Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағат "Тәрбиелі – тәртіптің құлы" 2-"ә" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Тәрбиелі – тәртіптің құлы.

Күні; 18.11.2017

 Мақсыты: оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту;

 Көрнекілігі:мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, суреттер.

Ұйымдастару кезеңі;

ҚР мемлекеттік гимнды орындау

 

Оқушылар хормен:

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

Сәлемдесіп аламыз.

 

Мұғалім:

Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалада: Еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы жарияланған. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.


Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

Мұғалім: Тәртіпсіз бала ұрыншақ, маңайындағы балаларға тыным бермейді. Қазіргі тамашалайтындарыңыз шағын көріністер.
(1, 2 – көріністер, жат мінез - қылықтарға байланысты.)
Заң төбелесіп жатқан балаларды тоқтатып, заң құқығын оқу.

1 – бап
Бала сипаттамасы.
18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.
2 - бап
Дискриминацияны, яғни зорлық – зомбылықты болдырмау.
Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.

5 – бапты Отбасындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы.
Мемлекет баланың жан – жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата – аналар мен кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс
.

- Әке - шешелері дұрыс тәрбие бермеген, өз беттерімен кеткен, ерке, әдепсіз балалар.Біз осындай жаман қылықтан жиіркеніп, өнегелі, тәртіпті,
әдепті боламыз

Ендеше, әдептілік туралы өлең - жырларымызды жалғастырамыз.
Ата - ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
,

Әуре салсаң әлегің.. 

/Гулсанам/

Етек кетер салақтап,

Бос жүріспен далақтап

Ұқыптап сабақ ұқпайды.

Өз бетімен алақтап.


1.Мухаммед 2.Кәусар:

Ілгек,  түйме  жұлынып, Бәрі  жақсы  баланың

Кешке  дейін алысар. «Беске»  оқитын   сабағын,

Әркімге  бір  ұрысып, Азаматтық оны де

Құспен, малмен  жарысар. Ойнатса  кім  інісін,

Шашы  түсіп  көзіне, Мақұлдайтын  мұнысын,

Түсінбей  ақыл  сөзіне. Өзі  түйме  қадаса,

Мұнда  бала  тамаша.

Барын  берсе  қолындағы,

Бала  жомарт  болғаны.


3. Бехруз: 4. Мехрибону

Жас–кәріге  сіз  деген, Тазалап  жүру керек,

Жақсы  үлгі  іздеген. Ерте  мен кеш  бала.

Дос  боламыз  біз  деген Кір-кір болу елден ерек

Ізетті  ұл  мен  қызбенен! Мүлдем  ұят,  мүлдем ұят  масқара!


6. Абдуали 7.Диляра

Кеше  ғана  қалдырған Аға әдепті  болса,

Өміртайдың  түймесін Іні де  әдепті.

Орнында  жоқ, япыр-ай, Апа әдепті  болса,

Қайда  кеткен, бұл  несі?! Сіңілі де  әдепті.





8. Мухаммед

Құс ұясын бұзбаймын,
Бүлдірмеймін жейдемді.
Қабырғаны сызбаймын,
Жинап қоям бөлмемді.
Бос шимайлап, шатпақтап,
Дәптерді де жыртпаймын.
Бір күн болмай сатпақтап,
Киімімді құртпаймын.


Мұғалім:  Ал енді балалар кезекті  мақал-мателге  берейік.

«Жақсыдан үйрен Жаманнан жирен »  деген  мақалды  қалай түсінесіңдер


Оқушылар  хормен: 

Аулақ жүріп  жаман  қылық,әдеттен,

Үйренеміз  жақсы  мінез, әдептен!

Мақал-мәтел  айтылады.


Момын Диляра

Әдепті  бала-арлы  бала, Әдептіліктің  белгісі- иіліп  сәлем  бергені.

Әдепсіз  бала- сорлы  бала.


Абдуали Кәусар

«Сіз»  деген- әдеп, «Біз»  деген  көмек. Әдепті  бала  кездессе, сәлем  берер  бас  иіп,

Әдепсіз  бала  жолықса, от  шығар  кекиіп.


Бехруз:

«Ұқыптың  тоны  тозбас,

Ұқыпсыздың  ісі  оңбас»


Ұлбосын:

 Инабаттылық – әдептіліктің  әсем  көрнісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық,  сыпайылық,  тіл  алғыштық,  әділдік,  адалдық, ұқыптылық  жауапкершілік.


Мұғалім: сахна қойылым

Бiр жұрттың бас әкiмi екiншi бiр байға жолығысып сөйлесiп тұрғанда, қасынан бiр жарлы мұжық өтiп бара жатып иiлiп, бас ұрып сәлем бердi. Оған қарсы әлгi үлкен әкiм төре онан да төменiрек бас ұрып сәлем салды.

Қасындағы бай: –

Тақсыр, осынша жұрттың үстiнен қараған әкiмсiз, осы бiр мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты.

Сонда әкiм: – Ешбiр iлiм-бiлiм үйренбеген мұжық сонша иiлiп, әдептiлiгiн көрсеткенде, мен онан әдепсiз болып қалайын ба? – дедi.




Мұғалім: 

«Не істеуге болмайды?»

Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

Әдеті және әдепсіз қылықтар туралы көрініс


Қорытынды:  Әр адамның әдептілігі  оның сөзінен, көзінен,  өзінен  байқалады. Әдептілік  көрсететін  сөздерге  теңеу, балау  сөздер  жатады. Әдепке  үйреніп, әдепті  сөздерді  айтуға  жаттыққан   адам-мәдениетті де  әдепті   адам.

Дәстүр - ұрпақтaн-ұpпаққa ауысатын, тарихи қалыптасқан ноpмaлаp мен үрдістeр.. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, cондықтaн мәдeниеті дамыған ел дәстүргe де бай. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдepі озық дәcтүрлeрге жатады.

Би: «флешмоб.»

Туғаннан соң адам боп,

 Білімсізден жаман жоқ.

 Ел дәстүрін білмесең,

 Жұрт айтады надан деп.

 Ата-бабаң ардақты,

 Жамандыққа бармапты.

 Ардақ тұтып үлкенді,

 Ата жолын жалғапты.

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған салтымыз,

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз



Сөз кезегін мектеп әкімшілігіне беріледі.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
963
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі