Авторы: Жолдасова Гулден Талгатқызы
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы № «Балауса» бөбекжайы
Тақырыбы: «Ғарышкер-мен боламын»
Мақсаты: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Балалардың сөздік қорларын байыту, 12-ші сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінік беру, ғарышкер батыр ағаларымызбен таныстыру, айналаны қоршаған орта жайында білімдерін кеңейту, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Балалар шаттық шеңберіне
тұрады.
Шаттық шеңбері.
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жер!
Армысың көк аспан!
Армысың достарым!
Жылуыңа жылу қос,
Міне менің қолым!
(Балалар шеңберге жиналып, қызығушылықпен айтады).
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
—Қазір жылдың көктем мезгілі.
—Көктемнің неше айы бар? Айларын атаңдар.
—Көктем мезгілінде үш ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр
— Көктемде табиғат қандай құбылыстарға өзгереді?
—Көктем мезгілінде күн жылына бастайды, адамдар жұқа киінеді.
Құстар келеді.
Ағаштар бүр
жарады.
—Көктем мезгілінде қандай мерекелерді білесіздер?
—Көктем мезгілінде 8-наурыз аналар мерекесі, 14-наурыз Амал мерекесі, 21-22 наурыз
« Наурыз той» мерекелерін тойладық.
— Сәуір айында қандай мереке бар, естеріңе түсіріңдерші?
— Иә, бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер күні деп
аталады.
— Балалар аспаннан нелерді көруге болады?
Әңгімемізді бастамас бұрын, мен сендермен мамандықтар жайында әңгімелескім келеді. Балалар, айтыңдаршы, сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
—Мұғалім, дәрігер, өрт сөндіруші, құрылысшы, дүкенші, шаштараз.
– Дұрыс айтасыңдар дәрігер, құрылысшы, жүргізуші, өрт сөндіруші, дүкенші, шаштараз тағы басқа көп мамандар бар екен. Әрбір мамандық адамзатқа өте қажет екен.
Мысалы: дәрігер-адамдарды емдейді,
мұғалім-балаларды оқытады, жүргізуші – көліктер жүргізеді, өрт
сөндіруші – өрт сөндіреді.
Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл
ғарышкер
— Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?
— Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар
Балаларға ғарыш туралы түсінік беру.
— Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.
— Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
— Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. (зымыран суреті мен макетін көрсету). Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз.
Слайд арқылы әңгімелеу. (суреттерін көрсете отырып)
Ең бірінші адамдар айға ұшпас бұрын тірі дененің баруы үшін Лайка деген итті ғарышқа ұшырған екен. Жерге қонғаннан кейін оның денесіне, қанына тексеру жүргізіп, ғарышқа адамның да баруға болатынын білген.
Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы ол- Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты.
1991 жылы ғарышқа Қазақстаннан алғаш рет қазақ ғарышкері ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ұшты. Екінші болып Талғат Мұсабаев ұшты. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары, еліміздің мақтанышы. Ал 2015жылы 12-і қыркүйекте Айдын Айымбетов ағаларың аспан әлеміне жол тартты.Яғни ғарышқа ұшқан үшінші қазақ азаматы.
Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ол Қазақстанның Қызылорда облысында Қармақшы ауданы деген жерде орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында олар осы жерде әртүрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады.
Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады екен. Ғарышкерлер үстеріне арнайы киім киеді. Ол «скафандр» деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ болғандықтан тек осы арнайы киіммен жүре алады екен.
—Балалар ғарыш немесе ғарышкер туралы кім тақпақ айтып береді ?
Көкке ұшамын
Ұшқыш болар баламын
Соңына ерем Х.Нұрислам
Ер ғарышкер ағаның
Тоқтар ұшты ғарышқа,
Талғат болды ғарышта. Анель
Таңғалдырып қазағым,
Тағы ұшса марсқа.
Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын,
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын . Айшабибі
Апта түгіл ай өтті,
Ол ғарышқа ұшқалы
Сонша неткенисай епті, Ермұқан
Сонша неткен күшті әрі.
Жігер атты баламын,
Таудай менің талабым.
Үлкен болып өскенде Жігер
Мен ғарышкер боламын.
Тосын
сәт.
Аспан әлемінен қонаққа Жұлдыз келеді.
Жұлдыз балалардан аспан әлемі туралы не білетін сұрайды?
— Сәлеметсіздерме балалар? Мен сіздерге қонаққа аспан әлемінен
келдім.
—Сәлеметсізбе Жұлдыз.
—Балалар Жер ғаламшарында, бүгін мереке тойланып жатыр дегенді естіп келдім. Сіздер қандай мереке тойлап жатсыңдар?
—12 сәуір « Ғарышкерлер» мерекесін тойлап жатырық.
—Балалар мен сіздерге бос келген жоқпын, сіздерге ойын ала келдім.
Ойын: « Тауып көр»
Шарты: Жұлдызша қағаздың астында сұрақ бар, соған жауап беріп орнына қой. Яғни сұраққа жауап беріп, суретті тақтаға ілеміз. Суретті тақтаға аспанның суреті бейнеленген суретке іледі.
— Ғарышқа сынақ ретінде бірінші болып қай жануар ұшты?
—Ғарышқа ең алғаш Лайка деген ит ұшқан.
— Алғаш ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?
—Ең алғаш ғарышқа ұшқан орыс азаматы Юрий Гагарин.
— Қазақ елінен кім ғарышкерлер ғарышқа ұшты?
—Т. Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А. Айымбетов.
— Балалар ғарышқа не арқылы ұшады?
—Зымыран арқылы ұшады.
— Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?
—Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, әртүрлі ғаламшарларды зерттейді, ашық аспанда жүреді.
—Ғарышкерлер ғарышта қандай киім киеді?
—Скафандр киеді.
—Дұрыс, айтасыздар балалар, аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы оттекпен жасақталған, ыстықтан қорғайтын киім.
—Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не жейді, от жағып пісіреді ме?
—Арнайы тағамын ішеді.
-
Ия, олар өздерімен әкелген ғарышкерлерге арнайы дайындалған тамақты жейді. Тамақ оларға жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қорапта беріледі, шай, суда сондай қорапта дайындалады.
—Жарайсыңдар, балалар. Барлық сұраққа өте жақсы жауап бердіңдер. Сіздер ғарышкерлер туралы жақсы біледі екенсіңдер.
—Жұлдыз сізге көп рахмет, сіздің арқаңызда біздің балаларға қызық болды.
— Балалар, біз Жұлдызға ғарыш, ғарышкерлер туралы тақпақтар жаттап едік қой, есімізге түсіріп айтып берейікші.
Бүгін Юрий ағаның,
Ұшқан күні ғарышқа.
Мен аспанға қараймын,
Мен ғарышкер боламын. Інжу
Мақтанышы даламның,
Байқоңырдың құшағы.
Ұрпақтары ғаламның
Осы жерден ұшады. Ақниет
Күлімдейді күміскүн,
Құштарында көзтігіп.
Кемесіне ғарыштың,
Байқоңырда кезігіп. Амаль
Еш адамға жолықпас,
Гүлге толмас құшағы.
Сонда да еш жалықпас, Раяна
Күні-түні ұшады.
.
— Балалар, сендер ғарышкер болғыларың келе ме?
—Ия
— Балалар, кәне онда бойымызды жазып сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Ғарышқа біз ұшамыз
Ғарышкер біз боламыз
Ғаламдарды аралап,
Батыр бала боламыз.
Оңға бір бұрылып,
Солға бір бұрылып
Қолымызды көтеріп
Біз бақытты баламыз.
—Балалар топ болып,
Дидактикалық ойын: «Жұлдызды аспан әлемі және Жер ғаламшары»
Шарты: Топтық жұмыс, балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу.
Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.
Жұлдыз:
– Менің де сіздермен қоштасатын уақытым болды. Менің кететін уақытым болып қалыпты,аспан әлеміне оралуым керек. Жұлдызшалар табыс етеді, балалармен қоштасады.
-Жұлдыз сізге көп-көп рахмет. Балалар Жұлдызбен қоштасамыз.
-Қош, сауболыңыз.
Қорытындылау.
Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін пысықтау.
—
Балалар бүгінгі күн қалай
аталады?
— Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?
— Біздер қандай ғаламда тұрамыз?

— Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?

— Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?
— Ғарышкерлер қалай тамақтанады?
Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Балалар, ғарышкер болуды армандайтын бала жоқ шығар? Ал ол үшін білімді, зерек, күш – қайраты мол азамат болып өсулерің керек. Өйткені, ғарышқа кез келген адамды ұшыра бермейді. Сол үшін апайларыңды тыңдап,тәртіпті,шыныққан бала болуларың керек. Тоқтар ағаларың, Талғат ағаларың сияқты Қазақстанның бетке ұстар азаматтары болуларыңа. Мұғалім,
тілектеспін
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыптық оқу қызметі: "Ғарышкер- мен боламын" Ересек топ

шағым қалдыра аласыз