Тақырыбы:Бұрандалы қосылысты болттың көмегімен біріктіруді есептеу және AutoCAD бағдарламасында кескіндеу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы:Бұрандалы қосылысты болттың көмегімен біріктіруді есептеу және AutoCAD бағдарламасында кескіндеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға осы тақырып бойынша бұрандалы қосылысты болттың көмегімен біріктіруді есептеп және кескіндеу жөнінде кең – көлемде мағлұмат беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жол-көлік колледжі



Сызу пәнінің оқытушысы: Утемалиев Садият Самедуллаевич

Сабақтың тақырыбы: Бұрандалы қосылысты болттың көмегімен біріктіруді есептеу және AutoCAD бағдарламасында кескіндеу.

Сабақтың түрі: практикалық


Сабақтың мақсаты

Білімділік – Оқушыларға осы тақырып бойынша бұрандалы қосылысты болттың көмегімен біріктіруді есептеп және кескіндеу жөнінде кең – көлемде мағлұмат беру.

Тәрбиелік – Ұқыптылық, тазалық, өз ойын қағаз бетіне түсірудегі ұстамдылық пен шыдамдылыққа үйрету.

Оқыту (дамытушылық) – Оқушылардың кеңістікте ойлауын дамыту, оларды шеберлікке баулу, танымдық қабылетін арттыру сонымен бірге өз бетінше әдебиеттермен анықтамалық оқу құралдарымен жұмыс істеуін арттыру.


Пәнаралық байланыс:бейнелеу, математика, геометрия, техникалық механика және арнайы пәндер


Сабақты жабдықтау: Оқулықтар мен құрал - жабдықтар

а) сабақтың көрнекілігі:

  1. Ұтымды-көрнекі суреттер (плакаттар)

  2. Болтпен біріктіру модельдері

  3. Бұрын орындаған оқушылардың графикалық жұмыстары (үлгі ретінде)


ә) үлестірмелі материалдар:

  1. Оқулықтар

  2. Жеке үлестірмелі кеспе-қағаздар

  3. Сызу құралдары

б) оқытудың техникалық жабдықтары:

  1. Компьютер, проектор, экран

в) оқыту орны: № 209 – «Сызу» дәрісханасы


Әдебиеттер: НО-1 – Ж.М.Есмұханов «Сызу». Жалпы білім беретін орта мектепке арналған оқулық. Алматы, «Рауан», 1996 ж. ;

НО-2 - А.Д.Ботвинников «Сызу». Орта мектепке арналған оқулық. Алматы, «Рауан», 1980 ж. «Мектеп» (Аудармашы М. Бәйімбетов)

ҚО-1 – С.К.Боголюбов «Черчение». Учебник для ССУЗ-ов. Москва, «Машиностроитель», 1989 г.




Сабақтың барысы


I. Сабақты ұйымдастыру кезеңі:

1. Кабинетті (дәрісхананы) сабақ өткізуге, сабаққа қатысып отырған оқушыларды және олардың сабаққа дайындығын (жұмыс дәптері мен сызу құрал-жабдықтарын) тексеру.


ІІ. Өткен тақырыптарға шолу:

  1. Болт деп қандай тетікбөлшекті атайды?

  2. Гайка деп қандай тетікбөлшекті атайды?

  3. Шайба деп қандай тетікбөлшекті атайды?

  4. Шпилька деп қандай тетікбөлшекті атайды?

  5. Сызбада өлшемдер қандай бірлікпен көрсетіледі?

  6. Масштаб деп нені атаймыз және ол сызбада қалай белгіленеді?

  7. Контур сызығынан қандай қашықтықта өлшем сызықтары жүргізіледі?



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Машинаның құрамына кіретін бұйымдардың ішіндегі ең қарапайым тетікбөлшектер. Тетікбөлшектер машинада бір-бірімен біріктіріледі. Кейде екі тетікбөлшекті қозғалмайтындай, ал біраздан кейін оларды тез және оңай ажыратуға болатындай етіп біріктіру керек болады. Осындай мақсатқа сай бұйымдарды біріктіру үшін қолданылатын тетікбөлшектерді қарастыралық. Бекіту тетікбөлшектеріне болттар, шпилькалар, гайкалар, шайбалар, винттер жатады. Болт. Ол стержень тәрізді, басы деп аталатын жағына қарама-қарсы ұшында бұрандасы бар тетікбөлшек. Шпилька. Екі ұшында бұрандалары бар цилиндр тәрізді стерженьді шпилка деп атайды. Шпилкаларды болаттан жасайды және оларға материалдық бұрандалар ойылады.

Болт. Ол стержень тәрізді, басы деп аталатын жағына қарама - қарсы ұшында бұрандасы бар тетікбөлшек. Болтты басының пішініне қарай алты жақты, жартылай дөңгелек басты, кұпия басты және т.б. деп ажыратады. Оның ішінде ең көп тарағаны — алты жақты болттар. Осындай болттардың басы алты бұрышты дұрыс призма пішінінде жасалып, фаскалармен аяқталады. Фаска өткір ұшты бұрыштарын жою және кілтті онай кигізу үшін керек. Бұрандалы ұшының ұзындығы оның цилиндр пішінді бөлігінің диаметріне, ал болттың жалпы ұзындығы біріктірілетін тетікбөлшектердің қалындықтарына байланысты анықталады. Алты басы бар болт үш түрде жасалады. Бірінші түрдегі болт суретте керсетілген. Екінші түрдегі болттың бұдан айырмашылығы — оның ұшына жақын жерінде тесігі болады. Ал үшінші түрдегі болттың айырмашылығы



оның басында осьтері киылысатын екі тесік болады. Бұл тесіктер бұрандаларды өздігінен бұралудан сактау үшін керек. Болттар болаттан жасалады және оларға метрикалық бұрандалар ойылады.

Болтты шартты түрде белгілеудің мысалын келтірелік. «Болт 2М 12x1,5x60 МЕСТ 7798 - 70», мұндағы М 12x1,5 — болттың метрикалық адымы ұсақ, номинал диаметрі 12 мм, адымы 1,5 мм оңқай бұрандасы бар; болттың ұзындығы 60 мм: екінші түрде жасалған және басы алты жақты; МЕСТ 7798—70 — болттың конструкциясын және өлшемдерін тағайындайтын мемлекеттік стандарттың нөмірі.

Екі тетікбөлшекті болттың көмегімен біріктіруді қарастыралық. Болттың негізгі параметрі — номинал диаметрі есептеудің нәтижесінде табылған екен делік. Тетікбөлшектің екеуінде де диаметрлері dо = 1,1 × d тесіктер болуы шарт. Міне, осы тесіктерге екі тетікбөлшекті бір-біріне тақап тұрып болтты кіргізеді. Одан кейін болттың ұшына шайба кигізіп, гайкамен бұрап, тетікбелшектерді қысып бекітеді. Суретте тетікбөлшектерді болттың көмегімен біріктіру сызбасы көрсетілген. Одан біз екі тілікті (фронталь және профиль) және үстіңгі көріністі көреміз. Тілікте болт (5), шайба (3) және гайка (4) кесілмей тұтас түрлерінде сызылған. 1-тетікбөлшектің қалыңдығы а1, 2-тетікбөлшектің қалындығы а2, шайбаның қалыадығы b, гайканың биіктігі Н1, болттың басының биіктігі Н, болттың фаскасының биіктігі с екенін көреміз. Болттың басын және гайканы қоршайтын цилиндрлердің диаметрлері (D және D2) өзара тең болады.

Басты көріністе болт пен гайканы үш жағы көрінетіндей етіп орналастырады. Сондықтан сол жақ көріністе болттың басы мен гайканың тек екі жағын көреміз. Сызбада болт пен гайка үшін маңызды өлшемдердің бірі (S) көрсетілген. Бұл — кілттің өлшемі.

Кілт өлшемі мына мәндерге ғана ие бола алады: 3,2; 4; 5; 5,5; 7; 8; 10; 13; 17; 19; 22; 24; 27; 30; 32; 36; 41; 46; 55; 65; 75.

Тетікбөлшектерді болтпен біріктірудің сызбасын шартты түрде ықшамдап салуда мына қатынастар пайдаланылады: Н = 0,7сі;

Н1 = 0,8d; D = D2 = 2d; b = 0,2d; b1 = 0,3d; с = 0,15d; D = 2,2d; dо = 1,1d; dі = 0,85d; һ = 1,5d.

Демек, тетікбөлшектерді біріктіру үшін болт, шайба және гайка керек, сондай-ақ үш өлшем d, а1, және а2 белгілі болуы тиіс. Мысалы, d = 20 мм, а1 = 25 мм жәнe а2 = 10 мм болсын. Болтпен біріктіру сызбасың салу ретімен танысалық.

1. Болттың өлшемдерін анықтап, оның сызбасын салады. Болттың диаметрі d =20 белгілі, олай болса, бұранданың номинал диаметрі де 20 мм. Ол — адымы ірі метрикалық онқай бұранда болсын. Болттың ұзындығын 1-суретке қарап есептелік:

l = а1+ а2 + b + H1 + b1 = a1 + а2 + 0,2d + 0,8d + 0,3d = a1 + а2 + 1,3d;

l = 25 + 10 + 1,3 × 20 = 61 мм; l = 60 мм.

Ендеше, болттың ұзындығын 60 мм деп алуға болады. Болттың басын сырттай сызатын шеңбердің диаметрі

D = 2d = 2×20 = 40 мм; D = 40 мм.

Оның бұрандалы ұшының ұзындығы

l0 = 1,5 d = 1,5 × 20 = 30 мм; l0 = 30 мм.









1 сурeт


V. Оқушының білімін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру және бекіту (пысықтау):


  1. Болттарды бастарының пішіндері бойынша қалай ажыратылады?

  2. Қандай болттар жиі қолданылады?

  3. l өлшем бірлігі нені білдіреді?

  4. l0 өлшем бірлігі нені білдіреді?

  5. «Болт 2М8х0,5х40 МЕСТ 1491 – 72» жазуын талдап, түсіндір?



  VI. Үйге тапсырма беру:


НО-1, 169-172 беттерді оқу, №12граф. жұмысты орындау




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2021
325
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі