Тақырыбы: Аяулы менің анашым
Мақсаты: Оқушыларға аналарды сыйлауға
оларды құрметтеуге түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділік: Ана
жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді
мерекемен құттықтау.
Дамытушылық: Оқушыларды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа
тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын
арттыру.
Тәрбиелік: Ана
еңбегін қадірлей білуге, құрметтеуге,сыйлауға
тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі:
гүлмен,шармен
безендірілген кабинет,
нақыл сөздер, суреттер,
т. б.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1-жүргізуші:
2-жүргізуші:
ІІ. Негізгі бөлім
1-жүргізуші: Қымбатты аналар, ұстаздар, қыздар,
мерекелеріңізбен!
2-жүргізуші: Бүгінгі мереке 8 наурыз-Халықаралық әйелдер
күніне арналған «Ана өмірдің
гүлі»
атты тәрбие сағатымызды
бастаймыз.
Сынып
іші: _______ терең ойда, сынып ішінде
ерсілі-қарсылы жүр.Сол кезде Нұрғиса кіріп
келіп:
________: - ________, неге көңілсіз
жүрсің?
________: - Е -е, _______, мен келе
жатқан 8 наурыз мерекесін қалай
өткізсек екен деген ойдамын.
________: - Онда тұрған не бар? Тақпақ
айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналармен мен қыздарды!
Мен, би билеп берейін, сен тақпақ айт ...
________: - Жо -о, жоқ! Жарамайды. Жыл
сайын би билеп, тақпақ айтып береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше
құттықтау керек!
________: - Сен қызықсың, тақпақ айтпай
болмайды. Ана туралы ең әсем,ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерін
де.Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ
бар екенін білейік.
________: - Иә, бәріміз аналарымызды
құттықтағымыз келеді.
________ - Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір,
нақты «Ана » туралы ән айтайық.
Хормен ән:
Ана
2-жүргізуші:
Құрметтейік, о адамдар,
аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Ендеше, оқушылардың аналарына
арналған өлең шумақтарына кезек берейік.
___________:
«Анаға
сыйлаймыз»
Көктемде
көңілді
Құстар кеп
жатқанда,
Құлпыртып
өңірді,
Гүл ектік
бақтарға.
Гүл ектік
аулаға
Көктемде
көңілді.
Бақта да, бауда да
Ақ
гүлдер өрілді.
Біз
доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден Анаға
сыйлаймыз.
______________:
«Апама»
Әлпештеген,
аялаған,
Ақ сүт берген,
апатайым.
Сәлем жазып бүгін
саған,
Мейрамыңмен
құттықтаймын.
_____________:
«Анамызға мың
алғыс»
Аялаған , баптаған, Асыраған,
сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс!
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді.
Аналарға мың алғыс!
«Адал бол, - деп балдырған»,
Әділдікке баулыған,
Жүрегін де баулыған,
Тілегінде мархабат Анамызға
мың алғыс!
1-жүргізуші:
Алдымен мерекесі құтты болсын
аналардың,
Әпкелер мен бауырлар,
балалардың.
Мерекеңіз ұлассын
қуанышқа,
Бұл күндер көксеген
даналардың.
2-жүргізуші:
Келесі кезекті 4 сыныптың
аруларының орындауында қазақ
биін қабыл
алыңыздар!
1-жүргізуші: Ана адамзат мекен еткен жер
шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен
туысқандықтың туын тіккен адам.
2-жүргізуші: Адамзат ең алдымен ана алдында
қарыздар.Анаңды Меккеге үш рет апарсаңда қарызын өтей алмайсың.Ана
махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке
рухтандырады.
Ендеше біздің жігіттеріміздің
биін қабыл алыңыздар!Флешмоб
1-жүргізуші: Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп,еркелеттің,аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән
жырымды қабыл ал аналарым!
Ән:______________________
1-жүргізуші: Ендігі кезекті ата-аналармен
ойын ойнайық.Ойынның шарты мен таныс болыңыздар:
Ортаға 4 немесе
5 ата-ана шығуы тиіс.Бір
оқушының көзін байлап, ортада отқан ата-аналар арасынан қолын ұстау
арқылы өз ата-анасын табуы қажет.
______________:
Мерейлі сәт
мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз
келді қыр асып.
Қыз- келіншек,
нәзік жандар мейрамы
Көктемімнің
шапағатын тұр шашып.
Құттықтаймыз
аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты
бір із қалды.
Болсын әркез
көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын
мерекеге өңірлер!
Дүниеде ең кемеңгер
дананы,
Ана табады, аялайды
бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас
иіп,
Құрметтейік қасиетті –
ананы.
2-жүргізуші:
Анаға арнап ақ тілектер айтар
күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар
күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар
күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі
жастардың, - дей келе оқушылардың жүректен шыққан ізгі ниеттеріне
кезек берейік.
______________________
_______________________
_______________________
________________________
_________________________
___________________________
1-жүргіуші: Оқушылардың сыйлықтарын қабыл
алыңыздар.
Мұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең
қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап
өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы
көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын
бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір
күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі. Анамызға деген
біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат,
жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар
мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Жүргізуші:
2-жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық
аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді
аяқтаймыз.