400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие басы - тал бесік

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тәрбие жұмысында ата-аналар мен тәрбиешіге, сынып жетекшілерге көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие басы – тал бесік

Серикбаева Гульназия Шамарбековна

«Девиантты мінез-құлықты балаларға

арналған облыстық арнайы мектеп-интернат»



Жаһандану үрдісі бүкіл әлемде алаңдаушылық тудырып отыр. Себебі, бұл үрдіс ұсақ мемлекеттердің мәдениетін жұтып, жалмап қояды. Әсіресе Қазақстан сияқты рухани құндылықтары қалт-құлт етіп тұрған мемлекеттер алпауыт елдердің мәдениетімен мидай араласып, ұлттық ерекшелігінен айырылады. Кейбір мемлекеттер елінің ұлттық құндылықтарын сақтап қалудың жолын қарастыруда. Мысалы, Ресей өз мемлекеттік тіліне қауіп төніп тұрмаса да орыс тілін қорғаудың әлемдік жоспарын жасады. Дұрыс, Себебі, «Тәрбие басы - тіл» (Махмұд Қашқари). Қазақ халқының кемеңгер перзенті Ахмет Байтұрсынұлы «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп сонау өткен ғасырдың басында-ақ айтқан. Елімізде материалдық байлыққа ғана баса назар аударылып, рухани игіліктеріміз шеттеліп келеді. Осы бойкүйездік немқұрайлық бағытымен тағы 7-8 жыл жүрсек, тіл төңірегіндегі негізгі рухани діңгектер қауқарсызданады. Тілі жоқтың елі жоқ. Жаратушы иеміз бізге ең басты байлығымыз тілді бермесе, біз ұлт болып қалыптаса алар ма едік? Ел болып қалыптасу да қиынға соғар еді. Халқымыз небір қиын – қыстау заманды бастан кешкен. Бірақ, діліне, тіліне берік болған. Иманды ұлт озады, имансыз ұлт тозады. Ата-бабамыздан асыл мұра боп қалған руханият дүниесінің орнын сипап қалудан сақтанайық. «Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың!» деп, ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Жеткіншек ұрпақты отаншылдық, ұлттық рухта тәрбиелейтін сындарлы жастар саясатының болмауы жалпы халықтың, әсіресе жастардың бетімен кетуіне әкеліп соғып отыр. Оларға жөн көрсетер тәрбие көдері әлсіреп кетті. Жастар кітап – газет оқымайды, қарайтындары теледидар. Ал теледидардың не көрсететінін сіздер білесіздер, батыстың атыс шабыс кинолары, идеалдары – адам жегіш құбыжықтар. Ол аз болғандай дінсымақтардың шабуылы да жастарға тиіп жатыр. Шетел миссионерлерінің арандатуымен мыңдаған қандасымыз басқа дінге өтіп кетті. Бүгін балалар үлкенге құрмет, кішіге ізет дегенді мүлдем ұмытып барады. Көпке топырақ шашудан аулақпын, бірақ біздің болашағымыздың басым бөлігі ар – ұят, адамгершілік, имандылық сияқты ізгі қасиеттерден ада бола бастағаны шындық. Нашақорлық, араққұмарлық қазақтың өңіне де, түсіне де кірмеген. Бұл індеттер рухымызды уландырып, сана – сезімімізге кері әсерін сіңіріп жатыр. Жаңа айтып өткен поблемалардың бірде-бірі әлі күнге өз шешуін таппай келеді. Неге? Өйткені, иманымыз тым әлсіз және жалтақпыз. Рухани байлығынан айрылған ел бәрінен айрылады, басқаға жем болады. Мәңгүрттікке тап болады. Харам нәрселерден сақтануды жастарға үйретіп, өзіміз оларға үлгі болуымыз керек.

Осы мәселелердің барлығы ұлтымызға қауіп шындап төніп тұрғанын көрсетеді. Халық ұлт ретінде жер бетінен жоғалып кеткісі келмесе , дәл қазір ұрпақ тәрбиесін қолға алуы керек. Себебі, ертең кеш болып кетуі мүмкін. Ал «тәрбие басы – тал бесік». Әрбір ата –ана өз мойнына артылған жауапкершіліктің маңызын, ұлт басына төніп тұрған қауіпті бірден – бір сейілтуші өзі екенін жан – тәнімен сезінген кезде ғана ұрпағын ел мүддесін қорғайтындай етіп тәрбиелей алады. Бұл жерде ата – ананың білімді болып қана қоюы аз, ұлтжанды да болуы керек. Ата –анаға кеңес беріп, жол көрсететін бұқаралық ақпарат құралдары, балабақшадағы тәрбиеші, мектептегі мұғалім. Сондықтан да, бүгінгі таңда мұғалімнің ата – анамен тығыз қатынаста болу қажеттілігі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
383
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі