Тақырыбы:«Бірлігіміз
жарасқан!»
Күні:04.05.2018
ж.
Мақсаты:
Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны
қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға
патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен,
қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.
Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге
тәрбиелеу.Балаларды бірлікке,
ынтымақтастыққа,
достыққа баулу.
Патриоттық сезімдерін
қалыптастыру.
Жүргізуші:
Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша
үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың
бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың
қанға бөккен даласында қайсарлықпен
шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан
соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Ортақ мекен жер
шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
№
1.Олай
болса«Күншуақ»тобының балаларының тақпақтарына
берейік.
Айлин
Мамырдың бірі,
Көңілдің жыры.
Көгілдір аспан,
Бітпейтін нұры.
Руслан
Мамырдың
бірі
Достықтың
жыры.
Адамы
асыл,
Қадамы
ірі.
Айша
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Достық жырын біліңдер,
Еңбекті де сүйіңдер.
Ева
Ақпыз, қара сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау.
Жеміс толы бақша бау.
Жүргізуші:
Тілі бөлек болған менен тілек
бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
№2 «Достық» биі
попурий
І
жүргізуші:
Тілі бөлек болған менен тілек
бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
№ 3.
Келесі
кезекті «Жұлдыз»тобының балаларының
тақпақтарына берейік.
Руслан:
Бақытты боп
жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы
Отан.
Елім менің – тірегім,
Құшағында гүл
атам.
Сабина
Шығысыңнан
арайлы,
Күліп атқан құба
таң.
Сенен бақыт
тарайды
Баршамызға Ұлы
Отан.
Аяулым
Сарқылмайтын
қуатым,
Тірегімсің сен,
Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен,
Отан!
Арген
Отан - сенің ата-анаң,
Отан - досың,
бауырың.
Отан - өлкең,
астанаң,
Отан - аудан,
ауылың.
Отан - тарих, Отан -
тіл,
Фатима
Көтерген көкке ел
даңқын...
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе
біл.
«Отан» деп өс, жас
қауым,
Оны ардақтап, сүйе
біл.
«Сарбаздар»
биі
Жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат
барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап
шықты. Олай болса ерлікпен қаза
болған батырларымызды еске
алайық.
Бір минут
үнсіздік.
№ 4.
Келесі
кезекті «Жұлдыз»тобының балаларының
тақпақтарына
Рахым
Батыр ұл есімдері
ақталады,
Жыр
болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз
етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи
мақтанады.
Каусар
Аналар қоштасқанда
асылымен,
Арулар қош айтысты
ғашығымен
Балалықтың базарын ерте
жауып,
Талай жұмыс істеді бала
өркен.
Даяна
Үдетіп соғыс оты қайғы
мұңды,
Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей
қойды,
Кемпір шал, әйел бала
ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс
тойды.
Серік
Жігіт кетті
майданға
Тал бойында бес
қару.
Айрылған арманда
Қалды артында жас
ару.
Айдана
Жас жүрегі бір
түрлі
Алқымына тығылып,
Алғашында бір
тұрды
Қалам ба деп
жығылып...
(Радиодан жеңіске жеткен хабарлама
қойылады)
Бала: - Алақай!
Алақай! Алақай! Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс! Көкем
келеді, алақай! Экранда деректі бейне фильм
көрсетіледі.
№ 4. Ән
«Катюша»
Сүйінші елім,
сүйінші
Сүйіншіге
сүйінші!
Қуан ата-анамыз,
Әжелер мен
бабамыз.
Соғыс бітті
жеңіспен,
Кешікпей елге
барамыз.
Фашистің туын
құлаттық,
Әскерін қырып
сұлаттық.
№5. Би
«Катюша»
Жүргізуші:
Ана нәзік, ана
мейірімді бұл мереке тек ер- азаматтарымыз үшін ғана емес,
аналарымызға және барша халықтың мерекесі, елінде қалған аналар
соғысқа кеткен азаматтарының тілеуін тілеп, күні-түні еңбек
даласында аянбай еңбек
етті.
Өзінің
нәзіктігіне қарамастан шырылдаған баласымен қоса, тылда еңбек
еткен, ауылымызда аналар жетерлік. Ендеше құрметті де аяулы аналар
сіздерді де Ұлы Жеңіс
мерекесімен құттықтаймыз!
Аналар осылайша
жүзге жеткін ,
Ұл-қызын енді
өзіңді еркелетсін .
Әрқашан
шаттықтардан орын алып ,
Уайымның не
екенін білмей өткің!
№ 6. Ән «Ақ
көгершін»
Балалар ендігі
жерде соғыстың өзі түгілі аты аталмасын, жер бетінде, бүкіл әлдемде
тек бейбітшілік, бейбіт өмір болсын, әрқашан күн сөнбесін деп
аспанға бейбітшілік құстарын ұшырайық! Балалар қолдарындағы қағаз
құстармен бұлғап тұрады.