Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы:Ертегі арқылы бала тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қарағанды облысы Теміртау қаласы

КМҚК №19 «Ақтілек» бөбекжайы

1-санатты қазақ тілі мұғалімі: Палманова Айман Абдраимовна

Тақырыбы:Ертегі арқылы бала тілін дамыту

Болашақтың базары да, келешектің — кемеңгері де балалар емес пе? Саналы, өскелең  ұрпақ тәрбиелеу-әрбір тәрбиешінің міндеті. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына балабақша тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор. Кеше ғана аяғын аттап басқан жас сәбидің алғашқы рет қоғаммен араласуы балабақшадан басталады.  Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып,          жан –жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы  өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.                                                        

        Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде  ертегінің алатын  ролі  өте зор.  Ертегі – қай халықтың фольклорында да  ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімн, арман арман тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық  өмір  тәжірибесін  көреміз. Ертегінің қай түрін алсақ та ол баланың ой қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, тілін дамытып, сөздік қорын қалыптастырады. Ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айырықша көңіл бөлген жөн.

       Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» мемуарлық кітабында «Ертегісіз өскен бала-рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға ертегіні ата-аналары айтып бермейді. Ал бесікте жатқанда  құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын» -деген екен. Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол. Бала тұлғасының интеллектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту мәселесі ғаламдық білім беру  кеңістігінің  басты міндеттері болып табылады. Қиял-біздің өміріміздің бір қыры. Көз алдымызға елестетіп көрейікші, адамда қиялдау қабілеті болмаса, ғажайып өнер туындылыры,  түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді. Балалардың дамуы үшін  ең алдымен оның қиялдай білу қабілетін дамыту керек. Ал ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншақтық  пен  сараңдықты табалайды. Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды.

     Ертегілер құрамы жағынан әр алуан. Ертегіні әр түрлі әдіс –тәсілдерді қолдана отырып, балаға жеткізе білу керек. Ертегіні баяндай отырып, мұңаюға, шаттануға үйретеміз, оқиғаларымен  қызықтырып, ой-қиялын дамытамыз, оны баяндауға жетелеп, тілін дамытамыз, адамгершілікке, кішіпейілділіккке, қамқорлыққа тәрбиелейміз. Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады. Ұрпақ  тәрбиесінде  ең  тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл,  түсінуі оңай болғандықтан,  ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін  дамытуда  да атқарар  қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер балалардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала — үздік бала, себебі жоғарыда аталғандар — жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Бұл турасында   атақты педагог Сухомолинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат қағып бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық»,- деп атап көрсеткен. Ертегі арқылы    мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту жолдарын әрбір педагог өз тәжірибесінде   түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қарастырады. десек, бұл орайда мен сіздермен осы мәселе төңірегінде  ой бөліскім келіп отыр. Мектепке дейінгі жасөспірім бала  тілін дамытуда сахналық қойылым  ерекше рөл атқарады. Сахналық  қойылым әр  балаға қуаныш,  ұмытылмас әсер сыйлайды,  оның көркемдік талғамын,  еліктеуі мен  қиялын дамытады.Балалар  рөлге енеді, көркемдік оқу әдісі, кейіпкер      бейнесін сомдауы, сөйлеу мәнері,  бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады. Сөйлеу логикасы  мен дикциясын, дұрыс артикуляциясын  меңгере  біледі,  тілі дамиды.

   Мысалы,қазақ халқының «Шықбермес Шығайбай мен Алдар  Көсе»,  «Ауру арыстан»,   орыс  халқының    «Шалқан»,  француз жазушысы Шарль Перроның «Қызыл телпек»  ертегілерін  сахналағанда  топ балалары  кейіпкерлердің  мінез-құлқын, іс-әрекеттерін  жасауға тырысты. Осы қойылымдарарқылы  ертегіге  деген қызығушылықтары  артып, ойлау  қабілеттері  дамып,  шығармашылық  жолға бір қадам жасады. Соныменқатарбалаларға  ертегі  әңгімелеген  кезде  ертегілердегі  кейіпкердің  мінез-құлқына,  дауыс  ырғағына,  қимылдарына балалардың назарын  аудартып,бар ынтасымен тыңдауын қадағалаймын . Ертегіні сахналай  отыра ең бастысы бала диалогтық  қарым-қатынастың не екенін, оны қалайша әсерлі жеткізу  керектігін ұғынды, нәтижесінде  мәнерлі жеткізе білді. 

    Театр – бұл өмір.  Батыс Еуропаның көптеген елдерінде театрға қатысты  газет-журналдарды  әрбір жанұя жаздырып алдырып,  балаларын аптасына бір рет театрға апарады екен.  Себебі театр балаларды әсемдікке, мәдениеттілікке баулиды. Бұл,әрине,үлгі аларлық жағдай.

    



Театр – бұл өмір.  Батыс Еуропаның көптеген елдерінде театрға қатысты  газет-журналдарды  әрбір жанұя жаздырып алдырып,  балаларын аптасына бір рет театрға апарады екен.  Себебі театр балаларды әсемдікке, мәдениеттілікке баулиды. Бұл,әрине,үлгі аларлық жағдай.

     Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде  қуыршақ  театрының алатын орны ерекше. Балабақшаға театр келеді немесе балалар біз қуыршақ театрын тамашалаймыз дегенді естісе, балалар оны көргенше  тағатсыздана күтеді.Сондықтан мен балаларымның театрға деген қызығушылығын балабақшадағы  шағын ғана қуыршақ театры арқылы жүзеге асырамын.

     Мысалы, «Үйшік», «Шалқан», «Бауырсақ» т.б ертегілерін  балалар қуыршақтарды сөйлету  арқылы жүзеге асырып, өздерін үлкен театр сахнасында жүргендей сезінді. Әрбір қуыршақтың сөзін нақышына келтіртіп  дыбыстату арқылы мен оларды  таңғажайып  ертегі әлеміне сүңгіттім,   көңілдерін көтердім, балалардың  сөздік қоры молайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың тағы бір жолы-бейнеролик  арқылы жұмыс. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген қағидаға сүйенсек, бала бейнеролик арқылы ертегіні экраннан тамашалай отырып, жүйелі ойлауға және ойын нақты жеткізе білуге, ертегі құрылымын жалғастыра таба білуге үйренеді. Мысалы: «Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ», «Шалқан» т.б ертегілерін  бейнероликтен көріп болған соң мынандай тапсырмалар бердім. Мақсатым: ертегі  желісін рет-ретімен шатастырмай  жүйелеп айтқызу. Тапсырманы орындату үшін мен ертегі желісін баяндайтын  суретті  сызбанұсқаны пайдаландым.Бұл сызбанұсқа арқылы жұмыс жасай отырып, балалар ойларын жүйелеп, ертегінің кейіпкерлерін шатастырмай сөйлетіп шықты.

       Бүгінгі таңда бала тілін дамытудың таптырмас құралы- интерактивті ойындар. «Алақай!» интерактивті ойынында  30 түрлі ертегі бар. Қалаған ертегіні бала ойыншыққа койып тиісті батырманы басып, бала әуенмен сүйемелденген  ертегіні тыңдай алады. Нәтижесінде бала ақпараттық құралмен жұмыс жасауды меңгеріп қана қоймай, екі-үш сөйлемнен тұратын шағын мәтін құрағанын байқамай да қалады.Менің балаларым үшін бұл алға басқан тағы бір қадам.



Ел арасына атағы жайылған айтқыш — ертегішілерді халық өте жоғары қадірлеген, оларды жыршы, ақындармен қатар қойған. Кейбір дарынды ертегішілер ел аралап, жұрттың жиналған жерінде ертегі, əңгіме айтатын болған жəне бір əңгімесін қайталай бермейтін, бұрын естілмеген жаңа ертегілерді туғызған.Ол үшін, бір жағынан, бұрын-соңды айтылып жүрген ертегілерді өздерінше өңдеп  мəнерлеген; екіншіден, сол халық ертегілерінің негізінде жаңадан сюжетті ертегілер туғызған.

     Осы ойды әрі қарай өрбітсем,  мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде өз тәжірибемде атты бала  қиялын, сонымен бірге сөздік қорын молайту мақсатында  төмендегідей жұмыс жүргіземін.

      Мысалы:  «Ауру Арыстан»   ертегісі арқылы балаларды  ашкөздік  озбырлық,  әлсіздерге  әлімжеттік жасау  сияқты жаман қасиеттерден  бойларын  аулақ ұстау  үшін арыстанды қалай  жақсы кейіпкер етсек деген  сауал тастаймын.Балалар өз ойларын айтады.Балалармен бірлесе отырып ертегі желісін былайша өзгерттім.

  Нәтижесінде балалардың  өз қиялдарынан  туған жаңа дүние оларға ерекше әсер етті, бір-бірімен ой бөлісіп, ынтымақтастыққа тәрбиеленді.

  Біз білетін «Бауырсақ» ертегісінде түлкі бауырсақты жеп қояды,  яғни бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды. Ертегінің жаңа нұсқасында біздің  бауырсағымыз жаңа достар тауып,  жаны жақсылыққа  кенеледі.      

     Ертегісінің жаңа нұсқасы балаларды достыққа, адалдыққа, шыдамдылыққа  үйретеді.  

 «Қызыл телпек»  ертегісінде   қасқыр әжесі  мен  Қызыл телпекті жеп қойып, жексұрын болып көрінеді.Ашкөз, жауыз қасқырды мейірімді,қамқор етіп көрсету мақсатында жаңа нұсқасын ұсынамын. Қасқырдың жағымды істеріне сүйсіндіре отырып,   мен балалардың  сөздік қорына

« қарағайлы, шыршалы ну орман», «қол ұшын берейін»,«достықтары мәңгілік болыпты » сияқты тіркестер қостым.

      Қорыта келгенде, менің кішкентай балаларым ертегіні тамашалай отырып және  онымен жұмыс жасай отырып, мынадай нәтижеге қол жеткіздім:

    — кейіпкерлердің  жағымды, жағымсыз қасиеттерін айыра білу жəне жеткізе білу қабілеті дамыды;

    -бір текті ұғымдарды салыстырып,ұқсастықтары мен даралық  қасиеттерін   

     өз жастарына сай   ажырата білуді үйренді;

   -ойлау тəсілдері, оның ішінде  жұптасып, топтасып ойлау қасиеттері дамыды;

    -кейіпкерлерді сипаттау арқылы бұрын таныс емес сөздерді үйренді;

    — суретті сызбанұсқамен   жұмыс жасауды үйренді;  

  -зат  немесе   табиғат  құбылыстары    туралы  жаңа ұғымдармен танысты;

  —   ертегі  сюжетін қызғылықты етіп баяндау шеберлігіне машықтанды;

   -өз пікірін іркілмей айтуға бейімделді;

түрлі ғажайып оқиғаға құрылған ертегілерді жігін бұзбай өрістете айтып, əрбір эпизодты арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыруға талпынды;   

 -ертегілердің əрбір кейіпкеріне  жас  ерекшеліктеріне сай   лайықты мінездемелер беру, оладың образдарын, көз алдына елестетерліктей шағын портреттер  жасау, əрқайсысының іс-əрекеттеріне қарай сөз таба білуге дағдыланды;

  -бала  эмоционалдық  жағынан дамыды;

 -сөйлеу логикасы  мен дикциясын, дұрыс артикуляцияны  меңгере  білді.

   Бұған қоса бүгінгі менің кішкентай тәрбиеленушілерім  болашақта от ауызды,  орақ тілді  қайсар қазақ халқының  рухын биіктетер азаматтары болатынына сенемін.

 
Бала тілін дамытуда тірек-сызбаның алатын орны Баланы тәрбиелеу мен оқытуда маңызды мәселенің бірі-ол бала тілін , тілдік қатынастарын дамыту. Балабақшада әрбір бала грамматикалық құрылымы дұрыс, мағынасы және желісі түзу құрылған сөйлемдер мен сөйлей білуге үйрену керек.

Бала тілінің шорқақ болуының себептері:

бала үлкендермен қарым-қатынасқа аз түседі. 

әке-шешелерінің аузынан ертегі аз естиді. 

Бұл мәселені жою үшін-тірек-сызбаның, белгілердің, пиктограммалардың алар орны маңыз.Тірек-сызба , белгілер, пиктограммалар бала тілін дамытып қана қоймай, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттырады.

Л.Рубинштейн, Л.Элькониннің ойларынша бала тілін дамытудағы тиімді әдістің бірі ол-көрнекілік. Суретті (затты) қарауда бала заттың атын атауын, оның сипатын, өтетін әрекеттері туралы білетін болады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды көрнекіліктер арқылы білім тез меңгеріледі. Венгер,Дьяченко тірек-сызбаны 3 кезеңге бөлінген:

- дайын сурет пен сызбаны пайдалану. Бұл кезеңде үлкендер дайын сурет пен белгілерді көрсетеді;

- педагог пен бала бірлесіп тірек-сызба құрастырады

-бала өзі жеке дара тірек-сызба құрастырады. 
Суреттер, сызбалар бала тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады. Оларды пайдалану: 

сөздік қорларын дамыту үшін әңгіме құрастыруда әдеби шығарманы мазмұндауда 

жұмбақтарды құрастыру мен шешуде тақпақтарды жаттауда 

Тірек-сызбамен әдеби шығарманы таныстыру 2 кезеңнен өтеді:

1-кезең көрнекі сызбалар пайдаланады.Оның мақсаты-әңгіме желісімен қарым-қатынасысымен танысу.

2-кезең шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін.Мақсаты-балаға ертегі әрекет желісін , кейіпкерлерді өзгерту үшін пайдаланылады.

Тірек-сызбаның ең қарапайым түрі-сериациондық қатар сызбасы. Ол жолақшалардың түрлі ұзындықтарға ұзарғандығын көрсетеді.Мысалы : «Шалқан» ертегісін үйреткенде ортаға сары дөңгелек қойылады, балаға ертегі мазмұны бойынша 6 жолақтарды қатарлау тапсырмасы беріледі.Әр жолақтың кейіпкерге ұқсастығы талданады. Бала осылай ертегі мазмұнын игергеннен соң тапсырманы өзгертіп, әр кейіпкерді қатармен қатарлау тапсырмасымен күрделенеді.

Сериациондық қатардан кейін, қозғалмалы тірек-сызбаны пайдалануға болады. Бұл тірек ертегіні мазмұндауда пайдаланылады. Бала бұл арқылы барлық әрекеттерді біледі.(кетті, келді т.б) Мұнда бірдей көлемдегі тек түстері әр түрлі дөңгелектер пайдаланылады. Мысалы «Қоян мен түлкі» ертегісіне ақ (қоян), тоқсары (түлкі), сұр (ит), қоңыр (аю), қызыл (әтеш) пайдаланылады.

Кейбір ертегілерді мазмұндау немесе үйретуде екі тірек-сызба да пайдаланылады. Сериациондық қатар және қозғалмалы тірек. Мысалы : «Қызыл телпек» ертегісінде кішкентай дөңгелек және түрлі ұзындықтағы жолақтар пайдаланылады.Ең қысқа жолақ – тышқан, ең ұзын жасыл жолақ (бақа).

Бала бұл сызбаларға үйренгенде жеке дара жолақтар беруге болады. Немесе жолақтар беріп бұл қай ертегі кейіпкері деп сұрақ қоюға болады.Кейбір кездерде балалар белгілер мен жолақтарды пайдаланып басқа ертегі немесе әңгіме құрайтын болады.

Бала тілін дамыту үшін жұмбақ шешу де тиімді тәсілдің бірі. Жұмақ құрастыру немесе шешуде заттың қасиетін, ұқсастығын, қасиеттерін алуға болады. Жұмбақ құрап шешуде кесте арқылы ұйымдастыруға болады. Балаға «қандай?», «ұқсастығы неде?» деген сұрақтар қою арқылы жұмбақ құрастыруды үйретеміз. Мысалы:


Бұл не? 


Қандай? 


Ұзын 


Мұз сияқты 


Тоқсары 


Апельсин сияқты 


қытырлақ 


Қатырма нан сияқты 

Ұзын-мұз сияқты Тоқсары-апельсин сияқты Қытырлақ-қатырма нан сияқты Бұл не? (Сәбіз) 



Неге ұқсайды? 


Айырмашылығы неде? 


Мақтаға 


Ериді 


Көрпеге 


Үтікпен үтіктей алмайсың 


Қатырма нанға 


Жеуге болмайды 


Мақта сияқты, бірақ ериді,

Көрпе сияқты-бірақ үтіктей алмайсын

Қатырма нан сияқты, бірақ жеуге болмайды

Бұл не? 

(Қар)

Осындай тірек-сызбаларды жииі пайдаланатын болсақ, бала тілі тез дамиды.Ал, егер бала тілі дамыған болса ол өз ойын жеткізе білетінтжеке дара тұлға болып қалыптасады.

Семинар 
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын тірек-сызба, бес жолды өлең арқылы дамыту арқылы дамыту» 
Күн тәртібінде: 
1.«Көршімнің ерекшеліктері» ойынын ұйымдастыру. 
Баяндама :« Бала тілін дамытуда тірек-сызбаның алатын орны» 
А.Нуралина 
2.Баяндама:«Бала тілін мнемотехника әдісі арқылы дамыту» 
В.Шапаева 
3.Тәжірибемен бөлісу: «Бала тілін дамытудағы әдістер» 
С.Оспантаева 
Шығармашылық кезең: «Ойнайық та, ойлайық » берілген әңгіме, ертегі, жұмбақ, өлеңдердің тіпек-сызбаларын құрастыру. 
4.Қорытынды: « Қорап» ойынын ұйымдастыру. 






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2020
533
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12