйлайды, Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы, Халқымызда ажарлы. Осының бәрі әрине, Елбасының
арқасы.
«Астана» әні орындайтын
Аңсаған Дамир,Мендыханов Қаныбек,Жаксылыкова Аруана және Асимова
Жансая.
Қорытынды. Ана тілім -
ұраным, Ана тілім -
құралым. Ана тілім
болмаса, Болмас еді жыр -
әнім. Ана тілім -
елдігім, Ана тілім -
ерлігім. Ана тілім
болмаса, Бүтінделмес
кемдігім...
Екеуі бірге қосылып: Думан
және Елдана
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат. Ана тіл-арым,иманым,
Аманат,саған,аманат.
Осымен №2Аманқарағай орта
мектебенің 3-сынып оқушылары дайындаған ашық тәрбие сағатының
концерттік бағдарламасы аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін
көп рахмет!