15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТЫҢ ЕСЕБІ
«№15 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023 – 2024 оқу жылындағы 5 В сынып жетекшісі З.А.Каденованың атқарған тәрбие жұмысына берер есебі
2023-2024 о.ж
5 В сынып жетекшісі З.А.Каденованың 2023 – 2024 оқу жылында атқарған тәрбие жұмыстарының
Е С Е Б І
Сыныпта тәрбие жұмысы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» өзекті мәселесін басшылыққа ала отырып және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі –МЖМБС) (ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.09.2022 ж. No 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен бекітілген 2023-2024 оқу жылына жылдық жоспар жасалынып, бекітілді. Ұлттық құндылықтар бойынша ұйымдастырылған жылдық жоспарға сәйкес іс- шаралар өз уақытында өткізіліп отырды.
Сыныпта 22 оқушы бар. Оның 12-сі қыз бала. Әлеуметтік жағынан қорғалатын оқушыларға көңіл бөлініп отырады. Әлеуметтік мәртебесі бойынша саралағанда, жартылай жетім – 1 оқушы, көп балалы отбасы балалары – 6 оқушы, ата –анасы мүгедек оқушы -1 оқушы және аз қамтамасыз етілген отбасы – 1 оқушы.
Әлеуметтік мәртебесін айғақтайтын құжаттар жинақталып, арнайы папка жасалынды. Осы мәртебедегі оқушылардың іс- шараларға қатынасуы басты назарда ұсталынып отырды. Оқулықпен толық қамтамасыз етіліп, қажетті құжаттар жинақталынды.
Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары бойынша дарынды оқушылар іріктеліп алынды.
Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығынан «Кенгуру» ойын -конкурсына Сқали Айару, Көшербай Айару, Мұратжан Азамат, Нұртай Алмат қатысып сертификатпен марапатталды. Оңалбай Нұрасыл Алматы қаласы бойынша Республика күніне орай ұйымдастырылған «Ұлы дала ойыны» ұлттық спорт түрлері бойынша өткен фестивальде 1 орынға ие болып және «Қазақ күресі» спорт түрінен де 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. «Қазақ Академия» өнер орталығының ұйымдастыруымен «Өнер алаңы» І-ші республикалық байқауында жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп, вокал номинациясы бойынша Жұмабай Ерасыл бас жүлде алып дипломмен марапатталды. Республикалық «Жас Дарын» дарынды балалар орталығы ұйымдастырған «Жас Дарын» атты байқауда «Дәстүрлі Ән» аталымы бойынша Жұмабай Ерасыл және Сағынай Әмір 1 дәрежелі дипломмен марапатталып қайтты.

![]()
Жұмабай Ерасыл Оңалбай Нұрасыл

Дәстүрлі ән орындау Сағынай Әмір мен Жұмабай Ерасыл
Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін ұштау, сонымен қатар ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту мақсатында ұйымдастырылған «Зерде» аудандық ғылыми жобасында «Жаратылыстану» бағыты бойынша Сқали Айару өз жобасын көрсетіп 2 орынға ие болды.


«Қазақ тілі мен әдебиеті» апталығында ұйымдастырылған іс шараларға белсене ат салысумен қатар ашық сабақтарға қатысты. Қазақ тілі пәнінен ашық сабақта өз білімдерін шыңдап белсенділіктерін көрсете білді. Пән мұғалімі – Алмасқызы Назерке.


Ашық сабақтардан көрініс

Жаратылыстану пәнінен ашық сабақтан көрініс
Сынып оқушылары мектепішілік іс- шараларға да белсене атсалысып отырады. Атап айтқанда, Жол ережесін білейік, Отбасы күні айлықтарында бейнекөрініс түсіріп әлеуметтік желілерге салып отырды. Мектепте өткізілген «Аядай күз – Алтын күз» атты байқауға сынып болып ат салысып, Нұртай Алмат пен Қуанғали Жұлдызай қатысып 1 орынды жеңіп алып, алғыс хатпен марапатталды.

2023-2024 оқу жылында жүргізілген тәрбие сағаттарынан көрініс


Сынып жетекшісі:
К
аденова З.А 25 қазан –
Республикан
күні тәрбие сағаты


Өткізілген тәрбиелік іс-шаралардан көрініс

Тәуелсіздік мерекесіне орай жүргізілген тәрбие сағатынан көрініс





«Досбол лайк» акциясында Мұқағали оқуларында Скали Айару бас жүлде,
суреттер көрмесін ұйымдастыруы Мұратжанұлы Азамат 1 орын, Көшербай Айару 2
орын алды




Наурыз мерекесіне орай өткен сыныпішілік және мектепішілік
«Жігіт сұлтаны» байқауында Нұртай Алмат 1 орын иеленді.

1 наурыз Алғыс айту күні

8 наурыз мерекесіне орай
өткен сыныпішілік «Көктем аруы-2024» байқауында бас жүлдеге Сламжан
Жанель ие болды.


7 мамыр мерекесіне орай өткізілген «Саптық жүріс» байққауында 1 орын иеленді
1 мамыр Бірлік күні



25 мамыр. «Білімім Отаныма» тәрбие сағатынан көрініс
Сыныпта өткізілген
тәрбие сағаты мен жылдық тәрбие жоспары ұстаздарға арналған «Ұстаз
тілегі» сайтына жіберіліп отырды. Оқушылар түсірген бейнекөріністер
мектептің инста парақшасына салынып
отырды.

Ұстаз тілегі сайты 15 мектеп инста парақшасы
Әр тоқсан сайын ата – аналар жиналысы өткізіліп отырды.. Жиналысқа 19-21 ата-ана
аралығында қатысып отырды. Жиналыстың мақсаты – оқушылардың ішкі және сыртқы тәртіптерін бақылау, үлгеріміндерін баяндау, ата-анаға құрмет, кішіге ізет көрсету әдептіліктерін түсіндіру. Жиналыста оқушылардың орта буынға бейімделуі туралы, пәндерге ынтасы мен қызығушылығы, «Мектеп формасы», «мектеп ережесі», «Қауіпсіздік ережелері» туралы мәселелер қозғалды. Ата-аналармен әр түрлі тренингтер мен сауалнамалар жүргізіліп, бейнематериал ұсынылып, ойындар жүргізіліп отырды.
1 тоқсан ата-аналар жиналысы


2 тоқсан ата-аналар жиналысы


3-4 тоқсан ата-аналар жиналысы

Күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында сынып оқушылары «Сарыарқа» кинотеатрында «Оян Қазақ» фильмін көріп қайтты. Фильм мазмұнын түсіну барысында кейбір оқушылардың көзіне жас келіп толқу үстінде де болды. Фильм оқушылардың жүрегінен орын таба алғаны көздерінен көрініп тұрды.


Оқушылардың сабаққа бейімділіктерін анықтау мақсатында мектеп психологтары сабақтарға қатысып анализ жасап отырды.
Оқушылардың сабаққа қатысуы бойынша арнайы сүзгі дәптері басталған. Медбикемен бірлікте сабаққа қатыспаған оқушы дер кезінде анықталып отырады. Оқу жылының қорытындысы бойынша 5 В сыныбында 22 оқушы (10 ұл, 12 қыз). Оқу үздіктері – 7 оқушы, оқу екпінділері – 7 оқушы; білім сапасы 63 %.



Орта буын сынып жетекшілер семинарынан көрініс.
Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ маңызды іс. Сондықтан да қоғам бұл жұмысқа парасаттылық танытып, байсалдылықпен жұмылуы керек. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағылымдарын, мәдениетін, тарихын, бұрынғы-соңғы ұлы ойшыл педагогтердің еңбектерін оқып, жетік білмей, оны жақсы меңгермей тұрып, келер буынға дұрыс тәрбие-тағылымын сіңіру мүмкін емес. Жас ұрпаққа ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, оларды мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – қазіргі таңдағы өмір талабы және қоғам қажеттілігі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген