Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқа өңір педагогтарымен тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы


3.Ортаңғы топта ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Блок:«Жануарлар әлемі»

Апта тақырыбы: «Жібек әжеде қонақтамыз»


Ай апта

Қыркүйек. III-апта

Мақсаты

Білім саласы

«Таным»

Мақсаты: Сан және санау. 1санымен танысу. Заттардың санын атап, салыстыра білуге үйрету, тең және тең еместігін анықтау. Карточкалардан дұрыс санай білу үлгісін көрсету (солдан оңға). Өзіне байланысты бағдарлау: «оң», «сол» (қол,аяқ). Пішін: қоршаған заттардың геометриялық пішіндерді көре білуге үйрету.

Ұйымдастырылған

оқу қызметі

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру


Тақырыбы


«Үй жануарлары»


Әдістер

Көрсету,санау,мнемотехника,салыстыру,

Бағдарлау,сергіту.


Керекті-құралдар

Тақырыптық суреттер,сандар,ойыншықтар тобы,мнемокесте,пішіндер.

Қостілділік

Бір-один,оң қол- правая рука, сол қол- левая рука

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

қозғаушылық

Тәрбиеші мнемокестені пайдаланып,күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырады.

Күз мезгілінің ерекшеліктерін әңгімелейді. -Күзде айнала алтындай сары түске боялады. -Жапырақтар сарғайып жерге үзіліп түседі. -Күн қысқарып,түн ұзарады. -Күн бұлтты болып, жаңбыр жиі жауады.Адамдар жылы киімдерін киеді.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші 1 санымен таныстырады. 1 саны туралы өлең оқып береді, оны балаларға жаттатады. Бір дегенім бірінші Тұрды ол қатарда Көтеріп ап танауды Бастайды ол санауды.

Суретпен жұмыс.

Тәрбиеші балаларға сандар қатарынан 1 цифрының орнын тауып беруді сұрайды. Содан соң ол балаларға өзге цифрлардың арасынан 1 санын тауып, оны қоршап сызуды ұсынады.

Күшіктерді солдан оңға қарай санауды ұсынады.

Қостілділік: бір-один,оң қол- правая рука сол қол- левая рука

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бәрін қосып санасақ ,

Болады екен он саусақ. Сұрақ-жауап әдісімен өзіне байланысты бағдарлау: «оң», «сол» ұғымдарын үйретуді жалғастырады.

-Балалар,біздің неше қолымыз бар?

-Оң қолдарыңды көрсетіңдерші?

-Ал,сол қолымыз қайсы?

-Аяқтарымыз нешеу?

-Оң аяқты екі рет,сол аяқты бір рет топылдатшы?

Дидактикалық ойын:«Мынау қай пішін?» 
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу. 
Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі. 
Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды. 

1 санымен танысады.Өлеңді тыңдайды,айтады.






Суретпен жұмыстанады.

Суреттегі үй жануарларын санайды, салыстырады.





Сандар қатарынан бір санының орынын табады.

Өзге цифрлар арасынан бір санын тауып сызады.



Суреттегі күшіктерді солдан оңға қарай санайды.






Бір-один,оң қол- правая рука, сол қол- левая рука


Өлең жолдарына сәйкес

қимылдар жасайды.




Балалардың жауаптары.



Оң аяқты екі рет,сол аяқты бір рет топылдатады.


Геометриялық пішінді сипалап,қандай пішін екенін айтады.



Рефлексивтік

жинақтаушы


Бекіту. Біз қандай санмен мен таныстық? -Топтан бір санына байланысты заттарды тауып айтшы? -Үстел үстіндегі ойыншықтарды сана,салыстыр. Балаларды мадақтау.

Берілген сұрақтарға жауап береді.

Бір санына байланысты заттарды тауып айтады. Ойыншықтарды санайды, салыстырады.

Күтілетін нәтиже

Білу керек

Заттарды санап,салыстыруды;

Түсінеді

Өзіне байланысты бағдарлауды: «оң», «сол» ажыратуды;

Қолдана біледі

Бір санын көптеген сандардың арасынан табуды, геометриялық пішіндерді ажырата білуді.




Тәрбиеші: Насиева Ф.Х.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
656
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі