Тәрбие сағаты: Рухани жаңғыру аясында:
«Ертегілер әлеміндегі – Астана!»
Жаңа жыл құтты болсын!
Мұғалім:
Қош келдіңіздер, құрметті оқушылар, ата-аналар, қонақтар!
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт,
Ит жылы келіп қалды ортамызға,
жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Бүгін сіздерге жырдан алқа тағайық,
Шат күлкіге толы болсын маңайың,
Көргендер де көрмеген де арманда,
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
Талай қызық болар деп тамсанамыз,
осы күнді сағынып аңсағанбыз,
Жасыл шырша жанында қол ұстасып,
жаңа жылды қосылып қарсы аламыз
Өлең: Қош келдің, жаңа жыл!
Ділназ:
Ұйытқып соғып борасын, ауылдың жапты қорасын, киініп шық абай бол, ауладан шықсаң тоңасың. Бұл қай мезгіл балалар? Қайсың, кәне табасың?
Хормен: Қыс айы.
-
Балалар, осы қар қандай екен?
-
Қар аппақ.
-
Қар күмістей.
-
Қар мамықтай.
-
Күн, күн, қар қандай?
-
Қар жарқырап тұрады.
-
Аспан, аспан, қар қандай?
-
Көгілдір түсті.
-
Жел, жел қар қандай?
-
Сондай ауыр, суық.
-
Көрдіңдер ме, балалар, қар туралы әркімнің өз айтары бар.
-
Ендеше осы қар туралы ән шырқайық.
Өлең: «Аппақ қар»
Еламан(сер):
Қыс келді, қыс келді, Ақтарып ақ қарды, Жон аппақ түске енді, Аралап қайтайық, Ақ күміс бақтарды. Шыңдарды, құздарды, Шаңғымен сызалық, Елемей ызғарды, Жаңа жыл бәйгесін, Келейік біз алып.
Алмас:
Қандай суық қыс деген, Қалтырайды құс деген, құлақшынды кимесең, құлағыңды тістеген, Қандай суық қыс деген, бәрін шебер істеген, бақша – бауды, тауды да. Бояған ақ түспенен.
Мұғалім: - Балалар, Ата бабамыз ерте заманда жыл қайырып, әр жылға атау берген.
Ал он екі жыл бір айналғанда бір мүшел болатынын білесіңдер ме?
-
Ия!
-
Ал осы ертеде хайуандардың жыл басына таласқанын білесіңдер ме?
-
Ия!
- Ендеше «Жыл басына таласқан хайуандар» жөнінде көрініс көрсетейік.
Жылқы –Жандияр: - Адамдар мені салт мінеді, жазда арбаға жегеді, қыста шанаға шегеді. Сүтімнен қымыз жасайды. Қымыз- пайдалы сусын, жыл басы мен боламын.
Түйе – Азамат: - Жыл басы мен боламын. Адам маған жүк артады, сүтімнен шұбат жасайды, жүнмінен киім тоқиды.
Сиыр-Арнұр: - Менің сүтім көп, сүтімнен айран, май, құрт, ірімшік, қаймақ жасайды. Жыл басы болу маған лайық.
Қой-Бектас: - Адам менің жүнімнен киіз басады, мата тоқиды, қымбат киімдер тігеді. Сондықтан жыл басы болу маған лайық.
Ит-Іңкәр: - Мен адамның досымын, мал күзетемін, Жыл басы болу маған лайық.
Тауық – Алмас: - Адам жұмыртқадан неше түрлі дәмді тағамдар пісіреді, сондықтан жыл басы мен боламын.
Тышқан-Сырым: -Босқа таласпаңдар, жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болады.
Мұғалім: -Бәрі жылды қарап тұрады. Тышқан түйенің өркешіне шығып отырады. Бір кезде Тышқан:
Тышқан-Сырым: Әне жыл, әне жыл! Мен бәріңнен бұрын көрдім! Жыл басы мен боламын!
Мұғалім: Сөйтіп, Тышқан жыл басы болып, ал түйе бойына сеніп, жылдан құр қалады. Кәне, сол он екі жылды рет-ретімен атап шығайықшы!
-
1-тышқан, 2-сиыр, 3-барыс, 4-қоян,5-ұлу, 6-жылан, 7-жылқы, 8-қой, 9-мешін, 11-ит, 12-доңыз.
-
Ал осы жылдардың әрқайсысының өзінің ерекшеліктері, қасиеттері болады. Соны атап өтейік.
Тышқан-Ділназ:
Тышқан жылы – тірлікті жыл, Құштарыңды, бірлікті жыд!
Сиыр жылы – еңбекті жыл, сайлы жылы боп еңбек бір жыл .(Еламан)
Барыс жылы-сәтті құтты, Баян етер сәттілікті. (Алмас)
Қоян жылы-құт қонады, Кейде малға жұт болады. (Іңкәр)
Ұлу жылы-әрекетті, Ұлғайтады берекетті. (Бектас)
Жылан жылы – құрғақ болар, жылға құмы құрғап қалар(Еламан)
Жылқы жылы-мархабатты, Жырғап өтер әр талапты. (Арнұр)
Қой жылы – мол өнім болар, Қораларың төлге толар. (Әдемі)
Мешін жылы-бақ, жарасым, мереймен іс атқарасың.(Сырым)
Тауық жылы-арманды жыл, тауып істі, шаруаңды біл. (Азамат)
Мұғ: - Ал, ит жылы тым мазасыздау, Игермесең, азасың ау.
(сайқымазақ жүгіріп шығады)
Сайқымазақ: - Уа, халайық, жарандар, айналаға қараңдар!
Қызық көріп, шат болсын. Шалқып күліп тараңдар.
Уа, халайық, құрметті. Көмейіме жыр кеп тұр.
жаңа жылды қарсы алып. Өткізейік дүрмекті.
Мұғалім: - Армысың, балаларға шаттық сыйлаушы, күлкі патшасы. Сенің келгенің қандай жақсы болды. Балалардың көңілін көтеріп тастайтын болдың ғой!
Сайқымазақ: Олай болса не тұрыс, менің жақсы көретін биім бар.кәне, бәріміз «буги, вуги» биін билейік. Менің биімді қайталап, көңілдеріңді көтеріңдер.
«Буги-вуги» биі.
Мұғалім: - Балалар, қалай, көңілдерің көтерілді ме?Рахмет, саған, сайқымазақ! Біз одан әрі мерекемізді жалғастырайық.
Сат.Еламан:
Жаңа жыл – жаңа күн, он екі ай күттірген, еншілес елдермен, болсыншы құтты іргем.
Ақ пейіл қазақтың, ақ нанын көпсінбе, Баспасын азап күн, намысты өткірле.
Ескі тауық жылы-Арнұр келеді.
Мұғалім: -Қош келдің, ескі жыл! Сенің құрметіңе өлең айтып, тақпақ айтып, мәре – сәреміз. Сен жаңа 2018 ит жылы келгенше бізбен бірге бол.
Арнұр(Ескі жыл):
Балаларым, балғындарым,
Күлкісімен жеткізіп бабаға сыр,
Қуаныштан салады балалар асыр,
Жұмбақтанып, жаныма жырды ақтарып,
Елімізге қош келдің, жаңа ғасыр! Сау болыңдар, балалар!
Іңкәр:
Қуаныш пен шаттықта кенелейік, Жадырап ән шырқап кенелейік, Төрле – төрле халқымның құтты жылы, Бәріміз дөңгелене кел билейік.
Сайқымазақ: -Балалар менің ішім пысып кетті, би билейікші.
Би: «Гангамстайл»
Сырым: Ескі жылмен қоштастық, ұмытпасқа достастық, он екі айда атқарған, табыстарын мақтасып,
жаңа жылға табыстап, кетті келмес бел асып.
Өлең: Жаңа жыл
Мұғалім: Балалар, ескі тауық жылын шығарып салдық қой. Жыл тоқтап тұруы мүмкін емес қой. Жаңа ит жылын қарсы алайық!
Бектас:
Алақаай, алақай! Жаңа жыл келеді шапқылап, кәне қарсы алайық жақсылап!
Азамат: Келді жаңа құтты жыл, Еңбек сүйгіш мықты жыл. Салтанатты сәтті жыл, әділ, шындық тәтті жыл.
Жаңа 2018 ит жылы келеді. Еламан Сатыбалдин:
Айналайын, Жаңа жылым келдің бе? Жер шарына жаңаша нұр бердің бе? Құрметтісің аялаған еліңе, Бейбіт жылы береке боп келдің бе? Берекеңді тойлай берем мен күнде!
Жыл иесі ит болам! Мың шырайлы нұрға толам! Ырыс, дәулет, несібенің,
Бақ-бастауы өзім болам!
Мұғалім: Кел, жаңа жыл, Төрле, төрле жеріме,
Құт-береке боп келгейсің еліме. Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
жаңа табыс тілейік ісімізге, келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін!
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Аппақ тонға оранып, базарлықты мол алып,
келеді алыс сапардан, Аяз ата оралып,
Келсін Аяз атамыз, қасында Ақша қары бар,
қызыққа әбден батамыз, қарсы аламыз баршамыз. Балалар, Аяз ата мен Ақшақар шанадан түсіп жатыр екен, кәне қарсы алайық жақсылап.
Аяз – ата, Ау-у-у! Ақашақар! Ау-у-у!
Аяз ата: Амансың ба ұлдарым, Амансың ба, қыздарым!
Құтты болсын, Жаңа жыл, барша қауым,
Өкпе жоқ ескі жылға денсаулықпен,
Жеткізген жаңа жылға аман – есен,
Ескі жыл алып қал! Деп ауырлықты,
Тілейік жаңа жылдан жақсылықты.
Жаңа жыл алып келсін бәрімізге,
Алдымен бірінші боп денсаулықты,
Содан соң бірлік, тату, тәттілікті,
Қайғысыз жақсы іс пен сәттілікті,
Ел тыныш, бала-шаға аман болып,
Дос-жаран, ағайынмен орта толсын!
Қуаныш әкелетін әрбір жанға,
Жаңа жыл ағайындар, Құтты болсын!
Еламан:
Армысыз, Аяз ата, ақсақалым!
Бармысыз сұлу көркем Ақшақарым!
Асыға тағатсыздық сезімменен,
Тосуда өзіңізді барша қауым.
Ақшақар:
Қол ұстасып, әнге басып, жыл әніне салыңдар!
Бәріңізге бір сәлем! Сәлем бар адамдарға,
Аяулы аналарға, Ардақты ұл – қыздарға.
Бүлдіршін балаларға!
Жаңа жыл татулық пен бірлік жылы болсын!
Әр отбасы үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!
Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,
қиналып әр отбасы тарықпасын!
Аяз ата бүгінгі келген күндей,
жүздеріңнен қуаныш арылмасын!
Аяз ата:
Айналайын өрендерім, мынау өтіп бара жатқан жылда мол бақытқа жетіп, көп қуанышқа бөлендіңдер! Мен барлық адамдарға бақыт сыйлаймын. Сендердің өмірлеріңе гүл болып, нұр болып, бақыт сыйлап, қуанышқа бөленткелі келдім.
Бектас:
Жаңа жылды атамыз алып келді,
тамсана аралайды енді елді,
сүйкімді ақша қарын ілестіріп,
сыйлықтарын беруге үлестіріп.
Аяз ата: Ал, балаларым, кәне, өнерлеріңді көрсете беріңдер! Мен әрі демалып, әрі сендердің өнерлеріңді тамашалап, қарап отырайын.
Жандияр:
Келді, жылым, бақытым, кемелденді уақытым,
Сәлем саған, жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Арнүр:
Төрле, төрле құтты жыл,
Қуаныштан айтылады әсем жыр,
Балалардың бақытында шек болмай,
Жүректері қуаныштан толқып тұр
Ислям:
Сәлем, достар, аман ба? Шырша құрып алаңға, тойлап көңіл ашайық, жолға шашу шашайық!
Нұрсұлтан:
Ақ сақалы желбіреп, аяз атам елжіреп, Алды жылдың сәлемін, алды сыйын әлемнің.
Әдемі:
Әкелді жыл, ырыс – құт. Әлемде той - тыныштық. Жарқын өмір жаңаша, жаңа жылым – тамаша.
Аяз ата: Бәрекелді балаларым, өздерің шетінен өнерлі екенсіңдер. Рахмет, мен бір демалып қалдым. Ал енді мен де сендермен ойнап көрейін.Мен қазір сендерге сұрақ қоямын. Сендер не ия, не жоқ деп жауап бересіңдер.
Ашуланса торғайлар, итті жыға ала ма?
Ұстап алса тышқанды, сөз үйретсең сөйлей ме?
Бес жастағы ұл мен қыз, жұмысқа бара ала ма?
Тышқандар да кей – кейде, тоқсан жыл өмір сүре ме?
Күні бойы балалар, футбол ойнай ала ма?
Балықтар да кей – кейде сусыз жүзе ала ма?
Ормандағы аюлар адаммен дос бола ма?
Аспандағы жұлдыздар, жерге түссе жана ма?
Пешке салсақ көмірді, қатты жана ала ма?
Қорадағы жануарлар, биді билей ала ма?
Ормандағы аюлар, аспанда ұша ала ма?
Мұз кіргізсек үйге біз, еріп кете ала ма?
Кемелер мен қайықтар, қардан жүре ала ма?
Шанаменен ұл-қыздар, жазда ойнай ала ма?
Ой, жарайсыздар! Рахмет! Енді тағы да ойындар ойнауға шақырамын!
Ата – аналармен бірге ойындар ойнау.
-
Аққала жасау
-
Шырша.
-
Ата-аналарға арналған ойындар
-
Рахмет!Сіздермен бірге мен де өте тамаша демалдым. Барлықтарың да ақылды, білімді, өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерің қандай әдемі,
Біздің сыйлығымызға риза болыңдар! Басқа балалардың өнерін тамашалайық. Ал, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер! Аспанымыздағы күніміз сөнбесін! Уа! Мен батамды берейін, үстем болсын мерейің,
әрқашан да бұл елге., қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін, жамандық келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың, аруақтар қолдасын.
Қара ниет дұшпаның бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын мал – басың, адал болсын жолдасың,
Бейбітшілік заман болсын, ел іргесі аман болсын,
Осы айтқаным қабыл болып, батам менің тамам болсын, Аумин!
Жандияр: -Қандай жақсы біздің Аяз атамыз,
Қабыл болсын ақ ниетті батаңыз,
Келесі Жаңа жылда жүздескенше,
Қош бол, ару Ақшақар кездескенше,
Жыл сайын келіңіздер сіздер бізге.
Қош бол, Аяз ата! Қош бол! Ақшақар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сабағы: Қош келдің, жаңа 2018 жыл.

шағым қалдыра аласыз