Күні: 7.03.2017жыл Сыныбы: 2 «Ж» Мұғалімі: Сыдыкова Ж. К.
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Ардақтайық ананы!»
Ашық сабақ мақсаты: Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру.Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.
Безендіру: Сынып көктем мерекесіне байланысты безендірілген. Көктемдік гүлдер мен шарлар және де суреттер,нақыл сөздер.
Мұғалімнің құттықтау сөзі.
Кіріспе сөз сұрақ-жауап түрінде жүреді.
Мұғалім: Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұздай бесік таянған.
Ол кім?
Бәрі: - Ана!
Мұғалім: Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Ол кім?
Бәрі: - Әже!
Мұғалім: - Дүниедегі ең сұлу кім?
Бәрі: - Ана!
Мұғалім: Дүниедегі ең тәтті не?
Бәрі: - Ананың ақ сүті!
Мұғалім: Дүниедегі ең жұмсақ не?
Бәрі: - Ананың алақаны!
1 - жүргізуші:
Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар, аналарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.
2 - жүргізуші:
Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың.
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, қыздар және көрермендер! Сіздерді алда келе жатқан 8 - наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.
2 - жүргізуші:
Аялы қолда талпынтқан
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
1 – жүргізуші:
Айналасына тас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан,
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан,
Бұл кім, балалар?
Балалар: Ана! Ана! Ана! - Иә, бұл әрине ана!
Оқушылар аналарына жасаған сыйлықтарын тапсырады.
2-жүргізуші:
Құрметті әжелер, аналар қадамдарыңызға гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз! 2 «Ж» сынып оқушылары өз құттықтауларын білдірмекші.
Қаламқас:
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
Нұрболат:
Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім»,- дейтін.
Арайлым:
Мені жақсы көреді .
Күндей күліп келеді .
Көп ертегі біледі.
Маған айтып береді.
Дінмұхамед:
Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Мақпал:
Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.
Фатима:
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
Айғаным:
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы
Айбек:
Аналар, қыздар жасай берсін!
Ана десе ақтарылған ағынан
Анашымды күніне мың сағынам.
Тірлік үшін әулиеге табынатын
Аналардың ақ сүтіне табынам.
Жәнібек:
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
Серік:
Келді көктем күннің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
Серғазы:
Болса өзге жүрек,
Адамға адам тірек.
Сізге айтар мынау,
Мерекелік тілек:
1– жүргізуші:
Ана туралы мақал – мәтелдер.
Айғаным:
Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.
Серғазы:
Ағайын — алтау,
Ана — біреу.
Нұргүл:
Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Айгерім:
Анасы бардың панасы бар,
Анасы жоқтың көз жасы бар.
Серік:
Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.
Рахмет Мерей:
Ана алақанының аясы – Ақ шынардың саясы.
Сагиева Мерей:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз,мейраммен,
Құрметті ата – аналар!
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын,анашым.
Гүлсая:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Әлпештеген баласын,
Ана – бақыт, ана – күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер баласын.
Айгерім:
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын, ақ анам.
Бізді өсіріп,баптаған,
Жақсы болса шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған.
Айналайын,ақ мамам!
Ербол:
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын, ақ мамам!
Ерасыл:
Пайдаланса уақытты,
Біздің қыздар бақытты.
Арманға жетер балалар,
Аман болсын аналар!
Нұргүл:
Ана болашаққа өмір сыйлайды екен,
Жатты да жамандыққа қимайды екен.
Ананың құрсағында сыйған бала,
Даланың құшағына сыймайды екен!
Гүлдана:
Мен үшін не керек,
Бәрін іздеп табасың.
Айналайын, анашым!
Жұмысыңа барасың,
Қайта мені көргенде
Шын сағынып қаласың.
Айсұлу:
Әлдилеген анамның,
Аясында шалқыдым.
Ұғып,тыңдап аламын,
Бақыт тілін,бал тілін!
Жасұлан:
Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің аяулы,
Жүрегі жұмсақ, көңілі
Күн шуақты саялы.
Айдана:
Әлпештеген , аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Ғалымжан:
Ана – асқақ арманым,
Ана менің жыр – әнім.
Анам үшін ән салып,
Анам үшін жыр жаздым.
Балнұр:
Ана-біздің күніміз,
Ана-біздің гүліміз.
Бізді ана қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
2 – жүргізуші:
Хор «Ақ мамам»
Ақ мамам
Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман-сау жүр ақ мамам
Қайырмасы
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен
Өзің маған мият-күн
Сен деп таңым жиі атты
Ақ маманың айқайы
Айналайын сияқты
Қуат беріп құшағың
Қанат бітіп ұшамын
Естіртемін алып кеп
Ел білмейтін құс әнін
қайырмасы
Көрсетемін күллі елді
Жарық етем түндерді
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді
қайырмасы
1 – жүргізуші:
Оқушылардың орындауында вальс.
2 – жүргізуші:
Ән салсаң Мерейдей сал әсемдетіп,
Қоздырып делебені дәсерлетіп.
Шырқатып, шығандатып, шалықтатып,
Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп.
Рахмет Мерейдің орындауында «Ана» туралы ән.
1 – жүргізуші:
Мәңгі жарық күн сыйлаған
маған
Бір адам бар ол өзіңсің ана
Мейірімге бір өзіңнен қанам
Жылуды да жүрегіңнен алам
Ардақты ана, аяулы мама!
Бисенбай Гүлсаяның орындауында «Ана» туралы әнді қабыл алыңыздар!
Алжанова Гүлдананың орындауында би.
2 - жүргізуші: Атадан қалған асыл сөзге, ақыл кеніне құлақ түрсек. Ертеде бір жігіттен үйдің алтын қазығы кім деп сұрапты қарт.
Айбек: -Балам , үйдегі алтын қазық кім?
Асхат:- Ата, үйдегі алтын қазық бала.
Айбек: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық — ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі.
1 – жүргізуші:Осы қарттарымыздың қалдырып кеткен өнегелі де үлгілі сөздерімен осы ертеңгілігімізді аяқтаймыз. - Міне, құрметті абзал жанды әжелер, аналар, кішкене ханшайымдар мерекелеріңіз құтты болсын! Осыменен сіздерге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Сау - саламатта болыңыздар!
2 - жүргізуші: Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат-шадыман болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау - саламат болыңыздар!
Тағы да 8 наурыз әйелдер күні мерекелеріңіз құтты болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағат "Ардақтайық ананы!"
Тәрбие сағат "Ардақтайық ананы!"
Күні: 7.03.2017жыл Сыныбы: 2 «Ж» Мұғалімі: Сыдыкова Ж. К.
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Ардақтайық ананы!»
Ашық сабақ мақсаты: Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру.Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.
Безендіру: Сынып көктем мерекесіне байланысты безендірілген. Көктемдік гүлдер мен шарлар және де суреттер,нақыл сөздер.
Мұғалімнің құттықтау сөзі.
Кіріспе сөз сұрақ-жауап түрінде жүреді.
Мұғалім: Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұздай бесік таянған.
Ол кім?
Бәрі: - Ана!
Мұғалім: Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Ол кім?
Бәрі: - Әже!
Мұғалім: - Дүниедегі ең сұлу кім?
Бәрі: - Ана!
Мұғалім: Дүниедегі ең тәтті не?
Бәрі: - Ананың ақ сүті!
Мұғалім: Дүниедегі ең жұмсақ не?
Бәрі: - Ананың алақаны!
1 - жүргізуші:
Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар, аналарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.
2 - жүргізуші:
Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың.
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, қыздар және көрермендер! Сіздерді алда келе жатқан 8 - наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.
2 - жүргізуші:
Аялы қолда талпынтқан
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
1 – жүргізуші:
Айналасына тас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан,
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан,
Бұл кім, балалар?
Балалар: Ана! Ана! Ана! - Иә, бұл әрине ана!
Оқушылар аналарына жасаған сыйлықтарын тапсырады.
2-жүргізуші:
Құрметті әжелер, аналар қадамдарыңызға гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз! 2 «Ж» сынып оқушылары өз құттықтауларын білдірмекші.
Қаламқас:
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
Нұрболат:
Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім»,- дейтін.
Арайлым:
Мені жақсы көреді .
Күндей күліп келеді .
Көп ертегі біледі.
Маған айтып береді.
Дінмұхамед:
Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Мақпал:
Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.
Фатима:
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
Айғаным:
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы
Айбек:
Аналар, қыздар жасай берсін!
Ана десе ақтарылған ағынан
Анашымды күніне мың сағынам.
Тірлік үшін әулиеге табынатын
Аналардың ақ сүтіне табынам.
Жәнібек:
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
Серік:
Келді көктем күннің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
Серғазы:
Болса өзге жүрек,
Адамға адам тірек.
Сізге айтар мынау,
Мерекелік тілек:
1– жүргізуші:
Ана туралы мақал – мәтелдер.
Айғаным:
Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.
Серғазы:
Ағайын — алтау,
Ана — біреу.
Нұргүл:
Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Айгерім:
Анасы бардың панасы бар,
Анасы жоқтың көз жасы бар.
Серік:
Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.
Рахмет Мерей:
Ана алақанының аясы – Ақ шынардың саясы.
Сагиева Мерей:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз,мейраммен,
Құрметті ата – аналар!
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын,анашым.
Гүлсая:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Әлпештеген баласын,
Ана – бақыт, ана – күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер баласын.
Айгерім:
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын, ақ анам.
Бізді өсіріп,баптаған,
Жақсы болса шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған.
Айналайын,ақ мамам!
Ербол:
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын, ақ мамам!
Ерасыл:
Пайдаланса уақытты,
Біздің қыздар бақытты.
Арманға жетер балалар,
Аман болсын аналар!
Нұргүл:
Ана болашаққа өмір сыйлайды екен,
Жатты да жамандыққа қимайды екен.
Ананың құрсағында сыйған бала,
Даланың құшағына сыймайды екен!
Гүлдана:
Мен үшін не керек,
Бәрін іздеп табасың.
Айналайын, анашым!
Жұмысыңа барасың,
Қайта мені көргенде
Шын сағынып қаласың.
Айсұлу:
Әлдилеген анамның,
Аясында шалқыдым.
Ұғып,тыңдап аламын,
Бақыт тілін,бал тілін!
Жасұлан:
Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің аяулы,
Жүрегі жұмсақ, көңілі
Күн шуақты саялы.
Айдана:
Әлпештеген , аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Ғалымжан:
Ана – асқақ арманым,
Ана менің жыр – әнім.
Анам үшін ән салып,
Анам үшін жыр жаздым.
Балнұр:
Ана-біздің күніміз,
Ана-біздің гүліміз.
Бізді ана қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
2 – жүргізуші:
Хор «Ақ мамам»
Ақ мамам
Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман-сау жүр ақ мамам
Қайырмасы
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен
Өзің маған мият-күн
Сен деп таңым жиі атты
Ақ маманың айқайы
Айналайын сияқты
Қуат беріп құшағың
Қанат бітіп ұшамын
Естіртемін алып кеп
Ел білмейтін құс әнін
қайырмасы
Көрсетемін күллі елді
Жарық етем түндерді
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді
қайырмасы
1 – жүргізуші:
Оқушылардың орындауында вальс.
2 – жүргізуші:
Ән салсаң Мерейдей сал әсемдетіп,
Қоздырып делебені дәсерлетіп.
Шырқатып, шығандатып, шалықтатып,
Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп.
Рахмет Мерейдің орындауында «Ана» туралы ән.
1 – жүргізуші:
Мәңгі жарық күн сыйлаған
маған
Бір адам бар ол өзіңсің ана
Мейірімге бір өзіңнен қанам
Жылуды да жүрегіңнен алам
Ардақты ана, аяулы мама!
Бисенбай Гүлсаяның орындауында «Ана» туралы әнді қабыл алыңыздар!
Алжанова Гүлдананың орындауында би.
2 - жүргізуші: Атадан қалған асыл сөзге, ақыл кеніне құлақ түрсек. Ертеде бір жігіттен үйдің алтын қазығы кім деп сұрапты қарт.
Айбек: -Балам , үйдегі алтын қазық кім?
Асхат:- Ата, үйдегі алтын қазық бала.
Айбек: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық — ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі.
1 – жүргізуші:Осы қарттарымыздың қалдырып кеткен өнегелі де үлгілі сөздерімен осы ертеңгілігімізді аяқтаймыз. - Міне, құрметті абзал жанды әжелер, аналар, кішкене ханшайымдар мерекелеріңіз құтты болсын! Осыменен сіздерге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Сау - саламатта болыңыздар!
2 - жүргізуші: Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат-шадыман болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау - саламат болыңыздар!
Тағы да 8 наурыз әйелдер күні мерекелеріңіз құтты болсын!
шағым қалдыра аласыз













