Тәрбие сағат "Туған жер" 2-"ә" сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағат "Туған жер" 2-"ә" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың бойындағы патриоттық сезімін ояту, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін нығайта білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Туған жер- тарихы


Мақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: АҚТ Слайдтар. Суреттер
Жүрісі:

Мұғалім: Қадірменді қонақтар! «Туған жер-тарихы!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Иә, осынау кең-байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бар, сендер секілді болашақ ұрпағы бар мәңгілік ел, туған жеріміз –Қазақстан деп аталады. Бүгін сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.

Мұғалім:
Батыстан толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь - Шань тауларына дейін Ұланғайыр жерді алып жатқан тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.
1 - оқушы:
Қазақстан - туған өлкем.
Жер көппе сендей көркем.
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпем.
2 - оқушы:
Көз алдыңда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалғып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам.
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
3 - оқушы:
Тасып жатқан өзендер жағасынан.
Сары белде сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге.
Қазақтың қасиетті даласынан.
Мұғалім: Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.
4 - оқушы:

Кең дала көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін басқан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне, сол анам еді мені тапқан.
5 - оқушы:

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным.
О туған жер, тамашасың, көркемсің.
Мұғалім:Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.

6 - оқушы:

Туған жер - алтын бесік, асыл - анам,
Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.
Мендағы ұлың едім, өзің тектес,
Алысқа несібесі шашыраған.
7 - оқушы: 

Табиғат қызығам сан суретіңе,
Бас ием сенің алып құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы күллі әлемге нұр таратып.


Мұғалім: Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер. Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалар өте көп. «Жері байдың елі бай» деп тегін айтылмаған.


8 - оқушы:

«Қазына қара жерде» дейді қазақ,
Күн көрген осы жерден біраз алып.
Жер - анадан үзіліп кете алмаған,
Кемеңгер небір дана, небір алып.
9 - оқушы:

Кен айтады ел мен жұртың өлшемін,
Кенде жатыр күн қуат пен мол сенім.
Кенің барма, жоқ болса жарлысың,
Кенің болса келешегің зор сенің.


Мұғалім: Табиғаттың басты байлығы – жер. Қазақстан 272 млн гектар жерді алып жатыр, соның 222 млн гектары ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың дана сөзі бекер айтылмаған.
10 - оқушы:

Топырақтан өмір иісі шығады,
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесімен беретін
Жақсылық та топырақтан шығады.

11 - оқушы:

Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.


2ә» сынып ұлдарының орындауында «Туған ел» 
Бейнебаян тамашалау. «Қазақстан елі»


Мұғалім: Адай
Қазақстан мынау - құмдауыт аймақ, құмды аймақ! 
Шаруасы көшкен ойынан малын қырға айдап! 
Ұлдары тентек ер салынбаған асаудай, 
Қыздары көркем, құлпырған жүзі гүл жайнап!

Қазақстан мынау - жыр менен таңы атқан Жер 
Қашаған, Түмен , Сәттіғұлдарың жатқан жер! 
Қос сөздей болып тарихта қалған жаңғырып, 
Есейген орда - Абыл мен Ақтан, Ақтангер!

Қазақстан - кім – кімді де қызықтырып, әкететін, терең тарихты өлке. «Жер шарының геологиялық тарихын білгіңіз келсе, Қазақстанды бір рет көріңіз»,- деген Н. Андрусов.К. Паустовский болса: «Алматыға барған сапарымды жұлдызды өлкеге жасаған саяхат деуге болар еді. Мен еш жерде мұндай жұлдыздар нөсерін, олардың көз шаршатар жарқылын көргенім жоқ. Жұлдыздар Астанаға ұшып келіп жатқандай сезіледі», деп бағалады. Қазір егемен еліміздің ең бай өңірі, экономикалық даму тұрғысынан көшбасшы болып отырған қазыналы Маңғыстау - «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен», шытырман оқиғаға толы өңір. Жерінің асты қазынаға, жерінің үсті аңызға толы өңір. Әулиелі – киелі мекен. Осы өлкенің өркендеп, одан әрі қанат жайып дамуына үлес қосу - бүгінгі біздер сіздердің міндетіміз.


Би. «Туған жер»


Мұғалім: Оқушылар енді туған жер туралы мақал-мәтел білеміз бе?
1. Әркімнің өз жері м-Мысыр шаҺары.
2. Ел іші алтын бесік
3. Жері байдың елі бай
4. Елің – панаң, жерің - анаң
5. Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас
6. Өз елің - алтын бесігің
7. Бақа көлінде патша.

Балық сынада патша.

Жігіт елінде патша.
8. Туған жердің түтіні де тәтті.
9. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне
10. Туған елдей ел болмас
Туған жердей жер болмас.


Қорытынды. 

1оқушы: Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

2оқушы:Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

3оқушы: Ер еңбегі шалқып, тасқан,

Ел еркіндей бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Хор: «Атамекен».


Осымен «Туған жер тарихы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2018
2619
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі