Материалдар / "Тәрбие өзегі- ұлттық ойындар"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Тәрбие өзегі- ұлттық ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойындартың бала тәрбиесіндегі маңыздылық
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ –ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР»

Қуаныш Балбөбек

42 «Айналайын» мектепке дейінгі ұйымы МКҚК

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс –әрекеті. Ойын баламен мәңгілік өмір сүреді. Баланың өмірін қозғалыссыз елестете алмайсың.

Сондықтан ұлттық ойындар балалардың қозғалу белсенділігінің дамуы, олардың денсаулығының күшеюі үшін қолайлы жағдай жасайды, сондықтан, ойын – баланың өмірінің нәрі деп білеміз. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, таза ауада жүру жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады.

Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі — Халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс. Ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да мектепке дейінгі тәрбиеленушілерінің рухани өрісі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлттық ойындар – ата-бабамыздың бізге жеткен, өткені мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.Сондықтан оны күнделікті оқу –тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы зор екендігі сөзсіз.  Фольклор танушы ғалым Ә. Диваев «қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде балалардың жас ерекшеліктерін үш топқа бөледі және соның негізінде ұлттық ойындарды жас ерекшеліктеріне сай бөліп қарастырады.

Қазақ халқының асыл мәдени мұрасына айналған ұлттық ойындар жайлы сізге айтып кеткен болатынбыз. "Үш табан" асық ойыны кішкентай балардың сүйіп ойнайтын ойын түріне айналса, жігіттеріміздің қайсарлығын, күш-жігерін сынайтын көкпар ойыны ересектердің бұрыннан бері келе жатқан ермегі.

Бұл ойындарды көбінесе 22 наурыз мейрамы кезінде ойнайды.

Байқап отырсаңыз, халқымыздың асыл мұрасына айналған ұлттық ойындарымыздың тағылым-тәрбиеге баулитын жақтары бар. Мысалға алатын болсақ, көкпар ойыны жігіттерді табандылық пен жігерлікке ғана емес, сонымен қатар, дәлдік пен батылдыққа баулиды. Осылайша ата-бабаларымыз ұрпақтарын тәрбиелей отырып, оларға осындай салт-дәстүрлерді бала кезінен бастап үйреткен.  

Халқымыздың алтын қоржынында жастарға  арналған ойындар жетерлік.

Бұл  жерде біз қазақ халқының ұлттық ойындарының түрлерін көріп отырмыз, атап айтсақ арқан тартыс, күрес, қол күрес, тенге алу, алтыбақан, қыз қуу. Олай болса біз осы ұлттық ойындардың ішінен «Қыз қуу» ойынын  ойнаймыз. Олай болса мен сендерге кыз қуу ойынының тарихын және шартын түсіндірейін. «Қыз қуу» - қазақ халқының көне ойындарының бірі. Ол еліміздің халықтарының арасында кеңінен тараған ұлттық ат ойыны тобына жатады. Сонау ертеден кележатқанспорт ойыны ертеде « Қыз қашар»,


«Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса біздің заманымызға дейін өзгеріссіз жетті. Сол заманға тәртіп бойынша жарыс жігітпен қыз арасында өткізіледі.

Ал енді балалар қыз қуу ойынының ойналу шарты балар арасынан бір ер бала, бір қызды атпен қуады. Ер бала кызға жетіп білегіндегі орамалды шешіп алса ол жеңіске жетеді.

Ұлттық ойындарымыз көбінесе ұлыстың ұлы күні - 22 наурыз мейрамында ұйымдастырылғанымен, олар жайлы ұмытпағанымыз жөн.

Олай болса балалар, осы ойынды өзіміз ойнайық

Балалар мен сіздерге «қыз қуу» ойының үстел үсті дидактикалық ойын ретінде ала келдім.

Ойын шарты : Ойын ережесі түсініп ойнауын және ойын ережесінің бұзылмауын ескеру.Ойының барысы: Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды ,үстел үсті театар арқылы қуып жету.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жетеді.Егерде ұстай алмай қалған жағдайда жігіт қоржының ішіндегі тапсырмаларды орындайды.Ойын кезекпен –кезек жалғаса береді.

Теңге алу – ежелден келе жатқан көне ұлттық ат ойыны. Көшпенді халықтың тыныс тіршілігінде ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибе өмірлік қажеттілік болған. Теңге алу сияқты ат жарысында епті және мықты шабандоз жігіттер өздерінің күштері мен тапқырлығын көрсете білген. Ойын ережесі бойынша шабандоз жігіттер бір шапқанда жерге алдын-ала шашылған барынша көп теңгені жерден іліп алуы керек. Әдетте бір шапқанда орамалға түйілген теңгенің барлығын іліп алу мүмкін емес, сондықтан ойынға қатысушылар бірінен соң бірі артынша шабады. Ойынның қызығын арттыра түсу үшін тамашалаушы халық орамалға түйілген теңгеге қосымша өз теңгелерін қосып түйеді. Осылайша, ойын жалғаса береді, ал жеңімпаз шабандоздар іліп алған теңгелерін өздеріне қалдырады

Қорыта келгенде, ойын балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі.    Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл — өмірдің заңдылығы Әр бала зерттелмеген құпия, әр бала – болашақ данышпан дегендей болашақта бүлдіршіндеріміздің данышпан болуы үшін бойына ұлттық сананы, дәстүрді ойын арқылы сіңіртіп, тәрбиелеуім керек деген мақсатты алдыма қойып, мынадай ұсыныс-пікірімді білдіргім келеді: Қазіргі технологияның қарқынды дамыған заманында балабақша оқу қызметтерінде яғни, тіл дамыту, көркем әдебиет, математика негіздері, дене шынықтыру оқу қызметтерінде ұлттық ойындардың элементтерін қосып оқу қызметтерін өткізу.

Халық арасында « Денсаулық – зор байлық » деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек.

 



Әдебиеттер тізімі:


  1. Абай (Ибраһим Құнанбаев). Өлең - сөздің патшасы. - Алматы: Дәуір, 2006.- 566 б.

  2. Абай. Шығармаларының екі томдық жинағы: Өлеңдер мен аудармалар.- Алматы: Жазушы, 2002. - 296 б.

  3. Абай. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар мен қара сөздер. - Алматы: Жібек жолы, 2005.- 488 б.

  4. Абай. Қара сөз = Книга слов. - Семей: МКА, 2007.- 368 б.

  5. Абай. Қалың елім қазағым.- Алматы: Атамұра, 2002.- 224 б.

  6. Абай. Нақыл сөздер. - Алматы: Көшпенділер, 2007.- 160 б.

  7. Абай. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, қара сөздер. - Алматы: Мектеп, 2007.- 248 б.

  8. Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. - Алматы: Санат, 1997.- 416 б.

  9. Жұртбай Т.Қ. Күйесің, жүрек... Сүйесің!... - Санат, 2001.- 408 б.




























Тіркеу формасы

Тегі, аты-жөні: Қуаныш Балбөбек____________________________________________

  • Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________________________________

  • Жұмыс жасайтын мекемесі, қызмет__

  • 42 «Айналайын»__МКҚК Тәрбиеші___________________________

Мақала тақырыбы__ «Тәрбие өзегі –ұлттық ойындар »

  • ____________________________________________________

Мақала материалдары Ақтөбе қаласы, Қ.Сәтпаев к., 16 «Б»,Ақтөбе қаласының білім бөлімі Әдістемелік кабинет немесе conferenciya2023@mail.ru поштасында қабылданады. Тел: 8 (7132) 71-23-61.

Мақаланы электрондық пошта арқылы жіберген кезде мұғалімнің аты-жөнін, «Конференцияға мақала» файлының атауын көрсетіңіз.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!