Тақырыбы: «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» Тәрбие сағаты.МАД

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» Тәрбие сағаты.МАД

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет»

Негізгі бөлім. 
- Жарайсыңдар! Бүгін мен мектепке келе жатып, бір оқиғаға куә болдым. Бұл жағдайды суретке түсіріп алған едім, көрсетейін. Ал, сендер бұл суретте не жайында айтып тұрғанын айтып беріңдерші?!
Тыйым және нақыл сөздерді сурет арқылы түсіндіру, әңгіме, сөйлем құрату.
1. Сөз басында “сәлеметсіз бе!” және сөз соңында “сау болыңыз” деу керек. Сөз басы- амандасу. 

2. Барлық бала сыпайы болуы тиіс: Сөйлесіп тұрғанда сен асықпа, қасыңдағы досың сөзін аяғына дейін тыңда, сосын өз пікіріңді айт;

3. Сұрақты алдымен тыңдап алып, “өтінемін”, “рахмет!” деп айт

4. Ешқашан ешкімге жаман және көңіліне тиетін сөз айтпа!

5. Ешқашанда ешкімді мазақтама! Тентек болма!

6. Үлкеннің сөзін бөлме!

7. Рұхсатсыз өзгенің затына қол сұқпа!

8. «Болмайды!» деп тыйым салған нәрсеге мүлдем жолама!

9. «Үлкенге – құмет, кішіге – ізет» көрсет.

Тәрбиеші: Шаршаған боласыздар, ойын ойнап, бойымызды сергітіп, «достық көпірінен» өтейік, балалар өткенде, бір-бірімізді құлатпай өтуіміз керек.
- Көпірден барлығымыз аман-есен өттік, ешкім құлаған жоқ, бұл ненің белгісі – достық пен көмектің белгісі, бір-бірімізбен татумыз, доспыз.
- Осы үлкенді құрметтеу туралы кім қандай тақпақ біледі? 

Елдос Жылқ: Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам,
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Мәдина: Атаң болса анаңмен-
Алтыннан соққан қорғаның.
Ағаң болса ақылды –
Ешкімнен кем болмадың.

Арқат: Інің болса жанашыр,
Семсер, қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл
Өкпе, бауыр, жүрегің.

Сандуғаш: Не қасиетсіз?
Бал салмаса – ара қасиетсіз,
Жанбай қалған шала қасиетсіз.
Әдепсіз болса – бала қасиетсіз,
Әділетсіз болса – дана қасиетсіз.

Бектүр: Дөрекі сөз айтпаңдар,
Жақсы істі жақтаңдар,
Сыйлап сынып қыздарын,
Әдепті болса бастаңдар.

Жансая: Бүгінен бастап бар бала,
Үлгілі мінез көрсетсін.
Сынайын достым досыңды,
Мін тізейік, осылай.

Едіге: Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Айша Орын: Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан

Елдос Сап: Үлкендерді сыйлаймыз,
Үй тазалап жинаймыз.
Біз қолқанат баламыз.
Ақылды біз боламыз.

Қазақ биі: «Қара жорға» орындалады.

Нұрай : Көп жасаған қария-
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.


- Енді балалар, ізгілік жайында білетін мақал-мәтелдерге кезек берейік. 

Елдос Жылқ:
Ата-анаңды құрметесең,
Сенде жақсылық, игілік көресің.
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

Нұрай: Ата-бәйтерек,
Бала-жапырақ,
Әке-асқар тау,
Ана-бұлақ.
Бала- жағасындағы құрақ.

Аяулым: Құрметтеп ата-анамды,
Ардақтап әпке, ағамды,
Қамқор боп сіңлі-ініме,
Сыйлымын үлкен-кішіге.

Өнербек: Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау кішілік,
Үлгілі мінез-кісілік.


Аяана: Үлкендерді сыйлайтын,
Кіші қамын ойлайтын.
Сүймейтін жат әдетті,
Ақжолдай досым бар,
Өзі сондай әдепті.

Ән: Анашым аялаған орындайтын .Аяулым

Қорытынды.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Рахмет, сау болыңыздар!































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2018
2387
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі