Тәрбие бастауы-отбасында

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие бастауы-отбасында

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысын жоспарлау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы:5 «б»

Өтетін орны:№18 кабинет

Сынып жетекшісі: Байдушова Анель Саликовна

Күні:13.09.16ж

Тақырыбы: Тәрбие бастауы-отбасында

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Міндеттері:
1) өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;
2) баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;
3) баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;

Күтілетін нәтиже:
Балалармен  бірге  мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын айқындалады. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына  ықпал ету.
Қажетті құрал- жабдықтар: Лента, А4 формат, қалам, доп, интерактивті тақта.
Әдістері: пікір алмасу, баяндау, сұрақ-жауап, сауалнама, психологиялық  жаттығулар.
Жүру барысы
Сынып жетекшінің кіріспе сөзі:
-Сәлеметсіздер ме,  құрметті ата-аналар!
Бүгінгі  біздің «
Тәрбие бастауы-отбасында» атты жиналысымызға қош келдіңіздер!  Ата-ананың  тілегі – баласының  жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы бастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата – ана жоқ шығар.
Бүгінгі  ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз –ертеңгі ана, ол шешеге қарап  өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата –ана.Олай болса ата-аналар құрамымен танысайық.
 «Танысу» жаттығуы.
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, қалауы бойынша лента қиып алу және сол қыиылған лентаны қолына орап біткенше өз жанұясымен таныстыру.
«Ой жинақтау» айдары.
1.  Балаңыздың туған  күні?
2Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?
3. Балаңыздың парталас көршісі кім?

4. Балаңыз қандай өлшемлі   аяқкиім киеді?
5  Балаңыздың сүйікті асы қандай?

6. Балаңыз кеше қандай баға алды?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
10. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
11. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
12. Балаңыздың ең жақын досы кім?
Доп өзіне берілген ата-аналар берілген сұрақтарға тез жауап береді.
«
Ситуациялық сұрақтар» кезеңі.
Ата-аналар үстел үстінен  үлестірмелі қағаздарды  бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
1. Балаңыздың  өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі  байқалса, не істер едіңіз?
2. Баламен  сөйлесе білу де үлкен өнер, бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын  сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
3. Сізге мектептегі мұғалімдерден
«Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай:»
Сен сала алмайсын, сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?
6 .Балаңыз  күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
7. Балаңыз мектептегі  бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?
8 .Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?
 9 .Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ,ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?
10.Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз, не істейсіз?
11.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз  тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?
«Жалған қоңырау» ойыны.

Мектепте 5 сыныптар арасындыа Отбасы күніне орай спорттық шара өтетінін, аталған шараға сыныптан ата-анасымен 1 оқушы қатысуы керектігін айтты. Алайда оқушылар ата-аналарының жұмыста болатындығын алға тартты. Сыныптағы Нурбаян және Жасмин ата-аналары бос болса қатысулары мүмкін екенін жеткізді. Шараға қатысуға Нурбаян мен Жасминнің ата-аналары уақыт табар ма екен.

«Ашығын айтсам» сауалнама жүргізу.

 Қорытынды.
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.

Гүлденіп ой- өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана   мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл- қыздары жан-жақты дамыған  азамат болып шығары сөзсіз. Баршаңызға көп рахмет!

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
645
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі