Сабақтың
тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан
жирен»
Сабақтың
мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа,
кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға
тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын
молайту.Жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Міндеттері: Жақсы, жаман туралы түсінік
беру;
жақсы мен жаманды салыстыра білу
іскерліктерін
дамыту;
жақсы істер мен әрекеттер жасауға
тәрбиелеу.
Барысы: Ұйымдастыру
бөлімі
Шаттық
шеңбері.
- Балалар, шеңбер құрып, өлең жолдарын
айтайық.
Жақсылықтан
үйреніп,
Боламыз біз жақсы
адам.
Жамандықтан
жиреніп,
Үлгі аламыз
жақсыдан.
- Балалар, кәне, бір - бірімізге жақсы
лебіздерімізді
білдірейікші.
- Қайырлы
күн,
- Сабағымызды жақсы
оқиық
- Әрқашан күн
сөнбесін,
- Аспанымыз ашық
болсын.
- Аман
болайық.
- Деніміз сау
болсын.
- Бәріміз дос болайық. Тату болайық. т. б
сөздер айтады.
Балалар, бізде бүгін «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие сағаты болмақ. Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңі
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеніз
Өсек,өтірік,мақтаншақ,
Ереншек бекер мал шашпақ.
Бес дұшпанын білсеніз,
Талап терен еңбек ой,
Қанағат,рақым ойлап қой
Жақсы, жаман, әдептілік туралы мақал -
мәтелдерімізді
айтайықшы.
« Үлкенді сыйласаң, елге сыйлы
боласың».
-
Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
-
Үлкенге құрмет, кішіге ізет.
-
Жаманмен салысып жақсы болмайсың.
-
Жақсылық - ұзақ тұрмайды,
Жамандық - әркез тозбайды. -
Жақсы - жаны еріп тыңдайды.
-
Жақсының - жолы ашық.
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, -
Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.
-
Жақсыны жаман көре алмас.
9. Жамандар сөйлей білмейді,
жөніне тыныш жүрмейді.
10. Жақсының жолы - жарық күн.
11. «Жамандықты - ұмыт, жақсылыққа - ұмтыл»
12. Жақсыда жаттық жоқ.
13. Жақсының жақсылығын айт - нұры тассын, жаманның жамандығын айт
- құты қашсын.
14. Жақсының аты өлмейді.
15. Жаман - шайқап сөйлер, жақсы -
байқап сөйлер.
- Жақсы болу
өзіңнен
Жаман болу
өзіңнен
Өзіңді өзің ая
да,
Өзің үйрен
өзіңнен.
Жамандық көрсең
біреуден
Мен қандаймын деп
ойла.
Жақсылық көрсең
біреуден
Мен қандаймын деп
ойла!
- Жарайсыңдар,
балалар.
Сұрақтар:
-
Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?
-
Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
-
Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
-
Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?
Миға шабуыл:
-
Жақсылық деген не.
-
Жамандық деген не
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
Кім шапшан.
Мақал-мәтелдерді сәйкестендіру.
Тренинг: ЖАҚСЫ
Сонымен балалар, жақсы бала қандай
болады?
Таза жүректі, әдепті, үлкенді тыңдайтын,
кішіге қамқор болатын, сабақты жақсы оқитын, жанашыр, кішіпейіл,
мейрімді, ақылды, өтірік сөйлемейтін, адал, досқа
сенімді.
Жақсылыққа
құштармыз,
Жақсы адам болып
шығамыз.
Таза сәби
жүректен,
Қабылдаңыз мың
алғыс.
«Мен жақсы бала болу
үшін…» қандай бала болуымыз керек?
Күн тармақтарына озіміздің жақсы бала болуға керекті
қасиеттерімізді толтырайық. Мысалы:рухани бай адам,білімді
адам,өзіне сенімді бала,еңбекқор бала,…болуымыз
керек. «Жақсылық
тамшысы» . Әр бала тамшыға жақсылық сөздерді жазады. Тамшыны іліп
жатқанда әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын
жария етеді. - Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған
жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға (мұғалім тамшылар ілінген
плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып іледі) айналды. Яғни,
әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік
орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.
Рефлексия Біз не үйрендік, нені
білдік, нені білуіміз керек?
Жақынды, досты аяла,
Қанатың сонда талмайды.
Барыңды жұрттан аяма,
Жақсылық жерде қалмайды.
Жайдары жүзбен жарқыра,
Қатігез болсаң - сол қайғы.
Қайырымды бол халқыңа,
Жақсылық жерде қалмайды
деп бүгінгі тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағат

шағым қалдыра аласыз