Тақырыптық сабақ "Қ.Р-ның Рәміздерімен таныстыру"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыптық сабақ "Қ.Р-ның Рәміздерімен таныстыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша қызметкерлеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өткізген тәрбиеші: Қуанбаева.Г

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

ҰОҚ: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Рәміздерді танып біліп айтып беруге үйрету. Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері суреті, слайд, кубик.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын.

Сабақтың жүру барысы: Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.

Шаттық шеңбері

Бір шаңырақ астында,

Тату тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Сұрақтарға жауап алу.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

-Қыста далада не жауады?

-Қардың түсі қандай болады?

-Қардан не жасауға болады?

Кіріспе әңгіме

Балалар біздің Республикамыз қалай аталады?

Бас-қаламыз қай қала?

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: Қазақстан Республикамыздың рәміздері туралы болмақ.

Біздің елбасымыз Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаев өзі еңбекқор, білімді, іздемпаз болған осындай еңбекқорлығының арқасында мемлекетіміздің басшысы болып отыр.

Қазақстан Республикасының Әнұранының әнін жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Біз әнді орындаған кезде қолымызды жүректің тұсына қоямыз. Өйткені біз мемлекетімізді жүрегімізбен жақсы көреміз.

Тудың түсі көк, тудың сол жақ жиегі қазақ халқының оюымен өрнектелген. Тудың ортасында сары түсті шұғылалы алтын күн. Алтын түспен сары түс байлықты, молшылықты білдіреді. Күннің астында бүркіт, қыран құс еркіндік, бірліктің белгісі.

Елтаңбаның түсі алтын және көгілдір түсті. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты алтын түстес жұлдыз бейнеленген, ол болашаққа жол көрсетіп, бағыт бағдар береді. Елтаңбаның ортасында киіз үйдің жоғарғы бөлігі


шаңырақ. Шаңырақ татулықты отбасы ошаққасы шаңырағың биік болсын деген осыдан шыққан сөз. Шаңырақтан тараған алтын түстес уық.

Бәйтерек 2002 жылы Астана қаласында ашылды. Бәйтерек Астанадағы ең биік ғимарат. Бәйтеректің жоғарғы жағында алтын түстес шар орналасқан.

Балалар: Рәміздер, қалалар туралы қандай тақпақ, мақалдар білеміз.

Гауһар: Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Айару: Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі,

Тұнығындай көңілдің,

Ортада- аспан әлемі.

Нұрмұхамед:Астана-әйбат қала,

Келесің айбаттана.

Еліме тірек болып,

Тұр соғып жүрек болып.

Асан: Біз отанымызды сүйеміз,

Елбасымызды мақтан тұтамыз.


Мақал

Ерназ: Отан-көркі жерімен,

Отан-оттанда ыстық.

Сергіту сәті

Балалар сергіту жаттығуын музыка әуенімен қимыл қозғалыс арқылы билеп жасайды.

Кубиз әдісі: Бәйтерек, қала, көл, өзен, мұнай, мектеп, домбыра суреттерін көрсете отырып аттарын атау.

Ойын: «Қазақстан қалалары».

Ойынның шарты: Ойынды бастаушы қолындағы допты Қазақстанның кез-келген қаласын айтып, қарсы тұрған балаға лақтырады. Допты қағып алған бала келесі қаланың атын айтып, допты тағы бір балаға лақтырады.

Қорытынды:

  1. Қазақстан Республикасының президенті кім?

  2. Рәміздер туралы не біліп, не үйрендік кім айтып береді?

  3. Тудың түсі қандай?

Балаларды мадақтап қуанышты хабарлама тарату.

Сабақ соңында үнтаспадан әнұран тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қазақстан Республикасының рәміздерін танып айтып біледі.

Игереді: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы әнұранды жатқа біледі.

Меңгереді: Рәміздерді толық біліп меңгерді

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.07.2018
701
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі