Тақырыбы: Ұлтын сүйген ұлы істер атқарады (Ахмет Байтұрсынұлы)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: Ұлтын сүйген ұлы істер атқарады (Ахмет Байтұрсынұлы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиетінің бес арысы Шәкәрім Құдайбердиев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов сынды ақын - жазушылар білім мен ғылым саласында ерен еңбек еткен. Олардың қаламынан туған туындыларда әлеуметтік - қоғамдық жағдайлар, қазақ халқының азаттығы мен теңдігі кең орын алған. - Олай болса балалар бұл адамдарды неге «Бес арыс» дейді? (Өйткені бесеуі де елдің мұңын жырлап қараңғы халықты ағартушылыққа бет бұруды көздеген азаматтар болған. Шығармаларын ағартушылыққа арнаған ақын - жазушылар. Бірақ өз ойын, мақсатын соңына дейін жеткізе алмай арманда кеткен арыстар. Қазақта ер азаматтың дүниеден ерте өткенін «арысым - ай» деп жоқтаған. Бұлардың барлығы дүниеден ерте кеткен азаматтар. Сондықтан арыс деген сөздің мағынасы кең, терең болған.)
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні:_________________________

Үйірме:______________________


Тақырыбы: Ұлтын сүйген ұлы істер атқарады

(Ахмет Байтұрсынұлы)
Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлы туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ізденіспен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік рухында тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі
- оқушыларды түгелдеу
- оқушы назарын сабаққа аудару
II Белгілеңіз

II Кіріспе сөз
Қазақ әдебиетінің бес арысы Шәкәрім Құдайбердиев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов сынды ақын - жазушылар білім мен ғылым саласында ерен еңбек еткен. Олардың қаламынан туған туындыларда әлеуметтік - қоғамдық жағдайлар, қазақ халқының азаттығы мен теңдігі кең орын алған.
- Олай болса балалар бұл адамдарды неге «Бес арыс» дейді?
(Өйткені бесеуі де елдің мұңын жырлап қараңғы халықты ағартушылыққа бет бұруды көздеген азаматтар болған. Шығармаларын ағартушылыққа арнаған ақын - жазушылар. Бірақ өз ойын, мақсатын соңына дейін жеткізе алмай арманда кеткен арыстар.
Қазақта ер азаматтың дүниеден ерте өткенін «арысым - ай» деп жоқтаған. Бұлардың барлығы дүниеден ерте кеткен азаматтар. Сондықтан арыс деген сөздің мағынасы кең, терең болған.)

IV Баяндаңыз
Жаңа сабақ
Бүгінгі біздің тақырыбымыз осы бес арыстың біреуі – Ахмет Байтұрсынұлы туралы болмақ
Балалар, сендер не білесіңдер
Ахмед Байтұрсынұлы туралы?

Ахмет Байтұрсынұлы 1873жылы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы) Аққөл ауылында дүниеге келді.
Ахмет - ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері

Хронологиялық кесте..
1882 - 84жылдары ауыл мектебінде оқыды
1890ж. Торғайдағы екі кластық, орыс - қазақ училищесін бітірді.
1895ж Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген
1895 - 1909ж Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс - қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады
1909ж патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910ж. жер аударылады
1913ж Орынборда «Қазақ»газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.
1918 - 19ж Алашорда қатарында болады.
1922 - 25ж Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми - әдеби комиссияның


төрағасы, Халық ағарту комиссары
1925 - 29ж Халық ағарту институтында және ҚазПИ - де оқытушы болды.
1929ж маусымда қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген.
М. Горькийдің зайыбы Пешкованың қолдаухатымен Ахметті босатады. Сол кезде, ол жанұясымен Алматыға қайта оралады.
1937ж қазан айында А. Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынады, екі айдан соң «халық жауы»деп, атылды

V Зерттеңіз
Пысықтауға арналған жаттығулар
Олай болса, оқулықтағы 1 - тапсырмаға назар аударайық.
Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындайық.
3 - деңгей
- 10 сұрақ дайындау
- орысшаға аудару
- 2 құрмалас сөйлем дайындау
2 - деңгей
- Тірек - сызба құрастыру
- жоспар жасау
1 - деңгейдегі тапсырманы үйде орындаймыз
VI Саралаңыз
Яғни бүгінгі сабағымызды пысықтайық, сонымен
1. Ахмет - аудармашы
(түсінік беру)
2 Ахмет - ақын
(түсінік беру)
3. Ахмет - тілші
(түсінік беру)
4. Ахмет - мұғалім
(Түсінік беру)
VII Белгілеңіз
3 - тапсырма
Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді теріп жазып, қай септікте екенін анықтаңдар.
Құралдарының, мектебіне, мектепті, Орынборға, мектепке, оқуға, Қарқаралыда, балаларға, әдебиетпен.
2 - тапсырма
Өз бетінше орындау
Сабақты қорытындылау
Сабағымызды мен Сәкен Сейфуллин мен Мұхтар Әуезовтің сөзімен қорытындылағым келіп отыр.
Олай болса біз де Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіліне, қазақ әдебиетіне деген зор еңбегін ұмытпайық.
Үйге тапсырма:
Эссе: Ахмет Байтұрсынұлы












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.04.2025
141
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі