Тақырып: "Ауыл өмірі және қала өмірі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырып: "Ауыл өмірі және қала өмірі"

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сынып қазақ тілінің қысқа мерзімді сабақ жоспары. Бұл сабақ жоспары әріптестеріме әдістемелік көмек ретінде пайдалануына болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Ауыл өмірі және қала өмірі

Сабақтың мақсаты: Ауыл және қала туралы әңгімелеу, тіл дамыту. Тақырып бойынша тапсырмаларды орындау. Сөздерге сатылай кешенді талдау жасауға жаттықтыру. 2. Сөздік қорларын молайту, әңгіме құрай білуге, өз бетімен ізденуге баулу.3. Өз туған еліне, туған жеріне, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ізденіс, пікірлесу, ой қозғау, ой қозғау, жоба жасау, салыстыру, тестілеу.

Көрнекілігі : ауыл, қала суреті,

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Психологиялық тренинг: «Жүректен –жүрекке»

Мен саған ... тілеймін.

Үй тапсырмасын тексеру. Тест жұмысы.

Қандай сөздер шықты ? Қала. Ауыл.Өмір

- Қалай ойлайсыңдар сабақтың мақсаты қандай болады ?

- Сабақта не істейміз ?

- «Ауыл» дегенде ойымызға не келеді? Қане, топтастырып жіберейік.

«Жуан және жіңішке» сұрақтар

Саған ауыл ұнай м а?

Ауылдың табиғаты қандай?

Ауыл жанында не ағады,нелер өседі.

Қала ұнай ма ?

Қалада нелер бар?

Сен қалада тұрғын келе ме?

Мәтінмен жұмыс.

Қала, ауыл туралы мәтінмен жұмыс.

Мен Астана қаласында тұрамын. Қалам өте әдемі. Қалада өте үлкен бизнес компаниялары, саябақтар, мәдени орындар көп. Бұл қалада көптеген ұлттар тату тұрады. Қалаға Қазақстанның жастары көп келеді. Шетелден келген адамдар да осында білім алып, жұмыс істейді. Қаланың түнгі көрінісі де өте әдемі.

Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Бұл жердің табиғаты өте әдемі. Әсіресе, жазда жасыл жайлау, таза ауа, тұнық су, әсем табиғатты тамашалауға болады. Мен жазда демалуға атам мен әжемнің ауылына барамын, оларға шаруаға көмектесемін. Қала ауылсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан ауылды көркейту керек.


Қала, дала табиғаты туралы мәтінмен жұмыс.

Қаланың табиғаты үлкен үйлерімен, жарықтарымен, зәулім ғимараттарымен ерекшеленеді. Әсіресе, гүлзарлар қалаға ерекше сән береді. Қалада жеке меншік көліктер, ірі зауыттар мен фабрикалар көп болады, сондықтан ауа тез ластанады. Қалаға көптеп жасыл ағаштар егу керек.

Ал ауылдың жөні басқа. Ауылдағы табиғат жасанды емес. Ондағы жасыл желек, мөлдір бұлақ, таза ауа, жайқалған дала гүлдері адамға ерекше көңіл-күй береді. Халқы жайдарлы, кең болады. Ауылдың кез – келген мезгілі өте әдемі болады.



Жоба жасау: 1-топ. Қала

2- топ. Ауыл


Вендиаграмма жасау тақтада

Ауыл. Қала.



Ой толғаныс: Ауылды көркейту үшін не істеу керек?

Меніңше...

Диалог құру.

Грамматикалық бөлім.

1-оқушы: Көмектесемін сөзіне сатылай кешенді талдау жасайды.

2 –о қушы. Ауылға - сөзіне фонологиялық талдау жасау.

3-оқушы .Морфологиялық талдау жасау «Тұрасың» сөзіне

4-оқушы: Жай сөйлемге синтаксистік талдау.
Ауыл адамдары құрметті қонақтарын кең жүрекпен қарсы алады. 

Тексеру.

Қорытындылау.

Сендер бүгін сабақта жақсы еңбек етіңдер.

  • Қаланы, ауылды көркейту үшін қандай адамдар керек ?

(еңбекқор, тәртіпті, әдепті ..)

  • Сендерден осы қасиеттерді көреміндеп ойлаймын. Болашак сендердің қолдарыңда

Бағалау





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.00.2018
3386
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі