Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы:«Жаратылыстану әлеміне саяхат» интеллектуалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал интеллектуалды сайысы талдамасы. Жас оқытушыларға әдістемелік көмек ретінде көмегі болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

География және биология оқытушысы: Толымбек Кулзипа Манаповна

Тақырыбы:«Жаратылыстану әлеміне саяхат» интеллектуалды сайыс


Сабақтың мақсаты: Білім алушылардың білімдерін жинақтау, пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан-жақты болуын, экологиялық білімдерін көтеруге, әрі табиғатты сүюге баулып, ұқыптылыққа тәрбиелу;

Сабақтың түрі: интелектуалды- зияткерлік сайыс

Сабақтың әдістері: ойын, сұрақтар, тапсырмалар;

Сабақтың көрнекілігі: АКТ,компьютер, бейнефильм, презентация

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.

2. Негізгі бөлім:

1-кезең – Кім білгір?
2- кезең – «Сәйкестендіру стратегиясы»
3- кезең – Сиқырлы ұяшықтар.
4- кезең – Терминдер аукционы

5- кезең. Шығармашылық жұмыс
3.Қорытынды



Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен білімалушылар!

СалеметсІздер ме! «Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты 1 - курстар арасында өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Ақыл – тон, аңдығанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,-
деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:

1-топ ……

2-топ ……

3-топ ……

4 -топ ……
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
1. Химия пәнінің оқытушысы 
2. Биология пәнінің оқытушысы
3.География ппәнінің оқытушысы
Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:


1-кезең – Кім білгір?
2- кезең – «Сәйкестендіру стратегиясы»
3- кезең – Сиқырлы ұяшықтар.
4- кезең – Терминдер аукционы

5- кезең. Шығармашылық жұмыс

сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.

1 кезең «Кім білгір?» кезеңінде әр топқа 10 сұрақ оқылады. Сайыскерлер оқылған сұраққа толық жауап береді. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.


1-топ
1. Жасушаны зерттейтін ғылым саласы: Цитология
2. Дене жасушаларының бөлінуі: Митоз
3.Сыртқы орта жағдайына байланысты болатын өзгергіштік: Модификация
4. Әр түрге жататын түрлерді будандастыру: Аутбридинг
5.
Әлемдегі ең биік сарқырама? Анхель
6.
Әлемдегі ең ірі материк? Еуразия
7.
 Дүние жүзіндегі ең ұзын тау? Анд 
8.
Әлемдегі ең үлкен көл? Каспий
9. Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар (тұз қышқылы, HCl)
10.
Қышқыл, сілті ертінділерінде түсін өзгертетін заттар (индикатор)

2-топ
1. Қан жасушаларын атаңыздар: Лейкоцит,эритроцит,тромбоцит
2. Жыныс жасушларының бөлінуі: Мейоз
3. Тұқым қуалайтын өзгергіштік: Мутация
4. Ең көне заман: Архей
5. Қан айналудың бір айналымы қанша уақыт алады: 27 секунд
6. Дүние жүзіндегі ең үлкен түбек? Арабия
7. Әлемдегі ең үлкен арал? Гренландия 

8. Әлемдегі ең үлкен жер асты үңгірі? Флинт-Мамонт 

9. Дүние жүзіндегі ең биік ағаш? Секвойя
10.
Химиялық таңбаның алдына қойлатын цифр? (коэффициент)

3-топ
1.Жыныс жасушаларының дамуы: Гаметогенез
2. Жасушаға түйіршік заттың сіңірлуі немесе жұтылуы: Фагоцитоз
3. Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды: Дальтонизм
4. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым: К. А. Тимирязев
5Құрлықтағы ең ірі жануар? Африка пілі 
6. Әлемдегі ең ыстық ғаламшар? Шолпан
7. Әлемдегі ең кішкентай құс? Колибри
8.  Әлемдегі ең ұзын ел? Чили
9.
Сиыр, жылқы сүтінің құрамында болатын қышқыл (сүт қышқылы)
10.
. Консерві қалбыры жасалатын металл (қалайы)


4-топ
1. Жасушаларды энергиямен қамтамасыз етеді: Митохондрия

2. Сүтқоректілер пайд болған заман: Мезазой
3. Биологиялық құбылыстарды техникада қолдану: Биотехнология
4. Тұқым қулайтын ақпарат сақталатын жасуша бөлігі: Ядро
5. Дүние жүзіндегі ең тұзды теңіз? Қызыл теңіз 
6. Әлемдегі ең биік таулы астана? Ла-Пас
7. Әлемдегі ең ірі мұхит? Тынық мұхиты
8. Дүние жүзіндегі ең суық жер? Антарктида 
9.
Оттектің салыстырмалы атомдық массасы (16)
10.
Екі газдан тұратын ең қажетті сұйық зат (су)


2- кезең – «Сәйкестендіру стратегиясы»

1-топ. Биологиялық ғалымдар

1

1870 – 1880 жылы ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді

Ж. Б. Ламарк

2

1892 жылы темекі теңбілін зерттеп, вирусты ашты

Ч. Дарвин

3

«Вирус» терминін 1899 жылы ғылымға енгізді

О. Сүлейменов.

4

Биосфера туралы ілімнің негізін салған ғалым

Д. И. Ивановский

5

Хромосомалық теорияны жарыққа шығарды

В. И. Вернадский

6

Эволюциялық ілімнің негізін салған ғалым

Т. Морган

7

«Зоология философиясы»атты еңбек жазған ғалым

М. В. Бейерник

8

«Невада – Семей» қозғалысын басқарған

Луи Пастер

9

Қазақстан табиғатының зерттелу тарихында география, этнография, шығыстану саласы бойынша маңызды еңбек атқарған саяхатшы ғалым.

Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов

10

Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, геология-минерология ғылымдарының докторы

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев


2-топ. Сәйкестендіру стратегиясы

1

Жануарлар мен өсімдіктердің ядросында

Биотехнология

2

Организмге тән ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы

Митохондрия

3

Тіршіліктің өздігінен жаралу теориясы:

Гемофилия

4

АТФ синтезі жүреді:

Катаболизм

5

Энергиясы мол органикалық заттардың ыдырауы

Рибосома

6

Қан ұйымайтын ауру

Фенотип

7

Биологиялық объектілердің көмегімен адамға қажетті өнімдер өндіру

Гистондар кездеседі:

8

Ақуыздың жасушада синтезделуі

Абиогенез

9

1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Сарыарқа мен Жетісуға жасаған саяхатына қатысты.

Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов

10

1926-1929 жылдары кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде ...... еңбегі

Сәтбаев


3-топ
Сәйкестендіру стратегиясы

1

1856-1857 жылдары Тянь-Шань мен Қашқарияға ұйымдастырылған ғылыми-әскери экспедиция құрамында болды

Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов

2

Ол ХХ ғасырдың екінші жартысында геоглогия, тектоника саласын зерттеген,кентану мектебінің негізін қалаған ғалым

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2021
2635
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12