Тақырыптық оқу іс әрекеті
«Армысың Наурыз!»
«Балдырған» тобы
2016 жыл
Қазақтың ұлы күні «Жұмыр Қылыш» орындалып тұрады. Осы тойға келген құрметті қонақтар жинала бастайды. Үйге кіре бергенде тәрбиеші «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз тойы» құтты болсын деп тәрбиеші, «Ақ мол болсын»деп балалар айтады.
Сәлемдесу: (хормен) инабаттылыққа тәрбиелеу.
Келіңіз, төрлетіңіз
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Құрметтейміз біз!
Тәрбиеші: Балалар қазір қандай мезгіл?
Балалар: Көктем мезгілі
Тәрбиеші: Көктем айларын атаңдаршы:
Балалар: Наурыз, сәуір, мамыр
Тәрбиеші: Балалар көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар: Қар еріп, су ағады.
Тәрбиеші: Балалар көктем мезгілінде жер қарайып, күн жылынады, тіршілік атаулының барлығы оянып, құлпырып жайнайды. Көктем мезгілімен бірге Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі де бірге келеді. Наурыз мерекесі қазақ халқының жаңа жылы «Жыл басы Наурыз» деп санаған.
Тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып
Наурыз тойын тойлатып
Ұлыс күні келді ағайын
Ән: Наурыз (хормен)
Ақсақал: Той құтты болсын, ақ мол болсын!
Ой , бәрікелді! Ал балалар, ән айтып болсаңдар, менің сендерге қояр сауалым Той басталғанша өз ойларыңды ортаға салыңдаршы. Білгендерің артық болмас.
Тәрбиеші:
Ахмет Байтұрсынов атамыз «Ырым етсең адал ет, жамандықтан аман ет» деп тегін айтпаса керек. Қазақтың тыйым сөзі тәрбиеі көзі.
«Ырымдар мен тыйымдар»
Айдын:
Бүйріңді таянба,
Оттан аттама
Камила
Жағыңды таянба
Мойныңа белбеу салма
Аида
Босағаны керме
Табалдырықты баспа
Жәнібек
Үйде ысқырма
Пышақты жылама
Арайлым:
Ақты жерге төкпе
Басыңды шайқама
Отты шашпа
Күлді баспа
Амир
Жалғыз ағашты кеспе
Таңдайды қақпа
«Кел, Қыздар» би
Тәрбиеші:
«Бала өсірген ата ана
Бала болып ойнайды
Бала оқытқан тәрбиеші
Бала болып ойнайды»
Дегендей, ендігі кезекте «Мың бір мақал » ойыны
Мақсаты:
Ата ана мен баланың ой өрісін ұштастыру (Балалар мақал мәтелді жатқа айтады) ата анасы мағынасын түсіндіріп береді.
Еркежан: Ұяда не көрсек, ұшқанда соны ілерсің
Еркежан: Ұлдың ұяты әкеге
Қыздың ұяты шешеге
Жан: Жауынмен жер көгерер
Батамен ел көгерер.
Би: «Қамшы биі»
Ақсақал:
Ой, бәрікелді, рахмет, рахмет!
Ал енді мен сендерге ақ батамды берейін
Әуелі құдай ондасын
Қыдыр болсын жолдасың
Тілек тілеп халықтан
Әумин деп қолыңды жай
Бата берсін көпшілік
Қабыл етсін бір құдай
А, құдайым ондасын
Әулиелер қолдасын
Есіне алсын ойласын
Аумин аллах акбар!
(Балалар отырып, бетін сипап батасын алады)
Тәрбиеші:
«Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» дегендей ендігі кезекті Наурыз мерекесін тамашалауға шақырамыз!
Ислам:
Наурыз тойын тойлаймыз
Жалқау бала болмаймыз
Бөбектерді жұбатып
Үлкендерді сыйлаймыз
Руслан
Ата менен анаң бар
Үлкен кіші балаң бар
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар
Исламбек:
Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аяулым
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады.
Барлығы хормен «Наурыз құтты болсын!»
Айтыс «Қыз бен бала айтысы»
Бір бала, бір қыз бала қолдарына домбырасын алып ортаға шығып айтысады.
Бала Руслан
Ұрпағымның бабамның
Өркен қазып баламын
Атамыздың балалар
Батасын бүгін аламын
Қыз Ақниет
Мен кішкентай қыз гүл
Тербеліп тұрған желмен бір
Жұлып алсаң ей бала
Обал болады соны біл
Бала Руслан
Қызыл гүлді жұлмаймын
Табиғатты қорғаймын
Мен әдепті бала боп
Үлкендерді сыйлаймын
Қыз Ақниет
Аман болсын халқымыз
Арта берсін даңқымыз
Бәрінен де жасасын
Қайта оралған салтымыз!
(Орындарынан тұрып бір біріне сый ұсынады, қызға мооншақ балаға бет орамал)
Тәрбиеші:
Ал енді құрметті көпшілік қауымы бүгінгі қуаныш апалар, аталар мен немерелеріңіздің қуанышты Ұлыстың ұлы күніне ырым етіп Арайлым қызымыздың апасы өзінің немере қызы Маликаның тұсау кесу рәсімін өткізгелі келген екен.
Көрініс «Тұсау кесу рәсімі»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыптық оқу іс әрекеті «Армысың Наурыз!»

шағым қалдыра аласыз