Ақжал негізгі орта мектебі
Тақырыбы:
«Тәрбие басы- отбасы» (дөңгелек үстел)
Тәрбиеші: Бакирова Ж.С.
2016 – 2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Тәрбие басы- отбасы» (дөңгелек стөл)
Мақсаты: бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, ата - ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретін де қарауға қызығушылықтарын дамыту.
Кіріспе сөз: Баланы баптап бақпасаң. Жамандықтан қақпасаң Қадірден жұрдай қасқа боп. Кешкенің өмір босқа тек – дегендей баланың ыстық – суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата – ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзеді.Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші ата - ана.Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата – ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата – бабамыздың асыл сөзінің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ендеше, осы тәрбие төңірегінде ой өрбітсек.
Ῑ. Шаттық
шеңбері. Әр ата – ана өзін таныстыру керек, өзінің
атына екі – үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы, Айдай сұлу –
Айгүл.
(Осылайша
жалғасады)
Жүргізуші: - Тамаша! Енді дөңгелек үстел
басына жайғасып, ой
өрбітсек.
(Үстел басына
жайғастыру)
ῙῙ. Топқа
бөлу: Стол үстіндегі қағаздарды таңдау арқылы
бөлінеді. - Енді ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны
айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз
байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі
болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз
қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып
бөлінеді.
Ал енді ата - аналар тамырлар бір бөлек,
жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не
үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ
таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен
келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып
қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып
отырады).
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.
Әр топ өз аттарын
қорғайды
1 – топ: «Тамыр» 2 – топ: «Діңгек» 3 – топ:
«Жапырақ» - Осы ағашты «Бақытты отбасы ағашы» деп атайық
.
ῙῙῙ.
Жағдаяттар
1.Ата-анамен бала арасындағы махаббатты қалай
түсінесіз?
2.Бақытты жанұя қандай
болады?
3.Бала тәрбиесіндегі әке мен ананың
рөлі?
4.Ата-анамен балабақшаның ынтымақтастығы
дегенді қалай
түсінесіз?
5. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске
қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер
едіңіз?
6. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер,
Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,.....
деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай
сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде
елеусіз қалдырасыз
ба?
7. Сізге тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа
балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата -
аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді
дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай
тәрбиелейсіз?
8. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір іс
- әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,
- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға
беруге қалай
қарайсыз?
9. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп,
мектепке келіп тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен
қарсы алды. Сіздің
әрекетіңіз?
10. Балаңыз қандайда бір теріс іс - әрекеттер
көрсетсе, сіз қандай шара
қолданасыз?
ῙV. Топтастыру.
«Бала»
- Бала - ата - ананың жастық шағының айнасы.
Баланың әр қимылынан кей кездерді өзіміздің де бейнемізді сеземіз.
Себебі ол біздің бауыр етіміз, өн бойына өз жылуымыз бен
қаталдығымызды құйып, баптап отырған
гүліміз.
- Олай болса, құрметті ата - аналар,
адамгершілік қағидаларын бала жүрегіне қалай сіңіреміз. Сіздерге
тапсырма: «Сіз балам жақсы болсын деп қандай әрекет
жасайсыз?»
(Өз ойларын ортаға
салу)
V. «Баламен сөйлесудің 10
ережесі»
Жүргізуші: - Сіздің тәжірибеңізде баламен
сөйлесу барысында қиындық туындаған кездер болды ма? Қандай
қиындықтар есіңізде қалды? Қиындық тудырған сәттерде жағдаятты
қалай шештіңіз?
(Ата - аналардың пікірін
тыңдау)
Жүргізуші: - Сіздерге ғалымдардың зерттеулері
бойынша жинақталған «Баламен сөйлесудің 10 ережесі» жайлы мағлұмат
бере кетсем:
1. Үйге ашығып келмеңіз, ашыққан адам
сабырсыз, ашушаң келеді. Мұндай сәтте бала жүрегіне қаяу түсуі
мүмкін;
2. Өте шаршап, қажымаңыз. Шамадан тыс
физикалық, ақыл - ой жүктемелері өзіңізді жайсыз сезінуге
әкеледі;
3. Қызметіңіз туралы айтқанда баланы одан
кейін қойып
сөйлемеңіз;
4. Баламен сөйлесу бәрінен де маңызды екенін
естен шығармаңыз;
5. Бала - көмекші, отбасының тең құқылы
мүшесі. Оны ұнамсыз жұмыстармен
мазаламаңыз;
6. Баламен біліміңізді салыстырып сөйлемеңіз.
Ол да өзінің ойын түйе алатынын естен
шығармаңыз;
7. Бала тек өзінің естігенін емес, көргенін
жасайтынын ұмытпаңыз. Ісіңіз бен сөзіңіз бір жерден
шықсын;
8. Тыңдай біліңіз. Өзін тыңдамаған бала
қапаланып өседі.
9. Баламен кеңесіңіз. Қуанышыңыз бен
уайымыңызды бөлісіңіз. Тек бала жүрегін жаралап
алмаңыз.
10. Балаңыз сізге материалды тәуелді екенін
ешқашан айтпаңыз. Бұл оның жүрегінде сызат боп қалады. Қарттық
шағыңызда өз алдыңызға келуі
мүмкін.
VῙ. « Сөйлемді аяқта»
1– топ:
«Тамыр» 1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға
құлқы болмайды).
2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып
өседі).
3. Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін
оқиды).
2 – топ: «Діңгек»
1. Баланы шыншылдықта өссе...(ол шыншыл болады,
өтірік айтпайды).
2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып
жетіледі).
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға
сеніммен қарайды).
3 – топ:
«Жапырақ» 1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып
өседі).
2. Бала адалдықта өссе...(адал болып
жетіледі).
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте
өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға
үйретеді).
VῙῙ. «Ашығын айтсам»
Гүл – әдемілік, сыйластық, қуаныш.
Балаларыңыз да әдемі, сүйкімді болып өсіп,сіздерді қуанта берсін!
Енді мына алдарыңызда роза гүлі суреті салынған стикерлерге бүгінгі
дөңгелек үстелден алған сезімдеріңізді, тілектеріңізді жазып, роза
гүлінің бұтағына жабыстыруларыңызды
сұраймын.
Ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп
келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт
нұры шашыла берсін дегім келеді.
Сау
болыңыздар!.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тәрбие басы - отбасынан" дөңгелек үстел

шағым қалдыра аласыз