Тақырыбы: “Тұздың құпиясы”

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: “Тұздың құпиясы”

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы:“Тұздың құпиясы” Зерттеу мақсаты: тұздың адам ағзасына пайдасын айқындап ашып көрсету. Зерттеудің міндеттері: -тұздың түрлерімен таныстыру; -тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету; -тұзға қатысты айтылған мақалдар мен ырымдар жайлы саралау, аңыз-әңгімелерді жаңғырту; Зерттеудің гипотезасы: көп жағдайда тұздың адам ағзасына әсерінің ескерілмеуі. Тұздың пайдасы, емдік қасиеті және басқа да ерекшеліктері туралы жинақтау. Зерттеуге болжам: Егер тұздың адам ағзасына әсерін айқындап белгілесек, онда көптеген игерілмей жатқан тұзды көлдерден өндірістік орындар ашып, шипажайлар ашуға көп үлесін тигізер еді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

2 Аманқарағай орта мектебі» ММ




Shape1

Тақырыбы:

Тұздың құпиясы”



































Дайындаған: Оразғали Дильяра

3 - сынып оқушысы

Жетекшісі: Рахметова Гульнар Каирканқызы





Аманқарағай ауылы – 2018 жыл







Мазмұны

I.Аннотация-----------------------------------------------------------------------------3

2.Кіріспе--------------------------------------------------------------------------------4-5

II. Негізгі бөлім

3. Тұздың адам өмірінде алатын орны --------------------------------------------6-8

4. Тұздың көптеген пайдалы тұстары---------------------------------------------9-11

5. Тұзға қатысты мақал-мәтелдер, ырымдар мен тыйымдар---------------12-13

6. Аңыз -әңгімелер-------------------------------------------------------------------14-15

7.Тұздыкөл-дала дәрігері----------------------------------------------------------------16

8.Қорытынды------------------------------------------------------------------------------ 17

9. Ұсыныс------------------------------------------------------------------------------------

10. Пайдаланған әдебиеттер--------------------------------------------------------------

































Аннотация

Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, металлургия, шыны, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады. Тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз кабатының қалыңдығы (тұз күмбездері) 2 км-ден асады. Қазақстан жылына шамамен 426 мың тонна тұз өндіреді. Соның ішіндегі 60-65 мың тоннасы ас тұзы. Ал йодталған сапалы тұз бізге Ресей мен Белорусьтен келеді. Елімізде тұз өндірумен 40-тан астам кәсіпорын айналысады. Бірақ ішкі нарықтың жартысынан көбін, яғни, 55 пайызын «Аралтұз» акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді. Мәселен, 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінің өзінде ғана 4 миллион пұтқа жуық тұз өндірілді. Онда 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Коряков кәсіпшілігінде өндірілген тұз негізінен Батыс және Шығыс Сібірге, сондай-ақ Оба өзеніндегі балық кәсіпшіліктеріне жөнелтіліп отырды.Сондықтан елімізде сапалы йодталған тұз шығаратын кәсіпорындардың аз болуы, ал тұз болса адам өмірінде қаншама пайда әкелетіні менің тақырыбымның өзектілігі болмақ.
Менің осы тақырыпты алудағы мақсатым- тұздың адам өміріндегі пайдасын айқындап,қарама-қайшы зиянды жақтарын да ашып көрсету
Осы мақсатқа жету барысында мына міндеттерді алға қойдым:
-тұздың түрлерімен таныстыру (Қосымша- 2)
-тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету
-тұзға қатысты айтылған мақалдар мен ырымдар жайлы саралау, аңыз-әңгімелерді жаңғырту
Зерттеу жұмысында жинақтау, талдау, ақпарат беру, мазмұнын ашу және т.б. әдіс-тәсілдерді қолдандым.














Кіріспе

Тақырыбы:“Тұздың құпиясы”

Зерттеу мақсаты: тұздың адам ағзасына пайдасын айқындап ашып көрсету.
Зерттеудің міндеттері: 
-тұздың түрлерімен таныстыру;
-тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету;
-тұзға қатысты айтылған мақалдар мен ырымдар жайлы саралау, 
аңыз-әңгімелерді жаңғырту;
Зерттеудің гипотезасы: көп жағдайда тұздың адам ағзасына әсерінің ескерілмеуі.
Тұздың пайдасы, емдік қасиеті және басқа да ерекшеліктері туралы жинақтау.

Зерттеуге болжам: 
Егер тұздың адам ағзасына әсерін айқындап белгілесек, онда көптеген игерілмей жатқан тұзды көлдерден өндірістік орындар ашып, шипажайлар ашуға көп үлесін тигізер еді.

Зерттеу объектісі: Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай.

Зерттеу пәні: Дүниетану пәнінен де оқып үйренеміз.
Зерттеу әдіс-тәсілі:
- мерзімді басылымдардан ақпарат жинау; 
- статистикалық деректерге сүйену;
- интернеттен ақпарат жинау;
- энциклопедия, кітаптар мәліметтеріне сүйену;

Зерттеудің жаңалығы:Тұз тұтыну үшінде, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып сату үшін де өндірілді.Тұз – ағзаның дұрыс және толассыз түрде қызмет етіп отыруына арналған қажетті компонент.
Зерттеу нәтижесі мен қорытындысы: 
Тұздың құпиясын аша отырып, адам ағзасына әсерін анықтаудың нәтижесінде елімізде игерілмеген тұзды көлдерден өндіріс орындары мен шипажайлар ашуға бағыт беру














Тұздың адам өмірінде алатын орны

1 Тұздың адам өмірінде алатын орны
1.1 Денсаулыққа емдік қасиеті
Тұздың адам өмірінде, өнеркәсіп, медицинада адамдардың тұзсыз тамақ ішпек түгілі, өмір де сүре алмайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат. 
Қазір дәрігерлер науқастарға тұз бен қантта шектеу қойғанымен, оларға тұзды мүлдем қолданба деп ешқандай ақыл-кеңес бермейді. Біздің халқымызда «Ет бұзылса, тұз салар, тұз бұзылса, не салар?» деген қанатты сөз бар. Бұл тұз тәрізді қасиетке ие ешқандай заттың әлемде жоқ екендігін де паш етеді.
Ас тұзының ағзаға қажеттілігі жайлы айтатын болсам. Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат — ас тұзы. Ол тағамдардың дәмін келтірумен бірге қажетті су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Ғылыми зерттеу деректеріне арқа сүйесем, адам ағзасында күн сайын тамақ арқылы орташа есеппен 10—15 грамдай ас тұзы сіңіріледі. Тағамда минералды заттардың, олардың ішінде ас тұзының жетімсіздігі әртүрлі ауруларды тудырады. Егерде жануарларды минералды заттардан біржолата айырса, олар көп ұзамай өліп қалады. Өсімдіктер болса, тұзды топырақтан алады. 
Халық арасында «Астың дәмін тұз кіргізер» дейтін нақыл бар. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше екенін мен мектеп аспазшысы Қаламқас апаймен жүргізген сұхбатымнан түсіндім. (Қосымша- 2) Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ. Оның құрамында ағзадан калийдің, яғни өте зиянды өнімнің шығуына ықпал тудыратын натрий орналасқан. Натрий мен кальцийдің ағзада тең дәрежеде жұмыс істеуі бойымыздағы сұйықтықтың белгілі мөлшерін ұстау арқылы, ұлпадағы су мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақтылығын сақтайтын көрінеді. Ең бастысы асқазан сөліндегі тұз қышқылының түзілуіне жағдай жасайды. Сол себептен де, әр тұтынушы тұздың ¼ бөлігін пайдалану қажет. Бұл алмасу процесінің адам үшін өмірлік маңызы бар. Натрий мен калийдің теңгерімі ағзада сұйықтың белгілі бір мөлшерін ұстап отырады, ұлпадағы судың мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақты күйін сақтап, маңызды компонент – асқазан сөлінің тұз қышқылының түзілу көзі болып табылады. Натрий – жасуша аралық кеңістіктегі басты реттеуші, былайша айтқанда, ол біздің ағзамыздың су - электролиттік балансы үшін жауапты. Сонымен қатар, ол қан ағысының қышқылдық құрамы мен артериялық қысымның деңгейін реттеп отыруға көмектеседі. Дәл сол себептен де тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. 
Мен өзімнің жұмысымды зерттеу барысында мектеп медбикесі Айсұлу апаймен кездесіп сұхбаттастым. Ол кісінің айтуы бойынша:
Жас нәрестелер тұзды анасының сүтінен алады.
Тұзды сумен тамақты шайқау — тамаққа, тіске пайдалы.
Мұрын қабынуы және гаймориттерге тұзды сумен шайса өте пайдалы.
1. Басқа және денеге шыққан теміреткіге 10 г мөлшеріндегі тазаланған ас тұзын сірке суына ірітіп жақса, бірден ақ таңдақ болып жоғалады.
2. 1-2 г ас тұзын аз мөлшердегі меруерт ұнтағына араластырып, сірке суына ерітіп, ауызды шайқаса, құрт жеген тіс пен босаған тістің түбі қатаяды. Сірке суына ерітіп, ауыз шайқаса, жоғарыдағыдай ем болады.
3. Зиянды жәндіктер тиісті мөлшердегі ас тұзын зығыр немесе балға қосып езіп, балшық дәрі жасап, жараға жақса, уытты қайтарады, аурған жерді басады.
4. Ұрылып- соғудан болған немесе буын шығып қайта салғаннан кейінгі ісікті қайтару үшін тұзды езіп, түйе жүніне шылап, ісінген орынға таңады. Мұны сор бақта деп атайды.
5. Бір кесе тұзды қазанға қуырады да, дорбаға салып, ішке басып, ыстық өткізеді.
6. Ішектің кызметін күшейтіп, кілегейлі қабаттың сұйықтың шығаруын арттырады. Сөйтіп үлкен дәреттің сыртқа шығуына көмектеседі, белоктың денеге сіңіруін күшейтеді.
Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз - астың иманы» деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз астың дәмі татымайды.
Тұз – тісті ағартуда таптырмайтын құрал.
Стоматологке барып, медициналық жолмен тісті ағарту оның эмалін кетіреді деп естідім. Ендеше, ешқандай дәріге жүгінбей-ақ, тісті ағартудың жолы бар ма? Негізінен, тісіңіз ауырмасын әрі маржандай болсын десеңіз, онда алдымен тісті дер кезінде тазалап отыру керек. Ал ағартуға келсек, әрине, оған үй жағдайында қарапайым заттардың көмегімен қол жеткізуге болады. Мәселен, кәдімгі ас тұзының қасиеті өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп сақтайды. Тұзды ерітпей-ақ құрғақтай тіс щеткасымен алып, тісті ысқылауға болады.
















Тұздың көптеген пайдалы тұстары

Қазақ айтса, айтқандай, тұздың тамақ дәмін келтіруден басқа көптеген пайдалы тұстары бар екен...

Бояудың иісі шығып тұрған бөлмеге тұз салған сауыт қойсаңыз, иіс тез арада жоғалып кетеді.

Балық иісі шығып тұрған ыдысты тұз қосылған суық сумен жуыңыз.

Ішіне бір шөкім тұз салсаңыз, кофенің дәмі кіре түседі.

Егер табадағы май көпіршіктенсе, оны аздап тұздаңыз.

Қол орамалдарды жуудан бұрын, оны бір уыс тұз ерітілген жылы суға 2-3 сағат бойына салып қойсаңыз, әбден сіңіп қалған дақтарды кетіруде таптырмас көмек болады.

Сарғайған терезе жабынын жуудан бұрын, тұзды суға салыңыз.

Шикі жұмыртқаны, әсіресе, оның ағын шайқағанда, міндетті түрде тұз қосыңыз: жұмыртқаны шайқау әлдеқайда жеңілдейді (бұл жұмыртқаны қантпен шайқағанда қолданылмайды)

Жұмыртқа пісірілетін суға міндетті түрде тұз салыңыз: жұмыртқа жарылса да, тұзды суда ағып кетпейді.

Кесілген алма қайнатылғанға дейін қарайып кетпеуі үшін, оны сәл-пәл тұздаған суда ұстаңыз.

Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.

Егер бір шақпақ қантты ащы тұздалған сорпаға жарты минутқа салып алса, тұзы кемиді. Егер сорпа тым қатты тұздалса, жаңағыдай әдісті екі-үш рет қайталаған жөн.

Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса, май ерімейді.

Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.

Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.

Балдыр иісі шыққан балықты тұзы ащы езілген салқын суға салып қойса, жаман иіс кетіп қалады.

Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек бұл еңбекті жеңілдетеді.

Қабығы жарылған жұмыртқаны тұзды суға салып пісірсе, ақпайды.

Овощтағы жәндіктерді тазарту үшін, оны пісірер алдында тұзды суға батырып алу керек.

Шойын ыдысты тат басса, оны тұз қышқылының әлсіз ерітіндісімен сүртіп кетіруге болады. Кірленген шойын ыдыстарды елеп алынған майда құммен, түрлі қағазбен ысып тазалап алып, одан кейін сода қосылған сумен жуу керек.

Жаңа сатып алынған шойын табаны пайдаланудан бұрын әуелі қатты жанып тұрған отқа қойып, ішіне тұз салып өртеп алу керек. Тұз құйып, қоңыр қызыл түсті болған кезде табаны оттан алып қоясыз да, біраздан кейін сол тұзбен табаның ішін ыстықтай сүртесіз. Бұдан кейін табаның ішін өсімдік майымен майлап, пешке қойып, әбден қыздырып аласыз. Осылайша «қыздырылған» табаға тамақ жабыспайтын болады. Тұздамағанның өзінде де, табиғи натрий - жемістерде, балықтарда, етте т.б. тағамдарда жетерлік мөлшерде болады. Осы табиғи натрий ағзаның сұранысын толық қанағаттандырады. Бүған тамақтарына тұз қолданбайтын көптеген елдердің тарихы дәлел бола алады. Америкалық үндістер тұздың не екенін Еуропалықтар келмегенше білмеген. Жаңадан барғанда, Колумб және басқа атақты зерттеуші ғалымдар үндістердің денсаулықтарының өте жақсы екеніне таңырқаған. 
Денеге тұз жиналса... 
Мұнан ашығып арылатындар да бар. Тек олар төрт күн бойы тазаланған суды қалағанынша ішіп, кіші дәретін тексеру арқылы ағзасының тұздан тазарып жатқанын анықтайды. Таңғы алғашқы кіші дәретті жинап, салқын жерде екі- үш апта ұстап, жарыққа апарып қарағаныңызда түбінде тұнған натрий хлоридін, басқа да қалдықтарды көре аласыз. Ағзаны тұздан тазалағанда оны шектеп, ең бастысы, жаңадан үзіп алынған жеміс- жидектерді, көкөністерді, шөп қосылған (емдік) салаттарды жеген дұрыс. Сонда тамақтың 60 пайызы шикі және дайындалған көкөністер болса тіпті жақсы. Жеміс-жидек, көкөністер сілтілік әрекет береді, ағзаңыз түрлі тұздар мен улардан тазарады. 



























Тұзға қатысты мақал-мәтелдер, ырымдар мен тыйымдар

Қазақ халқында тұзға байланысты көптеген ырымдар бар.

Мысалы, «Еңбегі – еш, тұзы-сор», «Қызды сөкпе, тұзды төкпе», «Нан мен тұз атсын», «Татар дәм-тұзымыз таусылмаса екен» т.б

Сонымен қатар сабақ барысында тұзға байланысты «Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма» деген мақалдың шығуы жайлы әңгіме де шындыққа жанасады.Қазақта тұзды төгіп қойсаң, өмірің ащы болады, тұзды тегін берсең ұрыс – керіске тап боласың деген ырым – тиымдар бар.

Сондай – ақ, көне көз апаларымыз тұзды иығынан үш рет асырып сермесең, барлық аурулар мен жамандықтан аулақ боласың деп жатады.Тұзды сатып беру деген қазақтың ырымында бар ғой негізі. Қойды қант беріп, тұз беріп шақыруға болмайды – ол жаман нәрсе.



Мақал – мәтелдер
1.Ас тұзбен дәмді,
Ал адамзат салиқалы,саналы сөзімен мәнді.
2.Түйе - «тұз» деп қартаяды,
Бойдақ - «қыз» деп қартаяды.
3.Астың дәмі – тұз,
Тұзды уыстап жемес.
4.Нан мен тұздан үлкен тағам жоқ.
5.Ет сасыса тұз себер,
Тұз сасыса не себер? 
6.Тұзсыз ас ауқат болмас ішкенменен,
Май түспес қара суды піскенменен.
7.Тұз-астың дәмін келтіреді,
Мақал сөздің сәнін келтіреді.
8.Ас бұзылса – тұз түзейді,
Байұлы бұзылса – беріш түзейді.
9.Астың дәмін келтірген тұз әулие 
Елдің сәнін келтірген қыз әулие.
10.Көріксіз қыз тұзсыз нанмен тең.
11.Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?
12.Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.
Міне осындай көптеген мақал-мәтелдердің өзі осы тек тұзға қатысты бекер айтылмаса керек.








Аңыз -әңгімелер

Бірде жолаушылаған екі ағайындының бірі ауруы асқынып өлім жағдайына жетіпті. Ақыры адам болмайды деп шешкен ағасы маңындағы тұзды көл балшығына әлі тірі жатқан інісінің басын шығарып қана көміп кетіпті. Ал тұзды балшықтың асты інісіне ем болыпты. Ес –түссіз жатқан інісі біраз уақыттан соң есі кіріп, құлан-таза айығып шығыпты...

Тұз туралы хикая
Ертеде бір падишаһтың үш ұлы болыпты. Бір күні падишаһ ұлдарын шақырып: «Мені қалай жақсы көрсесіңдер? Ең мықты жауапқа бір сандық алтын беремін»-деп сұрапты.Үлкені еш кідірместен: «Алтын, гауһарды қалай жақсы көрсем, сені солай жақсы көрем»,-дейді. Бұл жауапқа падишаһ қатты куанады.Ортаншы ұлы болса «Әкешім, тәтті тағамдарды, баклава, науат, халуаны қаншалықты жақсы көрсем, сені де соншалықты жақсы көремін»,-дейді.Бұл жауап та падишаһты марқайтып тастайды.Кезек үшінші ұлға келеді.Үшінші ұлы дереу жауап бере қоймайды.Біраз ойланып барып, барып былай дейді: «Мен сені тұз секілді жақсы көрем, әкешім!».
Бұл жауапқа ағалары іштері түйілгенше күледі.әкесі болса ашуланып: «Тұздан қадірлі еш нәрсе жоқ па еді? Бүгіннен бастап менің ұлым емессің!» деп кенже ұлын сарайдан қуып жібереді.Ал үлкен екі ұлына сандық-сандық алтын бергізеді.
Шарасыз қалған кіші ұлы тау-тас,шөлді кешіп, бір ауылға кезігеді.ауылдағы үйдің біріне келіп,есігін қағады.Есікті қартайған бір кемпір ашады. Кенже ұл оған басынан кешкендерін баяндайды.Қария болса, ұлға жаны ашиды.Сонан соң, «мен ешкімі жоқ кәрі адаммын, бұдан былай сен маған ұл бол»,-дейді.Кіші ұл тілегін дереу қабыл етеді де, сол үйде тұрақтап қалады.
Күн артынан күн жылжып, ол жердің патшасы қартаяды да, өзінің орнына лайықты тақ иесін сайламақ болады.алайда ол жердің патшасының ұл баласы жоқ екен. Сол себептен патша: «Мен халықтың арасынан мұрагер таңдаймын.Сарайымнан бақыт құсын ұшырам.Ол кімнің басына қонса, сол тағымның иегері атанады»,-деп жария еткізеді.Бүкіл халық алаңға жиналады. Кенже ұл да өзінің бағын сынап көрмекке халық топтанған жерге келеді.Патша ұшырған бақыт құсы баланың басына кеп қонады. 
Кенже ұл өте ақылды болғандықтан көп өтпей-ақ табысқа кенеле бастайды.Халық та оны қатты жақсы көреді. Мемлекеті гүлденеді.Кіші ұл бір күні әкесіне хат жіберіп,оны өз мемлекетіне шақырады.Бірер күннен кейін әкесі оның мемлекетіне келеді, бірақ ұлын танымайды.Сарай аспаздары бұл қадірлі қонақ үшін дәмді тағамдар пісіреді, бірақ ешбіріне тұз қоспайды.Әке падишаһ тағамдардың ешбірін жаратпайды да, кіші патшадан: «Сіздің патшалықта тұз жоқ па еді?»,- деп сұрайды. Ұл болса «Жоқ.Керісінше бүкіл дүниеге тұзды біз жөнелтеміз.Бірақ естуімше сіз тұзды ұнатпайтын көрінесіз»,-дейді.Әкесі болса «Жоқ, сізге жалған айтқан ғой,әйтпесе тұзсыз астың дәмі бола ма?» -деп жауап береді.Сол кезде кіші ұлы «Кіші ұлыңыз сізді тұз секілді жақсы көремін дегенде оны сарайдан қуып жіберген көрінесіз,сол рас па?» -деп сұрайды. Осыдан соң падишаһ өз ұлын танып, қателігін түсінеді.көздерінен ыстық-ыстық жас төгіліп, әке мен ұл осылайша табысады. 



Тұзды көл - дала дәрігері

Атырау облысындағы Индердегі тұзды күмбезде Менделеев кестесінің 16 түрлі қазба байлығы бар.«Оңтүстік жағалауы жазық. Тұздың мемлекетке есепке алынған қоры  647 млн. тонна шамасында. Оны «Тұз» ЖШС өндіріп жатыр.

Жергілікті мамандардың айтуынша, тұзды күмбез таудың  34  метр тереңдігінде су қоры бар. Таудың сазды қабаттары арасынан Шыққан «күркіреуік» деп аталатын бұлақтардан тұз көлі үнемі толығып отырады.

Тұз көлі  500 метр тереңдікте орналасқан. Көл суының құрамында  бром, калий, аздаған  йод, ас тұзы  бар. Көлдің қара балшығы түрлі ауруларға ем. Көз қарықтырар тұз көлінен  30  шақырымдай қашықтықта  Малайсарыұлының бидің,  батыр Махамбет Өтемісұлының,  ақын Мұрат Мөңкеұлының мазарлары  бар.



























Қорытынды
Тамаққа тұз салып жатып, осы тұздың қайдан келгені туралы ойланбаймыз да. Ал ол жерасты шахтасынан немесе тұзды көлдің түбінен өндіріледі. Тұзды өндіру жұмысы күрделі, ал оны тұрмыста өте көп қолданамыз. Себебі оны тек тамаққа салып қана қоймайды, онсыз сабын, шыны, және бояулар мен дәрілердің кейбір түрлерін дайындау мүмкін емес. Тұз жануарларға да керек. Қорықшылар жануарларға тұз қойып, оларды қосымша қоректендіріп отырады. Жануарлар тұз қойған жерді үнемі тауып келіп жалап тұрады. Үй жануарларына да тұз беріледі. Қазақстанда тұзды негізінен тұзды көлдерден өндіреді.Еліміздің тұз өндіру нарығында 80 жылдық жұмыс тәжірибесі қалыптасқан «Арал тұз » кәсіпорын жылына 400 мың тонна тұтынылатын тұздың барлық түрін өндіреді. Тұз өндірушілер арасындағы кең тараған дилерлік желі – географиялық тұрғыдан бүкіл Қазақстанды 100 пайызға қамтуға, сондай-ақ Орталық Азияның нарығын белсенді түрде жаулап алуға мүмкіндік беруде. «Жақсы қылыш» тұз кен орнын пайдалана отырып, кәсіпорын елімізде өндірілетін барлық тұздың 80 пайызын қамтамасыз етеді. Дегенмен бұл өндірістің шығаратын тұз мөлшері еліміздің барлық халқын қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті қазіргі таңда игерілмей жатқан тұзды көлдерді игеріп, сол жерлерден шипажай ашу қажет деп ойлаймын.
Өз ғылыми жобамды қорыта келе айтарым, «Тұз — адамзатқа берілген асыл сый.» Оны қадірлеп, өз мөлшерінде тиімді тұтына білейік. Әйтеуір жаңа туған баланы тұзды суға шомылдырып, денесінің пісіп-жетілуін жақсартудан бастап, тұздың өмірімізде қажетті кезі көп. 






















Ұсыныс

Енді өзім сияқты балардың күнделікті өмірдегі кериешки және чипсы тағамдарындағы тұздың мөлшерін қалай анықтағанымды айтып кетейін.
Дүкеннен сатып алғанда осындай тағамдардың сыртқы қаптамасында яғни этикеткаларында көрсетілген тұз мөлшерінің айырмашылықтары әртүрлі болуы мүмкін.Бірқатарында натрийдің мөлшері ғана көрсетіледі.Мұндай жағдайда натрийдің мөлшерін 2,5-ке көбейтіп, тұздың мөлшерін анықтауға болды.Тұз қан қысымына қалай әсер етеді?
Қан қысымының көтерілуіне не әсер етеді? Дәрігелерге бірнеше себептері белгілі: ширығу, шаршау, кенеттен алған рухани соққы, темекіден, автокөлік газынан, тамақ қоспасынан, дәрілердің және өнеркәсіптің жанама өнімдерінен улану. 
Осылардың әсерінен өзіңді қалай сақтандыруға болады? Әрине, ең дұрысы осылардан ауаша болу. Жоқ дегенде осы себептердің біреуінен құтылуға болады. Ол натрий хлориді, немесе ас тұзы. Әңгіме, қан қысымының басты себепкері туралы болып отыр. Артық салмақтан азап көріп жүрген азаматтарымызға тұздың әсері қалай? Өздеріңізге мәлім, семіздік пен қан қысымының көтерілуі қатар жүреді. Өте толық адамдардың қан қысымының жоғарлауы мен тұздың арасында байланыс бар ма? Осы жайында мәліметтер жиналса.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.06.2018
2197
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі