Материалдар / Тәрбие сағат "СҮЙІСПЕНШІЛІК-өмір негізі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағат "СҮЙІСПЕНШІЛІК-өмір негізі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбиешілерге арналған, балаларға сүйіспеншілік ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіреді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2020
537
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Түймеқыз» ересек тобының ұйымдастырылған тәрбие сағаты


Күні: 12.02.2020 ж.

Тәрбиеші: Мухитова З.С.

Тақырыбы: «Сүйіспеншілік – өмір негізі»
Сөздік жұмыс: Сүйіспеншілік

Мақсаты: Балалардың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы қоршаған ортаға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Міндеттері:
• жақсы көру, сүйіспеншілік ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
• сүйіспеншілікпен қарым - қатынас жасауға баулу;
• риясыз сүйіспеншілік жасауды үйрету.

Сәлемдесу. Балалар хормен: 
Иіліп сәлем бердік атқан күнге! 
Иіліп сәлем бердік, қонақтарға! 
Иәліп сәлем бердік ұстаз сізге! 
Иіліп сәлем бердік ,достар бірге! 


Тәрбиеші:

- Армысыздар, қымбатты балалар! Бүгінгі «Өзін-өзі тану» ЖАҚ бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның туған күніне орай «Сүйіспеншілікке толы жүрек» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.
Тәрбие сағатымыз барлығымыздың Анамызға айналған, күні ертең туған күні болатын Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналады. 

Көрініс: Пошта бөлімінен пошташы келіп, Сара Алпысқызының 3 топ балаларына жаған хатын әкеліп табыстайды.

Тәрбиеші: - Балалар, Сара Алпысқызының хатымен танысайық:

Хат: «Менің сүйікті балаларым, бір-біріңді  сыйлаңдар, әрдайым бір-біріңе риясыз сүйіспеншілікпен жақсылық жасаңдар! Ертең сендер де өсіп, азамат боласыңдар. Ешқашан ешкімге қиянат жасамаңдар!  Біреуге  жамандық жасасаң, бір күні алдыңнан жамандық  шығады, жақсылық жасасаң - жақсылық шығады. Сондықтан, үнемі жақсылық жасауға ұмтылайық!».


Тәрбиеші:

- Қандай керемет сөздер! Ия, балалар?

- Балалар, хаттан біз не түсіндік? Сара Алпысқызы осы хатымен бізге қандай ой салып тұр? (балалардың Сара Алпысқызы Назарбаева туралы ойларын білу үшін әңгімелесу жүргізіледі)
-
Сара Алпысқызы туралы не білеміз? лайд көре отырып таныстыру).
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 
1992 жылғы ақпан айынан бастап —«Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Қор өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, балаларға адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беруде қоғамға нақты көмек көрсетеді.  Бүгін – «Бөбек» қорының негізін қалаушы, Сара Алпысқызының туған күні. Қазақстанның бірінші ханымы – 79 жасқа толып отыр. «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін-өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. Ол таратқан білім негізінде бүгінде оқушылардың өмірге деген көзқарасы өзгерді. Тәрбие дұрысталды деп санайды. 


Дәйексөз:  «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын». 


Қуан шаттан, қуан шаттан
Қуанатын күн бүгін!
Қуан шаттан, қуан шаттан

Күліп шықты күн бүгін!

- Ия, шынымен бүгін тамаша күн! Қуанатын күн! Қазақстанның барлық балаларына біздің ОСК-не келіп демалып, денсаулықтарын нығайтуларына мүмкіндік жасаған анамыз Сара Алпысқызының туылған күні. Соған орай біздің балалар да өздерінің құттықтауларын дайындап келіпті.


- Олай болса ортаға балаларды шақырайық.
Асылай:

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан жирентіп.

Жақсы жолды нұсқаған,

Аман болшы алтын жүрек ақ ана!

Алихан:

Ақ жүректі анасыз,

Бізге білім сыйлаған.

Құттықтаймын шын жүректен ,

Ақ жүректі ақ ана!

Мұхаммедәли:

Нұрын төккен күн сияқты,

Бәріне қуаныш себеді.

Күлімдеген гүл сияқты,

Махаббатын береді.

Аида:

Бар баланың өлеңі,

Өте жылы жүрегі.

Орындалсын Сара апайдың,

Бар арманы,тілегі.

Айтөре:

Өзін-өзі тану кітабын,

Бар балаға сыйлаған.

Құттықтаймын мен сізді,

Алтын жүрек ақ анам!


Тәрбиеші:

- Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік. 


Тәрбиеші:

- Ал қазір сіздердің назарларыңызға көрініс «Мейірімді етікші».


Бір ауылда жүрегі таза, адамгершілігі мол, иманды етікші тұрушы еді .
Елдің бәрі мерекеге дайындалып жатқанда етікші сырқаттанып, төсек
тартып жатып қалады. Сөйтіп, ол мерекені жалғыз, көңілсіз қарсы
алатынына қапаланды. Мерекені тойлайтын уақыт таянып қалғанда, ол
түсінде Данышпан қарты көрді: ол ақырын дауысымен: « Сен маған келе
алмасаң, мен саған өзім барамын» - деді. Ұйқысынан оянған ол қуанып кетті. Таңертең ерте оянып, үй - ішін жинастырып, мерекелік тағамдарды әзірлеп,
құрметті қонағын күтуге дайындалды. Осы сәтте ол терезенің алдында
жылап тұрған баланы көрді. Ол баланы үйге кіргізіп оған былай деді:
- Сен неге жылап тұрсың ?
- Бүгін менің жалғыз бәтеңкем жыртылып қалды, одан басқа аяқ киімім жоқ. Жаңасын алуға жағдайымыз келмейді. Сонда етікші баланы жұбатып былай деді : «Келе ғой мен бәтеңкеңді тігіп берейін!». Аз ғана уақыттан соң жөнделген бәтеңкесін көрген бала қуаныштан жүзі бал - бұл жайнап кетіп, аяғына киіп алды. Оны шығарып салған етікші өз жұмысын жалғастыра

берді, кеш болды. Жұпыны киінген бір әйел келіп былай деді:
- Кешіріңізші мені, өтінемін! Мен сізге аяқ киімімді жөндеуге берген едім,
бірақ, төлейтін ақшам болмай тұр. Келмейін десем, күн суытып барады .
Етікші оған күлімсірей жымиып:
- Сіздің етігіңіз дайын тұр. Киіп ал да, өзің тоздыр!
Одан ештеңе сұрамастан етігін бере салды. Түн болды. Өз ісін аяқтаған етікші өзіне уәде берген қонағын күтуде. Ұйықтайтын уақыт та таянып қалды. Осы кезде есік қағылды. Есікті ашқанда бейтаныс жолаушыны көрді . Ол былай деді :
- Мені үйіңізге кіргізіңізші? Мен күн ұзағына жол жүріп келемін. Қонатын
жерім болмай тұр, түн жарымында ешкім есік ашар емес...
Етікші оны үйіне кіргізіп, тамақтандырды, өзінің төсегіне жатқызды.
Ал өзі еденге жатты. Ұйықтар алдында ол іштей өзіне :
- Мүмкін, мен,бүгінгі күткен қонағыма лайық емес шығармын, өйткені ол келмеді ғой»- деп ойлады да ұйықтап кетті. Түсінде сол баяғы данышпан ата ақырын дауысымен былай деді: «Мен бүгін саған үш рет қонаққа келдім, әр келгенімде сен мені құшақ жая қарсы алдың. Сенің ақ пейілің жаныңда-ғыларға деген риясыз сүйіспеншілікке толы жүрегің – баға жетпес сый. Сүйіспеншілік бастан немесе ауыздан шықпайды, ол жүректен шығады. Өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң

«Адам! » деген ұлы атқа лайықты жансың ұлым.


Көрініс бойынша сұрақтар:

1. Көріністі тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар ?

2. Көріністегі етікшінің адамдарға жақсылық жасауға итермелеген қандай күш?

3. Данышпан ата ол кісіге «Адам » деген ұлы атқа лайықсың!- деп не үшін айтты ?

4. Қандай істер өмірде ең маңызды болып табылады ?

5. Сіздер осы әңгімеден қандай ой түйдіңіздер? Қандай әсер алдыңыздар?

Риясыз сүйіспеншілік –асыл құндылық. Сүйіспеншілік адамнан адамға берілетін қуат. Адамның шынайылығы оның ақ ниеті, таза ойы, жылы сөзі және игі ісінен көрінеді. Риясыз сүйіспеншілік марапат, сый талап етпейді. Риясыз сүйіспеншілік –адамға берілген сый. Риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету –әрбір адамның парызы.


Қорытынды: 

Сара Алпысқызы Назарбаеваның балаларды бақытқа, қуанышқа, шаттыққа  кенеліп, бақытты өмір сүруі үшін  қосқан үлесі зор. «Өзін-өзі тану» әлеміне  ерен  еңбегін сіңірген, сол әлемнің дамуына  талай тер төккен.

Тәрбие сағат соңында Сара апайларына  арнап  ұсақ жүрек  бейнесі салынған ашық хаттарын  құттықтау сөз бен  тілек жазып пошташыға беріп жібереді.  Және де 3-4 бала қорытынды ретінде Сара Алпысқызына өздерінің тілектерін айтады.


Ән: «Ән сәлем». 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!