Тақырыбы: «Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі азаматтың өткені,бүгіні және келешегі».

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі азаматтың өткені,бүгіні және келешегі».

Материал туралы қысқаша түсінік
Назарбаев Нұрсұлтан Тақырыбы: «Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі азаматтың өткені,бүгіні және келешегі».
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды Медицина Университеті











Тақырыбы: «Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі азаматтың өткені,бүгіні және келешегі».

















Қарағанды 2021



Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі азаматтың өткені,бүгіні және келешегі


Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақстан мемлекеттінің қалыптасуымен қарқынды дамуының жəне қоғамды жаңаша реформалаудың нақты стратегиялық, концептуалдық үлгісін ұсынып, оны жүзеге асыруға бар күш -жүгерін,саналы ғұмырын арнап келе жатқан ұлы қайраткер. Ел басқарған қайраткердің халыққа арнаған қай сөзінің де жөні бөлек.Өйткені ол сөзден саңлақ саясаткердің жүрегін жарып шыққан оқшау ойы,тегеурінді тұжырымы,кең ауқымды көзқарасы «мен мұндалып» тұрады.Оның үстіне, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «желдің өтінде,елдің бетінде » жүргенін айқын аңғартатын, «қазақтың ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау-менің Президенттік те,перзенттік те парызым » дегенді ант еткендей нық сеніммен айтатын адам екенін ескерсек, ол ойларды саралайтын сынның да салмағы арта түспек.Сондай- ақ егемен елінің ертеңі үшін түн ұйқысын төрт бөліп жүрген мемлекет басшысының бүкіл дүниедегі өзгерістерге мəн беруіне,тікелей араласпаған күннің өзінде алдын ала шаралар белгілеуіне тура келетін тұстар аз болмайды.

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады. Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.

Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін. Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын. Кейінірек Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кітаптарының бірінде былай деп жазды: «Кейінгі кезде өзінің «пролетарлық» тегімен көкірек қағу басқа бір нәрсенің салқынымен алмасты: қайткенде де өз тегінен «ақсүйектік» қасиет іздеп табу етек алды. Ондай біздің тұқымда болған емес. Мен – қойшылардың ұлымын, немересімін және шөбересімін. Демек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін.


Теміртауға оралғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты. Ол «Қарметте» басқа да тектес мамандықтарды игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының дипетчері, газшысы болып жұмыс істеді. Жұмыс өте ауыр еді, кейбіреулер алапат ыстық пен қиындықта шыдамай, есінен танып, мұрындарынан қан саулап жататын. Көптеген жастар осыған төзе алмай, кетіп қалды. Бірақ Назарбаев олардың қатарынан емес еді. Ол бәріне шыдауға ант берді және шыдай біліп, жұмысты дөңгелентіп әкетті. Онымен бірге қиындықтарға төтеп берген жолдастары Төлеген Юсупов пен Болат Кәрімов те жоғары білікті металлургтерге айналды.
Н.Ә.Назарбаев Қарағанды политехникалық институтында 3 жыл оқып, одан соң Теміртауда Қарағанды металлургия зауыты жанынан қайта құрылған зауыт-втузға ауыстырылды, оны инженер-металлург дипломымен бітіріп шықты. Оның ізінше зайыбы Сара Алпысқызы Назарбаева да 1967 жылы «Қармет» жанындағы зауыт-втузды бітіріп, экономист дипломын алды. Нұрсұлтан Назарбаевтың алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылды. Оның әрдайым бірінші болуға деген ұмтылысы, өзгелерді қызықтыруға және соңына ерте білуге қабілеттілігі байқалып, бағаланды. Ол 1969 жылдан бастап туған қаласындай болып кеткен Теміртауда өзіне ұсынылған партиялық, комсомолдық жұмысқа ауысуға келісім береді. Басында ол бұл ұсынысқа онша ықылас танытқан жоқ – жалақының едәуір бөлігінен айрылуы мен «жалынды жылдарының» жалғаспай қалатыны қынжылтты. Бірақ қатаң партиялық тәртіп осыған міндеттеді. Оған қоса металлург достары да мұның басшылық жұмысқа барғанын құптады. Біраз уақыт өткен соң ол бұл маңызды іске қызу араласып кетті. Қалың көптің ортасында солардың мүддесі және арман-тілектерін сезіне отырып тіршілік ету, оларды басқару мен ұйымдастыру Назарбаевтың қанында бар қасиет болып шықты. Бірге жұмыс істеген жандардың көбі кейіннен оның адамды және оған қатысты оқиғаны есте сақтайтын керемет қабілеті, үнемі бәрін ұғуға, түпкі мәніне жетуге, сұхбаттасушысын мұқият тыңдауға және түсінуге тырысатыны туралы айтып жүрді. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің еске алуынша, онда астамсу сезімі болмаған, басқарушылық лауазымдарға деген айтарлықтай құлшынысты да сезінбепті. Алайда, жасөспірім кезінен «орташа» күйінде қалуды қаламайтын өзіндік биік намысқойлығы, әрқашан бірінші болуға ұмтылу дағдысы қалыптасқан. Жетекші әрі ұйымдастырушы ретінде ол біртіндеп цех басшысынан министрлерге дейінгі сан алуан адамдармен қарым-қатынас жасау тәжірибесін жинақтады

Бірақ уақыт ағынын тоқтату мүмкін емес еді. Өзгерістер пісіп-жетілді. Оқиғалар барған сайын жеделдей түсті. КСРО-да 1989 жылғы көктемде алғашқы рет мемлекеттік биліктің ең жоғары органының баламалы негіздегі сайлауы болып өтті. Мәскеуде 1989 жылғы маусымда реформалардың қажеттігі, идеология мен экономиканың түйткілді мәселелері қызу талқыланған КСРО халық депутаттарының бірінші съезі болды. Халық депутаттарының съезі біте салысымен, Геннадий Колбин Мәскеуге жұмысқа ауыстырылды. Қазақ КСР Компартиясының Орталық Комитеті 1989 жылғы 22 маусымда бірінші хатшы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. Оған пленумға қатысқан 158 адамның 154-і жақтап дауыс берді. Сол 1989 жылғы шілдеде Қарағандыда экономикалық қана емес, саяси мақсат көздеп, Семей полигонын жабу туралы талап қойған шахтерлер ереуілі басталды. Назарбаев ереуілшілердің талаптарын қолдады – ол адамдардың орталық ведомстволар монополиясына деген наразылығын жақсы түсінді. Дәл солар сияқты ол өзі де Қазақстанның экономикалық дербестігін, зардабы зор сынақтардың тоқтатылуын қалайтын. Демократиялық үдерістер КСРО республикаларында жаппай еңбекшілер бірлестіктерінің құрылуына алып келді. Қазақстандағы ең алғашқы және мейлінше қатары қалың қозғалыстың бірі 1989 жылы құрылған, түпкі мақсаты Семей полигонын және Қазақстан аумағындағы өзге де сынақ орындарын жабуды көздеген «Невада – Семей» экологиялық қозғалысы еді. Бұл қозғалыс та Нұрсұлтан Назарбаевтың қуатты қолдауына ие болды. Барша қазақстандықтардан жаппай қолдау тапқан оның күш-жігері керемет табысқа жеткізді – халыққа қасірет әкелген Семей полигоны біржола жабылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымын белгіледі. Нұрсұлтан Назарбаев республиканың Жоғарғы Кеңесі сессиясында Қазақстан тарихындағы тұңғыш президент болып сайланды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда республика президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтіп, оның барысында Назарбаев сайлаушыларының толық қолдауына ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заң қабылдады және Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімін өткізді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісті. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа дәуірі басталды. Ардақты ұлын ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз айнымас басшысының еңбегін жоғары бағалады. Қазақстан Республикасының қайта қабылданғанКонституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.

Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан қарсыдан соққан жел мен жауған жаңбырға,өзінің шаршап-шалдыққаны мен қорқынышына,айналасындағы əр түрлі қиын жайларға қарамастан,тау асулармен тайсалмай жүріп келе жатқан жолаушының жағдайын көзге елестететін.Алғашқы қадам- өте күрделі.Жаңа мемлекетімізді құруға кіріскенде, ең алдымен біздің үйіміздің мықты ірге тасы,негіздердің негізі қажет екенін түсіндік Біз тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап даму мақсатындағы айқын ұстанымды қабылдадық, бұл ұстаным мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіріп,өсу мақсаттарына қол жеткізуге бағыттады. Бұл ретте біздің еліміз үш кезеңді өтті. Біріншісі (1991-1995 жылдар) бұл кезеңде біз кеңестік жүйені бұзып, мемлекеттің негіздерін құрумен айналыстық. Екінші кезең (1996-2000 жылдар) –экономика мен саяси жүйенің терең құрылымдық өзгерістерін іске асырумен байланысты болды. Үшінші кезең (2001-2006) — экономикалық өсу уақыты. Бейбітшілік пен тыныштық, бүгіндері басымыздан өткеріп отырған экономикалық қауырт шақ жəне азаматтарымыздың өмірлік құштарлығы,өз күштері мен ертеңгі күндеріне деген сенімдері,біз үшін үйреншікті құбылысқа айналып отыр.


Біз оларды, Астанадағы ғимараттардың үстінен күнде ертемен баяу көтеріліп келе жатқан күн шапағаттарын байқамайтынымыз сияқты, жаңағыларды да көбінесе байқай бермейміз.Ал осыдан он жыл бұрын дəл осылай болатына ешкім де сенген жоқ.. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауында: «Осы заманғы білім беру жүйесінсіз əрі 
алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт» — деп, атап көрсетті Мұндай ғылыми зерттеу жұмысы аграрлық білім беру жүйесін ұйымдастыруда жəне жетілдіруде өткендегі қателіктерді қайталамау үшін қажет. Қай кезеңде болмасын аграрлық білім беру жүйесі басқа салаларға қарағанда жоғары қарқынмен дамыды, білікті мамандар даярлауда мол тəжірибе жинақталды. Бұл тəжірибе қазіргі күннің өзінде де көптеген жағдайда ауыл шаруашылығының түпкілікті жұмыс қорытындысы мамандар мен олардың басшыларының ұйымдастыру, саяси жəне іскерлік қасиеттеріне байланысты екендігін мойындатады. Демек, ауыл шаруашылық кадрларының өндірісті дамытудағы, жаңа технологияны игерудегі белсенділік үлгілерін, өндіріс басшыларының жарқын өмір жолдарын көрсетудің тəуелсіз Қазақстанның ауыл шаруашылық мамандарын тəрбиелеуде айтарлықтай маңызы бар. Екінші жағынан, ауыл шаруашылық мамандары мен басшыларының қызметі өз кəсіпкерліктерімен ғана шектеліп қоймай, міндетті түрде мəдени-тəрбиешілік ісімен де жалғасты. Қоғам олардан ұжыммен жұмыс істей білетін, жоғары мəдениетті жəне аса білімдар болуларын талап етті. Еліміздегі жаңару үрдістер өткен тарихымызды объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға, мəдени құрылыс саласында, оның ішінде жоғары аграрлық білім берудің тарихын жаңаша көзқарас тұрғысында зерделеуге, егеменді еліміздің бүгінгі күн талаптарына сай нарықтық қатынастарға көшуге байланысты жоғары білімді реформалауға жəне оның жоғары білім тұжырымдамасын ғылыми негіздеуге мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасалды. Жоғарыда аталған қайшылықтарды болдырмау үшін ауыл шаруашылық мамандарын даярлауда өткен тарихи тəжірибенің жағымды жақтарын пайдалана отырып, бүгінгі талаптарға сəйкес Қазақтанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихын бір жүйеге келтіру, зерттеу жұмысымыздың өзекті мəселесіне айналып отыр.

Реформалары

Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.

  • 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.

  • Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.

  • Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.

  • Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағыШанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.

2011 ж желтоқсан айында Маңғыстау оқиғасы орын алды. ВВС-дің айтуы бойынша бұл Назарбаевтің билікте болған уақытындағы оппозицияның ең үлкен қозғалысы. 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Жаңаөзен мұнай қаласында мемлекеттің Тәуелсіздік Күніне орайы демонстрацияғы шыққандар мен полиция қызметкерлерінің арасында қақтығыс туды. Қарулы күштер қару қолдану салдарынан 15 адам оққа ұшты, 100 астам адам жараланды.

 Елдегі ахуалдың тұрақтылығына, мемлекеттің дамуына, халықтың әлеметтік жағдайының жақсаруына «Нұр Отан» партиясының қосқан үлесі зор.  

«Дегенмен, бізде тоқтауға болмайды. Өздеріңіз де білесіздер, биыл біз экономиканы, саясатты, біздің қоғамымыздың рухани саласын жаңғыртуға кірістік. Жаңғырту еш уақытта да оңай болмайды. Ол айтарлықтай қарсылықтарды туындатуы мүмкін. «Нұр Отан» партиясының рөлі ең алыдмен жаңғырту бағдарын саяси қолдаудың тетіктерін құруда. Халықпен тікелей жұмыс істеп, кезек күттірмей шешілуге тиісті мәселелерді үнемі назарда ұстап, нағыз елдік партия атанды. Партия болашақта да елмен етене болып, халыққа қалтқысыз қызмет етуді жалғастыра береді деп сенемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Елбасы партия алдында әлі де көп шаруалар бар екендігін атап өтті. «Қажетті бағдарламаның барлығы қабылданды, оны өздеріңіз де білесіздер.  Дегенмен қазіргі жағдайда, дүниедегі ғылыми-техникалық дамудың жаңа саласына  бүкіл әлем түсіп отырған кезде біздің алға қойған мақсаттарымыз аз емес. Сондықтан осының  барлығына партия басшы болып, жергілікті жерлерде  саясатты түсіндіруі қажет», – деді Елбасы.  















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2024
70
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі