«Берекелі
күз»ертеңгілігі
Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерін
ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын
түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән айтуға, би
билеуге ойларын қалыптастыру.
Көрнекілігі:Залды түрлі-түсті шарлармен
,күзгі жеміс-жидек, суреттермен безендіру.
Жүргізуші:
Келді міне, Алтын
күз!
Сары шашты жарқын
күз.
Мол өнімді
ісімен,
Таңдандырып халқын
күз.
Армысыздар қадірлі қонақтар!
Бүгінгі ырысы мол «Берекелі күз» атты ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер! Мерекемізді бастаймыз.
Әуен ырғағымен балалар ортаға
шығады.
1.Бала: Күз
келеді
Көп жеміс
піседі.
Сарғайып
жапырақ,
Саудырап
түседі.
2.Мен
жүзіммін,жүзіммін,
Моншақ болып
тізілдім.
3.Мен өрікпін
,өрікпін
Табиғатқа
көрікпін.
4.Мен
алмамын,алмамын
Таңдай жұлар бар
дәмәм.
Жүргізуші:
Әй
балалар,балалар
Менде қызық ойын
бар
Ал ықылас
қойыңдар
Балалар біз ойын ойнап
көрейікші. Бүлдіршіндер екі топқа бөлініп жеміс-жидектерді
жинайды.
Өте жақсы
балалар.
«Балапан» тобының
бүлдіршіндерінің орындауында «Жаңбыр» биі
Қол соғып қошемет
білдірейік.
Балалар біз ұйымдастырылған
оқу қызметінде үйренген шаттық шеңберін ата-аналарымызға айтып
берейікші.
Алма,алма көп
алма
Қызыл, жасыл, сары
алма
Теріп,теріп
алайық
Себеттерге
салайық
Алақанды
ашайық
Тауыққа жем
шашайық
Бір отырып, бір
тұрып
Жақсы сергіп
қалайық
Қорбаңдаған
аюдың
Құлпынайы көп
екен
Теріп-теріп
алайық
Қалтамызға
салайық.
Таңертең
тұрамын
Бетімді
жуамын.
Тісімді
тазалап
Шашымды
тараймын
Айнаға
қараймын
Мен таза
боламын.
Қандай керемет өте жақсы
балалар мен сендерге ризамын. Олай болса ән
орындайықшы.
Хор: «Қырманға кел
қалқатай»
Жақсы
!
Ата-аналардың дайындап әкелген
сыйын тамашалайық.
Топ
әні
Сән үлгісі (пакеттерден
тігілген)
Көрме
(жеміс-жидек,көкөністерден)
Қабырға
газеті.
Жүргізуші: Ал қонақтар алтын
уақыттарыңызды бөліп, бүлдіршіндерді тамашалағандарыңызға көп
рахмет! Күз берекелі, астықты болсын демекпіз! Сау
болыңыздар!
«Алтын күз» ертеңгілігі
Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың
білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау
қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
(Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен
безендірілген)
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, кішкентай бүлдіршіндер!
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге
молшылық алып келсін.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күз келгенде»әнін
тамашалаңыздар
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге балалар анасымен бірлесіп, сән
көрсетілімін дайындап келген екен,
ана мен баланың сән көрсетілімін бағалайтын әділқазы алқасымен
таныстыру.
Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды
айтайық.
1 - бала: Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.
2 - бала: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал - терек,
Жапырағын жұлғызып.
3 - бала: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
4 - бала: Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.
5 - бала: Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.
6 - бала: Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күзгі бақ»әнін
тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Балалар, адамдар күзде қандай киімдер киеді?
Балар: Күзгі жылы киімдерін киеді.
Жүргізуші: Ендігі кезекте, балалардың анасымен бірлесіп дайындаған
күзгі сән үлгісін тамашалайық.
Әдемі әуен ойналып, балалар анасымен күзгі сән үлгісіне шығып,
өздерінің және аналарының киімдерін неден қалай дайындағанын
бірлесіп сипаттап, таныстырады.
(Осы кезде ішке сары киім киген түрлі - түсті жапырақтар тағынған
алтын күз келеді)
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды
алдым, сендерге көп рахмет.
Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім.
Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Бізге
екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған
ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып
анықтаулары қажет.
Күз: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Жүргізуші: Алтын күз, енді балалардың өзіңе арнаған «Жапырақтар»
биін тамашалыңыз
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жапырақтар» биі
Күз: Балалар билерің қандай тамаша, ендігі кезекте ата - аналарды
сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата - ана
ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей
тазалау қажет.
Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме
екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.
Жүргізуші: Сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық.
(Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып, қатарласып
шығады)
Сәбіз: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Алма: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
Қызылша: Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.
Өрік: Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Қарбыз: Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.
Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Қауын: Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргенде тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Күз: Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен
сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс етемін.
(Күз, балаларға алма таратады)
Күз: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді
көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге,
келесі кездескенше.
Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп,
шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
Күз: Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Ендігі кезекті әділ қазыларға береміз.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жеміс тердім»әнін
тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Алтын күз атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға
рахмет.