Тақырып: "Кешірімді бала - кішіпейіл бала"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырып: "Кешірімді бала - кішіпейіл бала"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың міндеттері: • кішіпейілділікке, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту; • кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту; • кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Талдықорған қаласы №10 ОМГ

Нурмуханова Қарақат Доскеновна

Пән аты: Өзін – өзі тану

Сынып: 2сынып

Тақырып: "Кешірімді бала - кішіпейіл бала"

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: кішіпейілділік, тәрбиелілік, адамгершілік.

Сабақтың мақсаты:

«Кешірім» ұжымының «дұрыс әрекет» құндылығы ретінде мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  • кішіпейілділікке, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту;

  • кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту;

  • кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер,

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі


  1. Тыныштық сәті.Нұрға бөлену.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талдау

  1. Дәйексөз.


Кешірім – ізгіліктің белгісі.

(халық даналығы)

Оқушылар бірнеше рет қайталап, дәйексөзбен танысады.

  • Мағынасын қалай түсінеміз?

  • Ізгілікке қандай қасиеттер тән?

  • Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?


  1. Әңгімелеу (мұғалім сыйы) (9 мин) Кешірім

Р.Әбілқадырова


Тұрсын мектептен көңілсіз қайтты. Үн-түнсіз отырып, тамағын ішті. Бір кезде:

  • Апа, әлгі біздің кешені сыпыратын атай ауруханаға түсіп қалыпты, - деді.

  • Ә, бұл бейнет дегенің де тілсіз жау екен ғой. Құрал-жабдықтарын қоятын сарайының төбесін жөндеймін деп жүріп, мертігіпті, байғүс. Апа, ұрыспайсыз ба? - деді Тұрсын қипақтап.

  • Не үшін? Екілік алғаннан саумысың?

  • Жоқ екілік емес. Одан да жаман...

Жұлқысып келіп отыр екенсің ғой. Жетпегені сол еді! Бәсе, желкеңді сипалай бергеніңнен бір нәрсені ішім сезген.

  • Апа, айтайын дегенім, аула сыпыратын атайға барсам деймін. Халін біліп кешірім сұрайын.

Жағдай сұрағышын. Қақ-соқпен жұмысы жоқ деп жүрген бала сен болсаң, көгертеді екенсің. Дәл казір бар және жалғыз емес, қасыңда болған нөкерлеріңді де ертіп ал. Сендердің кешірім сұрағандарыңнан сауығып кете қоймас. Сөйтсе де жан жарасына себі тиер.

Апасы жұмысына кетті. Тұрсын аула сыпыратын картқа барды.

- Бір қателік кеткен шығар. Ештеңе етпес, бәрінен де қателіктеріңді түсіне білгендерің жақсы. «Көл бақасыз болмас, адам қатесіз болмас» деген, - деді қарт.

- Балалар өз кателіктерін қалай түсінді?

- Атай қаңдай жақсы қасиет танытты?

- Өздерің атайдың орнында болсаңдар не істер едіңдер? Мәтіндегі ойдың шешуін төмендегі ойын-жаттығу арқылы да ұйымдастыруға болады.




  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Оқушыларды кешірімді, кішіпейіл болуға дағдыландыру мақсатында ойын ұйымдастыруға болады.

Оқушылар парта қатарларына қарай топқа бөлінеді1-топ -«Кешірім - сыпайылық белгісі» тақырыбында (үлкендер мен балалар рөлінде) әдептілікті, кішіпейілділікті, 2-топ - «Кешірім — татулық негізі» (достар немесе сыныптастар рөлінде) тақырыбында достықты сахналастырып көрсетеді.



  1. Топпен ән айту. (3 мин)

«Бақытты балдырған» әні.

Сөзі: Е.Өтетілеуов

Әні: И.Нүсіпбаев



  1. Үй тапсырмасы

Оқулықтың 40- бетіндегі М.Мақатаевтың «Көшеде» өлеңін оқып келу. «Досым көп болсын десең» тақырыбында өз ойларыңды жазыңдар.


  1. Сабақ соңындағы тыныштық сәті

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»




 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2020
692
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі