Тақырыптық оқу қызметі "Тәуелсіз елім - тірегім!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыптық оқу қызметі "Тәуелсіз елім - тірегім!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы




Тәуелсіз елім - тірегім!


Мақсаты: Балаларға ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру. Қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту. Тәуелсіз еліміздің болашағы –жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін сүюге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап,мақтау-мадақтау,қорытындылау.

Шаттық шеңбер:

Армысың, қайырымды аспан ата!

Армысың, мейірімді жер ана!

Армысың, шұғылалы алтын күнім!

Армысың, тәуелсіз елім менің!

- Жарайсыңдар балалар! Қане орнымызға жайғасайық.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Балалар бізде бүгін ерекше оқу қызметі. Біздің Қазақстан елінің егемендік алған күні. Алдымен орнымыздан тұрып оқу қызметімізді әнұранмен бастайық.

- Жарайсындар балалар орнымызға жайғасып отырайық. Мен сіздерге Қалқаман Сариннің өлеңінен үзінді оқып беремін. Мұқият тындаймыз.

Еркіндігім,

Қасиеттім,

Қастерлім,

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң,

Кеше сенің келбетіңді арман қып

Бодандыға бұғауландық басқа елдің

Бабалардың басын тігіп бәйгеге

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа,еркіндік,

қош келдің !

-Міне балалар мына өлең жолы не туралы айтылған?

-Еркіндік,Тәуелсіздік туралы

Дұрыс айтасындар балалар.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Тәуелсіз елім-тірегім» (Слайд)

Тәуелсіздік бізге балалар оңайлықпен келген жоқ. Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Міне осы тәуелсіздік жолында желтоқсан айында біздің ағаларымызбен апаларымыз өздерінің елі үшін, еркіндігі үшін ерлік жасады. Олар біздің жерімізді елімізді қорғады. Осылайша біздің еліміздің болашағы жарқын болды. Осы аға-апаларымыздың арқасында 1991 жылы 16-желтоқсанда еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп «Тәуелсіз Қазақстан » атандық. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 29-жыл толып отыр. Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова және тағы басқа аға апаларымыз желтоқсан қаһармандары.

Тәуелсіздік ол Еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы.

Тәуелсіздік ол Отан – Отансыз адам қанатсыз құспен тең – демекші әр адамның Отаны өзі үшін ыстық болады балалар. Бұл ұғымның аясы қең. Отан- далаң, орман, тауың, ауылың мен

Астанаң. Балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстын мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың





ұрпақтарысыңдар. Қазақстан намысын қоғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер боласыңдар.

- Қане, балалар кім осы тәуелсіздігіміз туралы тақпақ айтады?

Аслан: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Әбілхайыр: Мерекеге шығады

Бүкіл халық біліп қой

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік ұлық той

Балауса: Тәуелсіздік жолында

Тала талай тер төккен

Билігім өз қолымда

Еркіндігім ел таңба!

(Балалар тақпақтарын жалғастырады)


Сергіту сәті:

Жоғары қарап күн көрдім

Төменге қарап жер көрдім

Оңға солға бұрылып

Егеменді ел көрдім

Би: «Батырлар»


Дидактикалқ ойын: «Қазақстан туған жерім». (Топтық ойын.)

Балалар мына ақ параққа біздің Қазақстанымыздың Туған жеріміздің сыртқы келбетінің суреттерін құрастырайық.(Ақпараққа жабыстырады суреттерді) Осы еліміздің болашағы сендерсіңдер.

Сендер осы елімізді көркейтіп,гүлдендіру үшін жан-жақты білім алу керексіңдер. Туған жерімізді дәл бүгіннен бастап гүлдендірейік.

Қорытынды:

-Балалар біз қай республикада тұрамыз?

- Біздің ел ордамыз қай қала?

- Біздің елбасымыз кім?

- Балалар біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?

- Балалар жауабы.

Қазақстан Республикасы- ұланғайыр кең дала. Ол- біздің отаным

Жарайсыңдар балалар!

- Балалар бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар!

- Балалар мен бұл сабақты мына өлең жолдарымен қортындылағым келіп отыр.


Ән: «Көк Тудың желбірегені».


Шүкір,тәубә,өсті даңқым өрледі.

Туым анау,желбіреген көктегі

Соның бәрі ынтымақпен елдегі

Елін сүйген елбасының еңбегі.







« Тексерілді »

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

Жедел басқару құқығындағы

МКҚК-ның әдіскері

_________Жанжигитова Р.С

«____»____________


Ашық оқу қызметі:

« Тәуелсіз елім - тірегім!»

11 «Ақбота» Ересек тобы




Дайындаған : Байбактыева Светлана. А.































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2021
570
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі