Тақырып: Дәрігерде

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырып: Дәрігерде

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/ не туралы екенін түсіну.Шағын мәтінді /қарапайым оқиғаларды мазмұндау. Таныс сөздерді тұтас оқу. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу. Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында тәуелдік жалғауын қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

8-БӨЛІМ: ДЕНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ 4-САБАҚ





Тақырыбы: Дәрігерде

Мектебі:






Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1.Мүғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/ не туралы екенін түсіну.

1.2.4.1.Шағын мәтінді /қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.3.1.1.Таныс сөздерді тұтас оқу.

1.4.4.1.Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу.

1.5.1.2.Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында тәуелдік жалғауын қолдану.

Сабақ мақсаты:


Барлық оқушылар:

Дене мүшелерін атай алады, өзінің қай жері ауыратыньш/ауырмайтынын айта алады, дәрігердің сұрақтарына жауап беру арқылы өзі туралы қысқаша ақпарат бере алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша өзара сөйлесе алады, мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауын дұрыс қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

Өмірлік жағдаяттарда өзінің денсаулығы туралы мәліметгерді орынды қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезендері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)







Сабақтың ортасы

(6-40 минут)



















































































Сабақтың соңы

41-45 минут














(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.









МК, ¥) Мұғалім оқушылардын назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке және сөйлесу үлгісіне аударады. Тыңдау арқылы оқушылар Сенің тісің ауыра ма? деген сұрақ үлгісімен және Менің тісім ауырады / Менің тісім ауырмайды жауабымен танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар осы диалог негізінде өзінің тісі ауыратынын немесе ауырмайтынын айтуға жаттығады.

(МК, ¥) 2-тапсырмада оқушылар кесте бойынша айтуға жаттығады. Берілген үлгі бойынша айтады. Мысалы:

Менің тісім (қолым, аяғым) ауырады (ауырмайды). Яғни, біріншіден, оқушылар дене мүшелерін атайды, екіншіден, ауырады/ауырмайды етістігінің айырмашылығын түсініп, айтуға жаттығады.

(Ж) Екінші тапсырманы мұғалім күрделендіре түсуіне болады. Ол үшін түрлі сұрақтар қояды, мысалы, Сенің қолың ауыра ма? Сенің аяғың ауыра ма? Оқушылар Менің қолым ауырады (ауырмайды). Менің аяғым ауырады (ауырмайды) деп айтып жаттығады.

(МК, ¥) 3-тапсырмада мұғалім оқушыларды толықтырып айтуға жаттықтырады. Берілген белгілерге карап, оқушылар ауырады немесе ауырмайды деп таңдап айтулары керек. Оқушылардың жауаптары: Менің қолым ауырады. Менің тісім ауырмайды. Менің аяғьш ауырмайды. Мұғалім оқушылардың назарын жіктік жалғауының бірінші жағына, яғни менің қолым, менің тісім, менің аяғым сөздеріне аударады, әсіресе аяқ сөзінің соңғы әрпі ғ әрпіне айналатынына назар аударады.

(МК, Ж) Осыдан кейін мұғалім оқушылардың көңілін «Есте сакта!» айдарына аударады. Яғни Сенің тісің ауыра ма? сұрағын дұрыс колдануға үйретеді. Оқушылар сұрақты қайталап, бір-біріне қойып жаттығады.

(Ж) 4-тапсырма үлгі бойынша сөйлесуге бағытталған, осы тапсырмада оқушылар «Иә, Жоқ» сөздерін орынды қолданып, толық жауап беруге дағдыланады. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің сұрақтарына (Сенің тісің ауыра ма?) жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу. Осыдан кейін оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі.

Олар өткен сабақтардағы сөйлеу үлгілерін еске түсіріп, диалогті толықтыруларына болады.

Үлгі:

-Сәлем!

-Сәлем!

-Сенің атың кім?

-Менің атьш -... Сенің атың кім?

-Менің атым -...

-Сен неше жастасың?

-Мен ... жастамын. Сен неше жастасың?

-Мен... жастамын.

-Сенің тісің (қолың, аяғың) ауыра ма?

-Иә, ауырады (Жоқ, ауырмайды).

(МК, ¥) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой- пікірлерін білдіре алады.

















Оқулық



Аудиодиск:

8.4.1.;

8.4.4.





































































































2 жұмыс

дәптері

Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сүрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2018
428
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі