Материалдар / Тақырыптық сабақ "Білім күні"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тақырыптық сабақ "Білім күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету ойлау қабілетін дамыту. Мейрімділікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2021
380
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: 1қыркүйек – Білім күні!

Мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.

Кіріспе бөлім.
Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!

Мемлекеттік гимн орындау.
Тәрбиеші: Құрметті тәрбиешілер! Қымбатты балалар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі оқу қызметіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналады. 1-ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. 1-қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар, тәрбиешілер үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Балалар, біз өткен оқу қызметімізде Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(балалардың жауабын тыңдау)
Тәрбиеші: Дұрыс, Гимн, Елтаңба, Ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Нұр-сұлтан қаласы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Біз Жаңаөзен қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?
Балалар: «Балауса» бөбекжай-бақшасы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Жарайсыңдар!
ІІ. Негізгі бөлім.
Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен оқу қызметімізді жалғастырайық.
Шаттық шеңбері:
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
Тәрбиеші: Бүкіл елде басталып бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім – ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні! (шапалақ).
Ханшайым:

Жымыңдап күз келді,
Күліңіз сіз де енді.
Бірінші қыркүйек
Қарсы алшы біздерді!
Хамит:

Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын мерекеміз.
Арсен:

Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!
Жасмин:

Білім – менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу – айдында
Жайып білім желкенін
Тәрбиеші: Енді балалардың мақал-мәтелдерді жалғастырайық
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Кітап- білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
Оқы да біл,
Ойна да күл.
Ойын: Ғажайып қоржын.
Мақсаты: Ғажайып қоржынның ішінен бірнеше заттар ойыншықтар,оқу құралдары бар.Сол заттардың ішінен оқу құралдарының бірі бөлек,ойыншықтарды бір бөлек жинап алу керек.(балалар оқу құралдары мен ойыншықтарды ажыратып,бөлек жинайды)
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы –
Балабақшадан басталады!
Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу қызметіміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды. Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз. Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған оқу қызметіміз осымен аяқталды. Сау болыңыздар!!!
















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!